План урока на тему Негіздер 8-сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Пәні : Химия Сыныбы: 8 Мерзімі 2670472016 ж


Тақырыбы: Негіздер, олардың құрамы мен жітелуі.

Сабақ мақсаты: Қайталай отырып бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары және негіздер туралы білімдерін жүйелеу

Күтілетін нәтиже:

  1. Негіздерді жіктей алады

  2. Олардың құрылым формуласын жазады

  3. Алыну жолдарын біледі

Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақта қолданылатын модульдер: АКТ, Бағалау, Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, басқару және көшбасшылық


Кіріспе

Ұйымдастыру


Топқа бөлу

Сыныпта психологиялық ахуал орнатады

Сынып оқушыларын қима қағазға жазылған формулалар арқылы 4 топқа бөледі.

Бағалау парағын таратады

Сабақ мақсаты мен күтілетін нәтижесімен таныстырады

Қолдарындағы қим қағаздағы формула бойынша 4 топқа бөлініп, топ ережесін жасайды.Топ басшысын сайлайды.Өз топтарының аттарын табады.

Сабақтың табыс критерийін жасайды.

Үй тапсырмасын сұрау

Кім көп біледі?

Сұрақтар қойып өткен сабақта өтілген материалды сұрайды.

Сұрақтар:

1. Қышқыл дегеніміз не?

2. Қышқыл қалай жіктеледі?

3. Қышқыл қалдығының валенттігі қалай анықталады?

4. Азот қышқылының формуласы қандай?

5. Күкірт қышқылы қандай қышқылға жатады?

6. Қышқылдарды қалай алады?

7. Қышқыл лакмус индикаторын қандай түске өзгертеді?

8. Қандай металдар қышқыл құрамынан сутекті ығыстыра алмайды?

9.Қышқыл мен негіз әрекеттескенде түзілетін өнімдер қандай?

10. Үшнегізді оттекті қышқылды ата

11. Күкіртті қышқыл формуласы қандай?

12. Қышқылмен жұмыс істегенде қандай қауіпсіздік ережесін сақтау керек?

13. Оксид дегеніміз не?

14. Қышқылдық оксидтер деп қандай оксидтерді айтамыз?

15. Негіздік оксидтер деп қандай оксидтерді айтамыз?


Мұғалімнің қойған сұрағына ойланып жауап береді.Жеке жұмыс жасайды. Сұраққа жауап берген оқушыға 1 ұпай қойылып отырады.

2

Негізгі бөлім

Миға шабуыл


ББҮ кестесі

Негіздік оксидтер сумен әрекеттескенде қандай қосылыстар түзіледі? Сұраққа жауап бере отырып

тақырыпты анықтайды.

ББҮ кестесін толтыртады.

Тақырыпты оқу тапсырылады. Сосын кестенің 3 бөлігін толтыртады



Кестенің алдымен 1 бөлігін толтырады. Тақтаға іледі. Сосын екінші бөлігін толтырып оныда тақтадағы ББҮ кестесіне іледі.

Оқушылар орындарында отырып неіздердің құрамы, жіктелуі, құрылым формуласы, алыну жолдарымен танысады.Сосын кестенің 3 бөлігін толтырып тақтаға іледі.

3

Қорытынды бөлім

1.Топтастыру

2.Жеке жұмыс

2.1Семантикалық карта

2.2 Зертханалық жұмыс

2.3.

Есептер додасы

Топтарға тақап бойынша түсінгендерін Топтастыруды тапсырады.

Оқушыларға жеке жұмыс таратады.

Негіздерді алыну жолдарын зертханалық түрде көрсетеді. Оқушыларға реакция теңдеулерін жазғызады.

Әр топқа 1 есептен береді.

1-топқа.

7,65 г барий оксиді сумен әрекеттескенде түзілген барий гидроксидінің массасын есептеңдер.


2-топқа.

2 г кальций сумен әрекеттескенде түзілген кальций гидроксидінің массасын есептеңдер.

3-топқа.

5,3 г мыс (ІІ) сульфатына натрий гидроксидімен әсер еткенде түзілген мыс (ІІ) гидроксидінің массасын есептеңдер.

4-топқа.

2,3 г натрий сумен әрекеттескенде түзілген натрий гидроксидінің массасын есептеңдер.


Қолдарындағы қағазға топпен бірге негіз туралы білімдерін топтастырады.

Семантикалық картамен жұмыс жасайды. Өз жұмыстарын тексереді.

Зертханалық жұмыстың реакция теңдеулерін жазады.

Есепті топпен шығарып, тақтада орындайды. Басқа топтардың есептерінің орындалуын тексереді.

4

Кері байланыс

Сабақты бағалау, өзін-өзі бағалау. Топтың бағасын шығару

Сабақ саған ұнадыма?

Сабақтың қай бөлімі саған қиын болды?

Тағы не білгің келеді?

Стикерлерді толтырады. Өздерінің бағасын шығарады.

5

Үйге тапсырма беру


46 тақырып, есеп: 1есеп. 28 г литий сумен әрекеттескенде түзілетін литий гидроксидінің массасын және бөлінетін сутектің көлемін есептеңдер.

2есеп. Құрамында 51,9%-темір, 45,3%-оттек, 2,8%-сутек болатын негіздің формуласын есептеңдер.


Үй тапсырмасын жазып алады.