Жасыл өндіріске – жасыл химия арқылы ҒЫЛЫМИ ЖОБА

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Мазмұны:

І.Кіріспе

А) Адам- табиғаттың ажырамас бөлігі

Ә) Жасыл энергия

ІІ.Негізгі бөлім

А) Жасыл өндіріске – жасыл химия арқылы

Ә)Күн сәулесінің энергиясының тірі ағзаға әсері

ІІІ.Қорытынды

А)Микробиология, биохимия гендік инженерия ғылымдарының жетістіктері





















45 рррррр

Оооооо

«Жасыл өндіріске – жасыл химия арқылы»

атты ғылыми жобасына пікір



Оқушы пппп-нің «Жасыл өндіріске – жасыл химия арқылы» атты зерттеу жұмысы жасыл өндіріске жол табар жасыл химия тараптарын айқындауға арналған.

Зерттеудің мақсаты: адам факторы мәселесін қозғай отырып, болашақ жаыл химия өндірісіне апаратын жасыл химия көздерімен танысу, болашақ энергиясының пайдалы жақтарын айқындау болып табылады.

Ізденуші тақырып мазмұнын ашуда тыңғылықты жұмыс жасаған. Жасыл химия түсінігің мазмұнын тереңінен аша отырып, қазіргі уақыттағы күн тәртібінің басты мәселесі кедейшілікті жоюдың стратегиялық жолы ретінде «жасыл» экономикаға және тұрақты дамудың институционалдық аспектілерін қарастырған. «Жасыл экономика» - адамдардың әл-ауқатын жоғарылататын, әлеуметтік әділеттікті қамтамасыз ететін және сонымен бірге қоршаған ортаға келетін қауіп пен оның азуын айтарлықтай төмендететін экономика екеніне басты назар аударады. «Жасыл экономика» еліміздің орнықты дамуын қамтамасыз етудің маңызды құралдарының бірі болып табылады. «Жасыл экономикаға» көшу Қазақстанның әлемнің неғұрлым дамыған 30 елінің қатарына кіру жөнінде қойылған мақсатқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Зерттеуші қазіргі әлемдік мәселелерге басты назар аудара отырып, оларға тереңінен талдау жасайды.

Жалпы зерттеу жұмысы талаптарға сай жасалынған, жоғары дәрежеде бағалауға ұсынамын



Ғылыми жетекші

45 орта мектебінің химия

пәнінің мұғалімі: ААААА













Аңдатпа


Жасыл химия  — химиядағы жаңа ғылыми бағыт, оған қоршаған орта мен адамға еш зиян келмейтін химиялық үдерістерді кез келген жетілдіру жолдары болып табылады. Ғылыми бағыт ретінде ХХ ғасырдың 90-жылдары пайда болды. Әлемнің көптеген лабораторияларында жасалып жатқан жаңа химиялық реакциялар мен үдерістердің жаңа схемалары көптонналы химиялық өндірістердің қоршаған ортаға деген зиянын түбегейлі азайтуға бағытталған. Жасыл химия тек қауіпсіз өнеркәсіптік процестерді ендіретін химия ғылымының саласы деп қана айтуға болмайды. «Жасыл химия» – қоршаған ортаның ластануын болдырмау және жоюға бағытталған революциялық философия деп те айтуға болады. Сондықтан да “Жасыл химияны” – тұрақты даму жолындағы химия деп те атайды, себебі жасыл химия бүгінгі түршіліктің сапасын жақсартуды ғана ойламайды, болашақ ұрпақтың да өмірін жақсартуға бағытталған, қазіргі таңда “жасыл химия” химия ғылымының да шегінен шығып, энергетикадан бастап, қоғамның тұрақты дамуына дейінгі салаларға таралып отыр.

Химия университеттік экологиялық білім берудің негізіне жататын жаратылыстану ғылымына жатады. Жасыл химия химиктердің жаңа буынының идеологиясы болуы, жасыл химия саласындағы білім беру тек заманауи ғылыми зерттеулерге негізделуі тиіс. «Жасыл химия» заманауи химияның дамуының негізгі стимулы бола отырып, «жасыл» технологияларды дамытып, жасыл экономиканың қозғаушы күштерінің бірі болмақ.



















Кіріспе


А) Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі


Тіршілік иелерінің бәріне де қорек, ауа, су, жылу, жарық қажет. Бұл тіршілік қажеттерін олар табиғаттан алады. Осының өзі де адам, өсімдік пенжануар сияқты тірі табиғаттың перзенті екеніне дәлел бола алады.

Табиғатқа тау, тас, ауа, жан-жануар, шатырлаған найзағай, жауын-шашын, ақ ұлпа қар сияқты құбылыстарды жатқызуға болады.Осы құбылыстырды төрт мезгіл арқылы баяндай аламыз.

Астанамның көгінде

Алаулаған күн қандай!

Бұлбұлдары сайраған

Бұйраланған бақ қандай!

Теректері жайнаған

Жасыл бантик таққандай

Самал желмен таранған

Қызғалдақты қыр қандай!

Жер бетіне сан алуан

Жалау өсіп тұрғандай.

Көктем –шуақты мезгіл. Көктем келіп, жер беті жаңарып, әдемі түрге енеді. Құстар сайрап, барлық жан –жануар, тіршілік оянады. Көк шөп шығып, бәйшешек, ағаштар гүлдеп, мал төлдейді. Жылғалардан су ағып, сең жүреді. Күн күркіреп, найзағай ойнап, жауын жауады.

Маусым айы- жаздың басы. Сенің туған жерге саяхат-жорығың да осы айда басталады. Кешқұрым дала түрлі қимылдарға толады. Мал қораға келеді.

Түні қандай тұнық десеңші! Ай сүттей жарық. Шартабақтай жарқырап, түнімен жер бетіне күміс сәулесін төгеді де тұрады.

Арайлы таңды айтсаңшы, шіркін! Сен елең – алаңнан оянып, жаз таңын қарсы алып көрдің бе? Күн шығыс жақ балқыған нұрға бөленеді. Таңмен бірге оянған бұлбұл әні көңілді әлдилейді. Гүлдер де бой түзеп, таңғы ауаны құшырлана сіміреді.

Құстардың шырылдаған әсем үндері естіледі.

Алқаптарда қалықтаған үйме-үйме шөмелер жапырлайды. Тау-тау маялар бой көтереді.

Аспанда қалықтаған бұлт аз. Күнтас төбеге көтеріледі де,жер беті жетіле түссін дегендей, мол нұрын төгеді. Күн айналып жерге түскендей ыстық болады. Жеміс-жидек, алма, өрік сары ,қызыл бояулармен бояна бастайды.

Бау-бақшаға кірсең, орман араласаң, самсаған жидекке қарық боласың. Осындай шілденің дастарханына тамыз өз шашуын дархан дастарханына тамыз өз шашуын шашады.

Тамылжыған жас иісті,

Жазғы жасыл көк дала

Жайылған жібек кілемдей,

Қызылды-жасылды, көк ала.

Жазда күн ұзақ, түн қысқа. Күннің ыстығы сонша күшті, құм да, тас та қызып кетеді.

Күз-барлықтың, байлықтың айы. Қиырына көз жеткісіз алтын толқынды теңіздерде мыңдаған « дала кемелері» жүзіп жүр. Қырманын астыққа толтырған диқанның қуанышы қойнына сыймайды.

Бұл мезгілде құс атаулының көші басталады. Ұзақ сапарға шығатын достарына жол жоралғысын жасап, суық торғай мазасыз күйд. Оларды шығарып салып, шыр-пыр болып жүр.


Ә) Жасыл энергия

Ғылым-техниканың дамуына байланысты энергияға деген қажетілік артып, жаңартылмайтын энергия көздерінің көп мөлшерде қолдануынан экологиялық ортаның ластануы туындады. Осыған байланысты қазіргі таңда әлемде жаңартылатын энергия көздерін қолдану басты тақырыпқа айналды.Жасыл энергия көздерін қолдану,жаңа заманауи құрылғыларды пайдалана біліуказіргы таңда еліміз үшін кезек күттірмейтін маселелердің бірі. Осы салада еңбектену,тиімді энергияны пайдалану, теория мен істі бірлестру, ғылым үшін үлес қосу біздің колледжіміздің шеберханаларында басты ұстаным болмақ.

Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінің шеберханаларында толықтай барлық жағдай жасалынып жатыр. «Электр станцияларының және электр желілерінің электр жабдықтары» және «көліктегі радиоэлектронды жабдықтарды техникалық пайдалану» мамандықтары бойынша  тәжірибелік сабақтарды жүргізуге арналғанарнайы шеберханалар жұмыс жасауда. Атап айтатын болсақ 2013 жылдан бастап шеберханамыз қазіргі заман талабына сай жаңа технологиялармен жабдықталды.

Күн сәулесінен электр энергиясын алатын күн панельдерін шығару шеберханасы іске қосылды. Бұл шеберханада білім алушылардың көмегімен күн панельдерін дайындап шығарамыз. Білім алушылар  алған теориялық білімдерін аталған шеберханада тәжірибелі түрде негіздеп, іс жүзінде тексеріп, оларды орнатып нәтижесін алады. Қазіргі уақытта ішкі жарықтандыру жұмыстары үшін күн панельдері қолданылып жатыр. Алдағы уақытта колледжімізге қажетті энергияны толықтай күн энергиясынан аламыз деген ойдамыз. Осындай табиғи, сарқылмайтын энергия көзін пайдалану - қазіргі заман талабы.

Білім алушыларымыз үшін электромонтаждық тәжірибе сабағы кезінде пәтерлердің жарықтандыру көзін монтаждау, электр санауыштарды орнату, асинхронды қозғалтқыштар мен синхронды генераторларды қосу, қашықтықтан басқару, бақылау жұмыстарын жасауға мүмкіндіктер қарастырылған. Ал, электр өлшеу тәжірибесінде оқушылар өлшеуіш құралдармен жұмыс жасауды және оларды қосу сұлбаларын жинауды үйренеді.

Біздің оқу орнымызда электр жарығын үнемдеуге арналған диодты шамдар шығаратын шеберхана бүгінгі күні жұмыс жасауда. Бұл шеберханада оқушылар қарапайым шамдарға қарағанда артықшылығы коп, төменгі куатты диодты жарық шамдарын жасап шығарады. Бұл шамдар күнделікті қолданылып жүрген шамдармен салыстырғанда жарықты 2-3 есе артық береді, қоректену тогы адам өміріне қауіпті емес және кернеу деңгейі төмендеген жағдайда да қалыпты жұмысын жалғастырады.

2014 жылдан бастап арнайы дәнекерлеу алаңы іске қосылды. Дәнекерлеу тәжірибесінде білім алушылар дәнекерлеудің төрт түрін үйреніп шығады. Заманауи жабдықтармен жабдықталған дәнекерлеу алаңы 7 бөлімге бөлінген, яғни оқушыларға жеке-жеке жұмыс істеу мүмкіншілігі қарастырылған. Жұмыс барысының әр бөлімі бейне бақылаумен бақыланып, қашықтықтан басқаруға, қадағалауға мүмкіндіктер жасалған.

Теория мен тәжірибе – егіз ұғым. Әрбір білімгер жастар өздерінің теориялық білімін тәжірибемен ұштастырабілсе ғана, өз мамандығын жетік меңгерген, еліне қажетті білікті маман иесі болары сөзсіз. Еліміздің еңсесін көтеріп, туын көкте желбірету үшін Елбасымыз айтқандай бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заманда сапалы білімді тұлғаның биік тұратыны ақиқат. Біздің мақсатымыз тәрбиелі, білікті, білімді еліміздің болашағы үшін аянбай үлес қосатын жас мамандар дайындау. 

Зерттеудің мақсаты: адам факторы мәселесін қозғай отырып, болашақ жаыл химия өндірісіне апаратын жасыл химия көздерімен танысу, болашақ энергиясының пайдалы жақтарын айқындау.



















Негізгі бөлім


А) Жасыл өндіріске – жасыл химия арқылы


Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған тұрақты дамуға көшу тұжырымдамасында ел өмірінің барлық салаларында тұрақтылыққа қол жеткізу қағидаттарының көрінісін, мақсаттарын, міндеттері мен негізгі тетіктерін айқындап берді. Ол дамудың экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және саяси факторлары ықпалдасуы және Қазақстан халқының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған біртұтас процесс болуы тиіс деп көрсетті [2].

Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, химиялық өнеркәсіп ғылыми-техникалық прогрестің деңгейін анықтайды, сондықтан да мемлекеттің химияландырылуы сол ел экономикасы дамуының көрсеткіші болып табылады. АҚШ пен Жапонияның өнеркәсіптік өндірістегі химия саласының үлесі 6,5%, Қытайда – 7,7%, ЕҚ елдерінде – 4,6% құрайды.

Қазақстан өнеркәсібінің химиялық саласы Қазақстан Республикасы экономикасының базалық саласы болып табылады және оның жалпы өнеркәсіп құрылымындағы үлесі 7,6% құрайды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты даму бойынша конференциясында (Рио+20, 2012) күн тәртібінің басты мәселесі кедейшілікті жоюдың стратегиялық жолы ретінде «жасыл» экономикаға және тұрақты дамудың институционалдық аспектілеріне арналды. «Жасыл экономика» - адамдардың әл-ауқатын жоғарылататын, әлеуметтік әділеттікті қамтамасыз ететін және сонымен бірге қоршаған ортаға келетін қауіп пен оның азуын айтарлықтай төмендететін экономика болып табылады. «Жасыл экономика» еліміздің орнықты дамуын қамтамасыз етудің маңызды құралдарының бірі болып табылады. «Жасыл экономикаға» көшу Қазақстанның әлемнің неғұрлым дамыған 30 елінің қатарына кіру жөнінде қойылған мақсатқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді [3].

Бүгінгі таңда химиялық көзқарас бойынша әлемдік проблемаларға жатады:

  • атмосфера (ластануы, фотохимиялық түтін, қышқылдық жауындар, озон қабатының деградациясы, әлемдік климаттың өзгеруі);

  • гидросфера (ластануы, тұщы судың жетіспеуі);

  • топырақ (ластануы, құнарлығының төмендеуі);

  • энергетика (энергетикалық тоқырау, қазба отындар, энергияның қайта қалпына келетін көздері);

  • табиғи ресурстар мен қоршаған орта химиясы;

  • тұрғын халық (халық санын бақылау, аштық, денсаулық проблемасы және медициналық химия);

  • білім беру және бұқаралық коммуникация құралдары (балалар мен жастар, жұртшылық, шешім қабылдайтын тұлғалар мен саясат) [4]. Бұл проблемаларды шешу тұрақты даму тұжырымдамасының міндеттері болып табылады.

Тұрақты даму бүгінгі заманауи ғылым мен технологияға ерекше жүк артады. Соның ішінде химияға ерекше мән береді, себебі химия тіршіліктің молекулалық негіздері мен табиғи қоршаған ортаның тұрақтылық факторларын зерттеуден бастап, тұрақты болашақты қамтамасыз етуге қабілетті жаңа өнімдер мен энергия көздерін жасауға дейінгі кең міндеттерді шешуге мүмкіндігі бар.


Әлемдік экологиялық проблемалардың негізгі бағыттары



Әлемдік экологиялық проблемалар

Пайда болу себептері

Шешу жолдары

Халық санынын артуы

Табиғат ресурстарын барынша пайдалану

Демографиялық тұрғыда реттелу, қолайлы мекендерге қоныс аудару

Климаттың өзгерлуі (озон қабатынын тесілуі, қышқыл жауындар. т.б.)

Атмосферадағы газдардын тепе-теңдігінің бұзылуы

Қалдықсыз немесе аз қалдыкты жаңа технологияны енгізу. Экологиялык мониторинг

Су ресурстарынын тапшылығы

Суды барынша пайдалану және ластау

Суды пайдалану технологиясын жақсарту жөне жауапкершілікті арттыру. Экологиялық мониторинг

Жарамсыз жерлердін көбеюі

Ландшафтылардын жа- рамсыздануы жөне кли- маттың өзгеруі

Жерді тиімді пайдаланудын жаңа экотехнологиясы. Экологиялық

мониторинг

Жер ресурстарының тозуы

Топырақ эрозиялары, ластану мен кұнарсыз- дану

Жерді пайдалануды кайта түлету. Экотехнология. Экологиялык сараптама

Биокөптүрліліктін азаюы

Адамнын іс-өрекеттері. Табиги биоценоздьш жойылуы. Түрлердін азаюы

Табиғи ландшафтыларды қайта түлету. Экожоспарлау, Жерсіндіру. Экологиялық мони-торинг

