Күкірт және оның қосылыстары
Күні: 13.12.2016 ж
Топ: 4
Жоспар мазмұны Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті/ уақыт
Сабақтың тақырыбы
Күкірт және оның қосылыстары
Сабақтың мақсаты
Оқушыларды күкірт оның қосылыстарымен, химиялық қосылыстарымен таныстыру. Атом құрылысына, химиялық құрылысына қасиетінің байланыстылығы. Аллотропия туралы түсінік беру, химиялық қасиеттерінің кристалл торына байланыстылығы туралы алған білімдерін тереңдету
Жоспарды пайдалана отырып, өз бетінше жауап беру біліктілігін қалыптастыру, негізгі ойды бөліп қорытындылап, салыстыра білуге үйрету;
Уақытты бағалауға, өз бетінше жұмыс істеп, қорытындылай білуге дағдыландыру.
Оқушыларды ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, тотық жұмысқа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері
Миға шабуыл, Кластер құру, СТО элементтері, топпен жұмыс, химиялық диктант
Сабақтың көрнекілігі
суреттер, перидтық жүйе, Қазақстанның географиялық картасы, түрлі түсті қағаздар, үлестірмелі қағаздар, бағалау парағы
Сабақ барысы
Қызығушылығын ояту кезеңі
Теориясы:«Білу»
Теориясы: «Түсіну»
Теориясы:«Қолдану »
Теориясы: «Талдау»
Теориясы:«Жинақтау»
Қызығушылығын ояту кезеңі
Оқушыларды түгендеу, сыныпта психологиялық ахуал тудыру, таңдап алған түрлі-түстегі фигуралар арқылы 2-топқа бөлу.1-топ Сульфидтер, 2-топ Сульфаттар.
Теория Топ
Білу
Түсіну
Қолдану
Талдау
Жинақтау
1-топ
2-топ
Оқушылар екі топқа бөлініп отыра қалады.
Теориясы:«Білу»
(Кім? Не? Нені? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?)
Күкірт және оның қосылыстарына байланысты мәлімет ұсынылады
(5 ұпай)
СУРЕТТЕР СӨЙЛЕЙДІ
(суреттердің мағынасын ашу)
2-ұпай (топпен жұмыс)
Оқушылардың логикалық ойлау, жұптасып жұмыс жасау, ізденімпаздық қабілеттері артады.
Теориясы:
«Түсіну»
мағынаны таныту кезеңі
(Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін?)
“Миға шабуыл”
(4 ұпай)
Себебін анықтаңдар.
1-тобына: “Сіріңке неліктен тұтанады?”
Жауабы:Сіріңкенің басын тез тұтанатын жанғыш заттан жасалған. Яғни, сіріңкенің басында күкірт және калий хлоратының қосылысы бар. Сіріңке қорабыны шетінде қызыл фосфор мен шынының қосылысы бар.
2-тобына: “Бүлдіргіш ерекшеліктері”
Жауабы: Тас көмір мен мұнай жанған кезде ауаға күкірт булары көтеріледі. Осы булар қышқыл жаңбырларының құрамында жерге қайта оралады да, ағаштарды, демек, тұтас ормандарды бүлдіреді.
Бұл әдісте оқушылардың өз ойын жеткізу, ғылыми тілде сөйлеу қабілеттері дамиды.
Теориясы:
«Қолдану »
( оқулық, картамен жұмыс жүргізу барысында берілетін бекіту тапсырмалар)
( 10 ұпай)
Екі топқа да ортақ тапсырма:
Қазақстанның географиялық картасын және периодтық жүйені пайдаланып, мәтіннен күкіртке байланысты мағлұматты табыңдар.
1- тапсырма: Кескін картамен жұмыс.
Қала бар “Периодтық жүйе” деген
Тұрады халқы шексіз көп элементтер.
Қаланың бір көрікті көшесі бар,
Аталады бұл көше “Бейметалдар”
Сол көшеде тұрады бір ақсақал,
Оның аты – Күкірт – Ұзын сақал.
“Ұзын сақал” атаудың себебі бар
Ұзақ жолды жүріпті бұл ақсақал,
Сол қалаға көшпес бұрын жүріпті екен,
Аралап талай-талай елді мекен.
Оңтүстік пен шығысты,
Орталық пен Ақтөбені,
Барып келді Ақтауға,
Атырауды соғып кетті біржола.
Бір күні ел-мекенді аралап,
Кез келді бір қалаға не ғажап!
Сол қаланың бір көркем көшесінде,
Ол жайғасты 16 пәтерде.
Танысты ақсақал бәрімен,
Табысты ақсақал бәрімен,
Көміртек, азотпенен, фосформен.
Сүреді күкірт ата өз өмірін
Сол қалада ең жақын достарымен.
Периодтық жүйе
Қазақстанның географиялық картасы
2-тапсырма: “Ой толғау стратегиясы”
Теңдеулерді жалғастырып, теңестіру
І-топ:
1. S + O2 → ?
2. H2 + S → ?
3. H2S + Pb(NO3)2 → ? + ?
ІІ-топ:
1. S + O2 → ?
2. H2 + S → ?
3. H2S + Pb(NO3)2 → ? + ?
Бұл әдісте оқушылардың іздену, ойлау, теңдеулерді теңестіру қабілеттері артады.
10 мин
Теориясы:
«Талдау»
(Қорытынды шығаруға бағытталған: Мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кесте, сызба толтыр, сөзжұмбақ, ребус шеш сияқты т.б. Тапсырма шартында болу керек)
Кластер стратегиясы
(6 ұпай)
1-топ: Күкірт (ІҮ) оксидінің қолданылуы
2-топ: Күкірттің қолданылу
Топтасып жұмыс жасауға ұмтылады.
Теориясы:
«Жинақтау»
Sinkuein
( қорытынды шығар, оқушының негізгі идеяны толықтыруына мүмкіндік береді)
(4 ұпай)
“Күкірт және оның қосылыстары” тақырыбына Sinkuein немесе
Бес жолды өлеңді құрудың ережесі мынадай:
1. Зат есім: Не? (Күкірт)
2. Сын есім: Қандай? (сары)
4 . Етістік: 4 сөзден тұратын сөйлем, яғни ойды түйіндеу, Не істейді? (күйдіреді, бүлдіреді, улайды, емдейді)
5. 1 синоним сөз (бейметалл)
Бұл әдісте оқушылардың логикалық ойлау, ақындық қабілеттері танылады.
Бағалау
Теория Топ
Білу
Түсіну
Қолдану
Талдау
Жинақтау
1-топ
2-топ
Үйге тапсырма
§14. “Күкірт және оның қосылыстары”;
1-топқа: “Күкірт және оның қосылыстарының пайдасы” ЭССЕ жазып келу
2-топқа: “Күкірт және оның қосылыстарының зияны” ЭССЕ жазып келу.