Күні: 23.11.2015
Пәні: химия
Сыныбы: 8 «А»
Сабақтың тақырыбы: «Су және ерітінділер» тарауын қорытындылау
Мақсаты: 1. Оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін жүйелеп, қорытындылау
2. Оқушылардың химиялық реакция теңдеулерін құрастыру, есептер шығару біліктерін дамыту
3. Оқушыларды топпен жұмыс жасату арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу, өзін-өзі бағалату арқылы әділдікке
үйрету
Күтілетін нәтиже :
1. Оқушылар су және ерітінділер туралы алған білімдерін жүйелейді, тәжірибе жүзінде іске асырады
2. Оқушылардың тез, еркін ойлау дағдысы қалыптасады
3. Топпен жұмыста өзін-өзі бағалай алады
Сабақтың түрі: бекіту сабағы
Сабақтың әдістері: АКТ, СТО әдісінің элементтері, Блум таксономиясы
Ресурстар: интерактивті тақта, презентация, стикер, маркерлер, А3 форматы, өзін-өзі бағалау парағы, карточкалар;
зертханалық тәжірибені орындау үшін: таразы, қант, су, химиялық стақандар мен қасықшалар
Күні: Оқушының аты-жөні: ____________________________
Өзін – өзі бағалау парағы
«Ой қозғау» – әр дұрыс жауап – 1 ұпай
«Сәйкестендіру» - әр дұрыс жауап - 1 ұпай, барлығы дұрыс болса 6 ұпай
«Мағынаны тану» - топпен жұмысқа белсене қатысса 2 ұпай, қорғаса – 4 ұпай
Зертханалық тәжірибеде толық дұрыс орындаса - 2 ұпай, жартылай дұрыс болса – 1 ұпай
«Кім алғыр?» - әр дұрыс жауап 1 ұпай – барлығы дұрыс болса 8 ұпай
Баға шкаласы:
22 - 25 ұпай - «5»
17 -22 ұпай - «4»
6 – 17 ұпай - «3»
0 – 6 ұпай - «2»
Жұмыс түрі мен мазмұны
Табыстылық критерийі
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Білу
2 мин.
Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу, топқа бөлу
ә) Сабақтың мақсатымен таныстыру
Өздерінің іс-әрекетін мақсатқа бағыттай алады
Сынып оқушыларымен сәлемдесіп, жағымды психологиялық ахуал туғызады. Түрлі-түсті қағаздар арқылы топқа бөледі. Бағалау парағын таратып беріп, түсіндіреді
Сәлемдеседі, назарларын сабаққа аударады. Топқа бөлінеді
Бағалау парағы
5 мин.
3 мин.
Үй тапсырмасы:
«Ой қозғау»
[pic]
«Сәйкестендіру»
[pic]
Өткен тақырып бойынша өз білімдерін тексереді
Тапқырлық таныту арқылы өз білімдерін тексере алады;
Қызығушылығы мен өздеріне деген сенімі артады
Интерактивті тақта арқылы тапсырманы орындатады
Өткен тақырып бойынша алты сұрақтан тұратын сәйкестендіру тапсырмасын орындатады
Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді
Әр оқушы жеке ойланып,
жауабын парағына жазады
Оқушылар бағалау парағына әр дұрыс жауап үшін бір ұпайдан қосып отырады
Оқушылар бағалау парағына әр дұрыс жауап үшін бір ұпайдан қосып отырады
Интерактивті тақта,
бағалау парағы
Интерактивті тақта,
бағалау парағы,
тапсырмалар жазылған карточкалар
Түсіну
17 мин.
«Мағынаны тану»
1 топ: «Су – адам өмірінде»
2 топ: «Су - еріткіш»
3 топ: «Судың құрамы және қасиеттері»
Жаңа білімді игереді
Топтарға шығармашылық тақырыптарын бөліп береді
Топпен бірлесіп тапсырманы орындайды. Постер қорғайды
Презентация, интерактивті тақта, А3 форматы, маркерлер
Қолдану талдау
8 мин.
Зертханалық тәжірибе
Массалық үлесі 20%, массасы 100г қант ерітіндісін дайындау үшін қанша су, қанша қант қажет?
Игерген теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде іске асырады
Зертханалық тәжірибенің орындалу барысын түсіндіреді. Оқушыларға түрткі болады. Жауап жазуға көмектеседі. Оқушылардың жасаған тәжірибелерін өздеріне талдатады
Әр топ зертханалық тәжірибеде берілген тапсырманы орындайды. Тәжірибедегі тапсырма бойынша оқушылар жасаған жұмыстарын талдайды
Дұрыс орындалған тәжірибеге бір ұпайдан қосып, бағалау парағына жазады
Химиялық реактивтер, зертханалық құрал-жабдықтар
Жинақтау
4 мин.
Сабақты бекіту:
«Кім алғыр?»
[pic]
Игерген білімдерін қолданады
Оқушыларға сегіз сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын таратып береді
Тест парақшасын толтырып береді, дәптерлеріне жазады.
Оқушылар бағалау парағына әр дұрыс жауап үшін бір ұпайдан қосып отырады
Интерактивті тақта, карточкалар
Бағалау
1 мин.
Үйге тапсырма
«Су және ерітінділер» тақырыбына қосымша материалдар іздеу
Күнделіктеріне жазады
3 мин.
Бағалау
Өзін-өзі бағалау парағы арқылы қорытынды баға шығарылады
Оқушы өз бағасын біледі
Бағалау парақтары бойынша ұпайлары мен өзіне-өзі қойған бағаларын тыңдайды. Бағалайды
Ұпай санын есептейді
Өзіне-өзі баға қояды
Бағалау парағы
Рефлексия
2 мин.
Кері байланыс:
«Екі жұлдыз, бір тілек»
Өзін-өзі бағалай отырып, нені жақсы білгендерін және нені қайта қарау керектігін түсінеді
Стикер таратады. Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы жеткізулерін ұсынады
Оқушылар
өз пікірлерін жазады
[pic]
Стикерлер
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі
Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектебі
Ашық сабақ
[pic]
Тақырыбы: «Су және ерітінділер» тарауын қорытындылау
Пәні: Химия
Сыныбы: 8 «А»сыныбы
Мұғалімі: Рисбаева Г.Б.
Тараз қаласы