Өндірістік жөне тұрмыстық кал- дыктардын кордалануы

Өндірістік калдықтармен ластану

Кайта өңдеу немесе калдыксыз технологияга көшу. Экотехнология. Экологиялык мониторинг. Экологиялык сараптама

Табиги ландшафтылардың ластануы және тозуы

Улы заттардың шыгарылуы. орта сапасынын нашарлауы. Түрлі қауіпті аурулардың көбеюі.

Табиғи ландшафтыларды кайта түлету. Экожоспарлар. Экологиялык мониторинг. Экологиялык сараптама.



2011 жылды Халықаралық химия жылы деп жариялау туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының қарарында ұзақ мерзімді тұрақты даму бағдарламасын жүзеге асыруда химия ерекше рөл атқарады деп көрсеткен: «Химиялық үдерістерді тану заманауи медицинаның негізіне жатса, химиялық білімдер ғаламдық климаттың өзгеру проблемасын шешуде, адамзатты тұрақты таза су, тағам, энергия көздерімен қамтамасыз етуде, адамзаттың әл-ауқатының негізі - биосфераны сақтау үшін қажет». Сондықтан да, қоғамның «планетарлық тұрақтылықтың шекараларын» анықтаудағы химиялық процестердің іргелі мәнін түсінуі аса маңызды. Әлемдік өркениеттің даму бағытын өзгерту үшін оның химиялық негіздерін өзгерту қажет. Бұл проблеманың химиялық жақтарын өзгертуге жауапкершілікті ең беделді химиктердің бүкіләлемдік ұйымы - Халықаралық таза және қолданбалы химия одағы (ИЮПАК) алды. Әлемдік химия зиялыларының бірқатар талқылауларының нәтижесінде жалпы әдіснамалық тұжырымдама жасалды. Адамзат қауымдастығы дамуының жағдайларын қолайсыз жағдайлардан қолайлы жағдайларға өзгертуге жағдай жасайтын химияның бағыты «Жасыл химия» деп атала бастады. Химияның мұндай бүкіләлемдік даму негізіне «барлық бағыттағы химиктердің өз жұмыстарында экологиялық тиімділік, жаңа әдістермен заттар алу мен жаңа химиялық технологиялардың энергетикалық және химиялық тиімділіктері мәселелерін ескеруге мүмкіндік беретін» принциптер алынды [5].


[pic]


Жасыл химия (Green Chemistry) — химиядағы жаңа ғылыми бағыт, оған қоршаған орта мен адамға еш зиян келмейтін химиялық үдерістерді кез келген жетілдіру жолдары болып табылады. Ғылыми бағыт ретінде ХХ ғасырдың 90-жылдары пайда болды. Әлемнің көптеген лабораторияларында жасалып жатқан жаңа химиялық реакциялар мен үдерістердің жаңа схемалары көптонналы химиялық өндірістердің қоршаған ортаға деген зиянын түбегейлі азайтуға бағытталған. Жасыл химия тек қауіпсіз өнеркәсіптік процестерді ендіретін химия ғылымының саласы деп қана айтуға болмайды. «Жасыл химия» – қоршаған ортаның ластануын болдырмау және жоюға бағытталған революциялық философия деп те айтуға болады. Сондықтан да “Жасыл химияны” – тұрақты даму жолындағы химия деп те атайды, себебі жасыл химия бүгінгі түршіліктің сапасын жақсартуды ғана ойламайды, болашақ ұрпақтың да өмірін жақсартуға бағытталған, қазіргі таңда “жасыл химия” химия ғылымының да шегінен шығып, энергетикадан бастап, қоғамның тұрақты дамуына дейінгі салаларға таралып отыр. «Жасыл химия» бүгінгі күні 3 негізгі бағыт бойынша дамуда:

  1. Жаңа таза “жасыл синтездеу” әдістерін жасау (әсіресе каталитикалық реакциялар);

  2. Дәстүрлі органикалық еріткіштерді жаңа таза “жасыл еріткіштерге” ауыстыру;

  3. Қайта қалпына келетін табиғи ресурстардан химиялық өнімдер алу [6].

