Сабақтың тақырыбы: «Бейорганикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланыстар» тарауын қорытындылау сабағы.
Сабақтың мақсаты:
білімділік: бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары оксидтер, қышқылдар, негіздер, тұздарды классификациялау, олардың формулаларын ажырата алатындығын тексеру.
дамытушылық: бейорганикалық заттардың бірізділігі туралы білімдерін жетілдіру,
тәрбиелілік: логикалық байланысты одан ары қарай жалғастыра алуы, генетикалық тізбек бойынша жылжуы «жай зат – оксид – гидроксид – тұздарға» қорытынды шығара алуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қорытынды сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтық жұмыстар.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтада сабаққа арналған презентация, тест тапсырмалары, сызбанұсқа, бағалау парағы, сөзжұмбақ.
Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушыларды түгендеу.
2. Оқушылардың сабаққа даярлығы.
3. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
І. «Бой сергіту». Сызбанұсқа бойынша күрделі заттарды жіктеу:
Оқушылар күрделі заттардың 4-класына анықтама беріп, олардың жіктелуін сызбанұсқа бойынша түсіндіреді. (1-слайд)
ІІ. «Орнын тап». Берілген реактивтерді шкафтағы өз орындарына орналастырыңдар:
Оқушылар шкафта оксидтер, қышқылдар, негіздер және тұздар деп бөлінген 4-бөлікке, берілген реактивтерді өз орнына орналастырулары керек. (2-слайд)
ІІІ. «Химиялық диктант». Кестенің бос орнын толтырыңдар:
Кестенің әр жерінде оксидтің атауы, формуласы және жіктелуі беріледі. Оқушылар сол кестенің қалдырылған оксидтерінің атауын, формуласын және олардың жіктелуін жазады. (3-слайд)
ІV. «Генетикалық байланыстар». Жеке кластардың өзара байланысы арқылы заттардың бір-біріне айналуы бойынша берілген айналуларды жүзеге асырады.
1-топ Металдар → Металл оксидтері → Негіздер → Тұздар
2- топ Бейметалдар → Бейметалл оксидтері → Қышқылдар → Тұздар (4-слайд)
V. «Сөздік». Көп нүктенің орнын толықтырыңдар.
Берілген сөйлемдегі қалдырылған сөздерді оқушылар өздері толықтырады. (5-слайд)
VI. «Электрондық тәжірибе». Оқушылар тәжірибені қарап, сол бойынша реакция теңдеулерін жазу және түзілген заттардың қай класқа жататынын анықтау.
VII. Химиялық сөзжұмбақ: оқушылар берілген сөзжұмбақтың жауабын тауып жазады.
(6-слайд)
VIII. «Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын қорытындылау» тақырыбына тест тапсырмалары. Оқушылар берілген 10 тест тапсырмаларына жауап береді де, бір-бірін тексеріп бағалайды.
Үйге тапсырма: №8,9,10 есептер шығару, 131 бет.
Қорытынды: өзін-өзі бағалау парағы. Оқушылар өздерін бағалайды. Кездескен қиындықтарды талқылайды.
Бағалау: