Қайталау сабағы Бейорганикалық қосылыстардың қолдануы (8 класс)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сыныбы: 8 сынып

Күні:

Сабақ тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстардың қолданылуы.

Оқыту мақсаты:

І. бейорганикалық қосылыстардың көптүрлілілігі және қолдану салаларын өмірмен байланыстыра отырып түсіндіру

ІІ. бейорганикалық қосылыстар жайлы алған білімдерін, қосылыстар дың формуласын, реакция теңдеулерін жазу дағдысын, логикалық ойлау қабілеттерін одан әрі қарай дамыту.

ІІІ. Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін, ізденуге, топтық ынтымақтастыққа тәрбиелеу

Құралдар : сызба нұсқалар ,кубизм, ноутбук, тест сұрақтары , дидактикалық материалдар

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңберін құру химиялық элементтер тілінде амандасу ( алтындай ардақты бол, күмістей салмақты бол, қорғасындай қатты бол, оттегідей өмір тегі бол т.б )Формулалар жазылған карточкалар бойынша бөліну Сынып оқушыларын төрт топқа бөлу

І топ Оксидтер

ІІ топ Негіздер

ІІІ топ Қышқылдар

ІV топ Тұздар

Білім мен біліктерін тексеру: топқа анықтама беру , оқушылардың бұрын алған білімін ескере отырып, төменде көрсетілген қысқа мерзімдік жұмысты орындауды ұсынамын:

Төменде формулалары берілген қосылыстардың ішінен әр топ өздеріне сәйкес оксидтерді, негіздерді, қышқылдарды, тұздарды теріп жазыңдар: Fe2O3 ,Na2SO4,LiOH, KCI, SO2 ,H2CO3,HCIO3,Cu(OH)2,MgCI2,Fe(OH)2,P2O5, H3PO4, KMnO4 , CO2 NaOH, CaCO3 ,CuO,HCI AI(OH)3 , HNO3. Оқу және атау

Есеп 1. 5,4 алюминий оттекпен әрекеттескенде түзілген алюминий оксидінің массасын есептеңдер

2.7,65 г барий оксиді сумен әрекеттескенде барий гидроксидінің қандай массасы түзілетінін есепте

3 . 5,6 г калий гидроксидін бейтараптауға қажет күкірт қышқылының массасын есептеңдер.

4. Сұйытылған күкірт қышқылымен әрекеттестіріп 8,05 г мырыш сульфатын алуүшін қажет мырыш оксидінің массасын есептеңдер.

Мақсат қою кезеңі

Жаңа сабақ: Оқушыларға бейорганикалық қосылыстардың қолдануын оқып, түсіну тапсырылады. Әр топ түсіндіреді.(сызба . слайд пайдалану ) тақтада жауаптарын талдаймыз, дәптерге жазып отыру .

Сергіту сәті


Түсіндірілген тақырыпты толық бекіту үшін оқушыларға есептер мен жаттығулар жинағынан тапсырмалар беріледі соңынан сұрақтар қойылады:







  1. Төменде кейбір қосылыстардың тұрмыста, медицинада,ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте жиі қолданылатын жабайы атаулары берілген:ас тұзыNaCI,ас содасы NaHCO3 бор, мрамор, әктас CaCO3, тотияйын CuSO4 5H2O , көмірқышқылгазы СО2, магнезит MgCO3, ізбес суы Са(ОН)2, фосфорит Ca3(PO4)2, SiO2 құм , сақар K2CO3. Осы қосылыстарды халықаралық атаулар жүйесі бойынша атаңдар.

  2. Келтірілген сызба нұсқалардың ішінен жүзеге асатын реакциялардың теңдеулерін жазыңдар және теңестіріңдер :

1. Na2O+ H2O= 2. ZnSO4 + Pb →

  1. P2O5+H2O= 4.BaCI2 + Na2SO4

  1. Fe(OH)3 t 5. CuSO4 + NaOH →

7. NaOH+HCl= 8. AgNO3+ HCI →




Уақыт жеткен жағдайда оқулықтан 131 беттегі 8 жаттығуларды орындау:

а) C CO2 Na2CO3 CO2 CaCO3

ә) Сu → CuO → CuCI2 → Cu(OH)2 → CuO → Cu

б AICI3 → AI(OH)3 → AI2O3 → AI2(SO4)3 → AI(OH)3 → AI(OH)2CI

в S → H2S → SO2 → SO3 H2SO4 → MgSO4


Үйге тапсырма: §44-48 қайталау  129 беттегі 8,9,10 жаттығулар


Оқытудың жоспарланған нәтижесі: бейорганикалық қосылыстардың қолданылуын білу, аттарын атау, реакция теңдеулерін жазуға дағдылану