Нақты әлемде абсолютті қауіпсіз технология, абсолютті зиянсыз өнімдер т.б. болмайды. Тек «қоғам үшін тиімді қауіптілік деңгейіне жету» және сол деңгейді ұстап тұруымыз мүмкін [7]. Сондықтан да қоршаған ортаға түсетін техногендік жүктемені барынша азайтатын жаңа технологияларды іздеу проблемасы бүгінгі таңда өзекті проблеманың бірі. Мұндай технологияларды таңдаудың негізгі критерийлеріне тек экономикалық тиімділігі ғана емес, экологиялық тиімділігі де ескеріледі. Экологиялық тиімді үдерістерді жасау кезінде дәстүрлі үдерістердегі ұстанатын басты тұжырым химиялық шығымды ғана ескеруден бас тартып, экономикалық тиімділікті бағалайтын - зиянды ағын сулар болмайтын, улы немесе зиянды заттарды пайдаланудан бас тартатын тұжырымдаманы ескеруге көшуді талап етеді [8,9].

Ең ірі инновацияны Р.Шелдон ұсынды: Е-фактор = қалдық массасы /мақсатты өнім массасы, бұл химиялық үдерістің экологиялық тиімділігін бағалау өлшемі, үдерістердегі мақсатты өнімнің шығымын бағалағаннан ғөрі, үдерістердің экологиялық әсерін бағалаған дұрыс. Үдерістің «жасыл» қасиетін атомдық тиімділік (АТ) түсінігімен де бағалайды.

АТ = ММмақсатты өнім/ ΣММқалған өнімдер , мұндағы ММ –молярлық масса.

Бұл екі көрсеткіштердің арасында айырмашылық көп, Е-фактор өнімнің бір килограмына келетін қалдық мөлшері (еріткіштер, пайдаланылған катализаторлар, керексіз жанама өнімдерді қосқанда), бұл АТ анықтау кезінде пайдаланатын стехиометриялық теңдеуге қосылмаған. Бұл өте маңызды, себебі өнеркәсіптік үдерісте түзілетін жалпы қалдықтардан ғөрі, қосымша түзілетін қалдықтар көп болады (1-кесте).


1-кесте. Түрлі химиялық үдерістер типі үшін Е-фактор шамасы


Е-фактор

Химиялық өнім

0,1

Мұнай-химиялық өнімдер

1-5

Негізгі органикалық және бейорганикалық синтез

5-50

Таңдамалы органикалық синтез (парфюмерия т.б.)

25-100 жоғары

Дәрі-дәрмектер


Ұлыбританияда атомдық тиімділік пен Е-фактор мемлекеттік деңгейде мойындалып, жаңа өнеркәсіптік үдерістерді бағалау үшін пайдаланылады.

Егер Е-фактор өлшемі көп болған сайын, реакция немесе үдерістің «жасылдығы» азаяды.

Жаңа синтездеу жолдарына ең көп тараған, реакцияның энергетикалық тосқауылын кемітетін катализаторларды пайдалану жатады. Көптеген жаңа каталитикалық үдерістердің атомдық тиімділігі жоғары. Мысалы, Монсанто фирмасы жасаған, сірке қышқылын метанолдан, СО-мен родий катализаторында синтездеу үдерісі 100% шығыммен жүреді. Молекулаларды активтеу үшін локалды энергия көздерін (фотохимия, микротолқынды сәулелендіру) пайдалану энергия шығындарын азайтатын басқа да бағыт бар.

Дәстүрлі органикалық еріткіштерді ауыстыру бағытында аса критикалық сұйықтықтарды, негізінен, көмір қышқылы газын, суды көбірек пайдалану, аммиак, этан мен пропанды аз дәрежеде пайдалану.

Қайта қалпына келетін ресурстардан химиялық өнім алу бағытында мұнайдың орнына биомассаны кең пайдалану арқылы алуан түрлі заттар-биоотын, химикаттар, дәрілер, парфюмерия, құрастырымдық материалдар және т.б. алу.

1998 жылы П. Т. Анастас и Дж. С. Уорнер “Жасыл химия: теориясы мен практикасы” кітабында “Жасыл химияның” 12 принципін көрсеткен болатын [10]:

1. Қалдықтарды қайта өңдеп және тазалағанша, шығындарды болдырмау қажет;

2. Синтездеу әдісін таңдағанда, процесте қолданылған барлық материалдар соңғы өнімге максималды айналатындай әдісті таңдау қажет;

3. Синтездеу әдісін мүмкіндігінше, пайдаланылған және синтезделген заттардың барлығы да адам мен қоршаған ортаға зиянсыз болатындай таңдау қажет;

4. Жаңа химиялық өнімдерді жасау кезінде, бұрынғы жұмыс тиімділігін сақтай отырып, улылық мөлшерін азайту қажет;

5. Өндірістегі жанама заттар, еріткіштер немесе бөлгіш агенттерді типті қолданбау, егер мүмкін емес болса, онда олар зиянсыз болуы тиіс;

6. Міндетті түрде энергетикалық шығындарды және олардың қоршаған ортаға әсерін, өнімнің құнын ескеру қажет. Синтезді мүмкіндігінше қоршаған орта температурасына жақын температурада және атмосфералық қысымда жүргізген дұрыс;

7. Бастапқы және жұмсалған материалдар барлық жағдайда қайта қалпына келетіндей болуы тиіс, онда техникалық және экономикалық жағынан тиімді болмақ;

8. Мүмкіндігінше аралық өнімдер алынбайтындай болуы тиіс;

9. Әрқашанда каталитикалық процестерді жүргізген дұрыс (мүмкіндігінше селективті);

10. Химиялық өнім оны қолданғаннан кейін қоршаған ортада қалмай, қауіпсіз өнімдерге дейін ыдырайтындай болуы қажет;

11. Аналитикалық әдістемені дамыту қажет, себебі нақты уақытта түзілген қауіпті өнімдерді қадағалап отыру үшін қажет;

12. Химиялық процестерде қолданылған заттар мен заттар формаларын таңдаған кезде, химиялық қауіптіліктің, қопарылыс, өрт қауіптілігі минималды болатындай таңдау қажет.

Халықаралық Жасыл ассоциация құрылған, ұлттық және халықаралық конференциялар өткізілуде, журналдар мен кітаптар шығарылуда. Жасыл химия үнемшіл өндірістің принциптеріне жауап беретін болғандықтан, оны «Үнемшіл химия» (Lean chemistry) деп те атайды [11, 12].

Біріккен Ұлттар Ұйымы 2005-2014 жылдарды «Тұрақты даму үшін білім беру онжылдығы» деп жариялаған болатын. Венецияда өткен «Үлкен сегіздік» дамыған елдерінің білім және ғылым министрлерінің мәжілісінде «Жер өркениетінің тұрақты дамуы» тұжырымдамасын қабылдау мен қолдану бойынша барлық бағыттағы мамандардың белсенді позициясын қалыптастыру мен дамытуға бағытталған бастама бағдарламасын қарастырды. Осы бастаманы жүзеге асыру үшін арнайы білім беру орталықтары ашылған. «Жасыл химия» курсы алғаш Ноттингем университетінде (Ұлыбритания) химик және химик-технолог студенттерге оқылған. Бүгінгі таңда “Жасыл химия” әлемнің көптеген университеттерінде, орта білім беретін мектептерде, орта кәсіптік білім беру колледждерінде оқытылады. Еуропа мен АҚШ-да «жасыл химияға» оқыту 6 жастан бастайды екен, ал Интернетте мектеп оқушыларына арналған арнайы оқыту сайттары бар.

Химия университеттік экологиялық білім берудің негізіне жататын жаратылыстану ғылымына жатады. Сондықтан да, ЖОО студенттері “Жасыл химия” тұжырымдамасын меңгеруі қажет, себебі ол біздің болашағымыз. Жасыл химия химиктердің жаңа буынының идеологиясы болуы, жасыл химия саласындағы білім беру тек заманауи ғылыми зерттеулерге негізделуі тиіс. «Жасыл химия» заманауи химияның дамуының негізгі стимулы бола отырып, «жасыл» технологияларды дамытып, жасыл экономиканың қозғаушы күштерінің бірі болмақ.


Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты арқылы ала аласыз!