Сынып 10.
Мерзімі:07.04.2016ж.
Сабақ№54. Сабақтың тақырыбы: Алюминий және оның қосылыстары.Алюминий,оның оксиді мен гидроксидінің амфотерлілігі.
Сабақтың мақсаттары:
1. білімділік: Алюминий қосылыстарына және , химиялық элементтердің реакция барысындағы қатынастары жайында түсіндіру;
2. дамытушылық: Оқушылардың белгілі элементтердің периодтық заңы мен периодтық жүйесі туралы мағлұматтарын тереңдету, өз беттерімен жұмыс жасауға баулу;
3. тәрбиелік: Оқушылардың Д.И.Менделеевтен бұрынғы элементтердің периодтық заңы мен периодтық жүйесінің аталуына негіз болған ғалымдардың жұмыстарымен элементтердің атом электрондық күйімен таныстыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру
Сабақтың жабдықталуы: Д.И. Менделеевтің периодтық кестесі.
Пәнаралық байланыс: физика
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, сыныпты ұйымдастыру; оқушыларды түгендеу;
Сыныптың, оқушылардың дайындығын байқау; психологиялық дайындық жасау.
IІ.Мақсат қою кезеңі. Алюминий және оның қосылыстарына жалпы түсінік беру. Алюминийдің қосылыстарын жетік меңгеруге,ой-өрістерін дамыту. Алюминийдің биологиялық мәнін білуге,біліктілікке тәрбиелеу. ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Алюминий – ІІІ периодтың ІІІ тобының элементі. Жай зат ретінде алюминий металл болғанмен, химиялық элемент ретінде екідайлы қасиет көрсетеді, өйткені екідайлы оксид пен гидроксид түзеді.
Атом құрылысы.
Алюминий атомының сыртқы қабатында +3 электрон бар:
+13Аl )2е- )8е-)3е-
Электрондық формуласы:
1s2 2s2 2p6 3s2 3p1
Ол қосылыстарда тқрақты ұш валенттілік және +3 тотығу дәрежесін көрсетеді.
Табиғатта кездесуі. Аl табиғатта таралуы бойынша химиялық элементтер арасында оттек пен кремнийден кейінгі үшінші орында тұр ( масса бойынша 8,8 %). Табиғаттағы металдардың ол таралуы бойынща 1-ші орын алады.
Белсенді металл болғандықтан, Аl тек қосылыстар түрінде кездеседі. Жер қыртысының негізгі массасын алюмосиликаттар құрайды. Олардың құрамына: Al, O2, Si, сілтілік және сілтілік жер металдар кіреді.
Физикалық қасиеттері. Аl – күміс түстес ақ металл. Тығыздығы – 2,7 г/см3, өте иілімді және жұмсақ. Электр және жылуөткізгіштігі өте жоғары. Тқайн.= 6500С. Басқа металдармен құймаларды оңай түзеді.
Химиялық қасиеттері.
Металдың беті ауадағы оттегімен жанасқанда, лезде тотығып, оксидті қабықшамен қапталады: 4Аl0 + 3О02 = 2Al+32O-23 (Тбалқу. = 20500С)
Оксидтерінің арқасында Аl жемірілуге тұрақты болып келеді.
Сұйық Аl оксид қабыршақтың ішінде тұрады. Егер оксид қабыршақ бұзылса, Аl оттекпен де, сутекпен де әрекеттеседі: 2Аl0 + 6Н+12О-2 = 2 Аl+3(ОН)3 + 3Н02↑
Белсенді бейметалдармен Аl қ.ж. жағдайда қыздырғанда қуатты реакцияласады:
2Аl0 + 3S0 = Al+32S-23
2Аl0 + 3Cl2 = 2Al+3Cl-13
Аlқышқылдардағы оттекті тотықсыздандырыды:
2Аl0 + 3H+2SO-24 = Аl+32(SО4)-23 + 3Н02↑
Аlсілтілік металдармен әрекеттеседі:
2Al0 + 6NaOH = 2Na3Al+3O3 + 3Н02↑
натрий алюминаты
Аl – 3е-= Аl+3 3 2
2Н++ 2е-= Н02 2 3
Аl белсенді тотықсыздандырғыш ретінде өзінен белсенділігі төмендеу металды оның оксидінен тотықсыздандырып бөліп шығарады:
2Al0 + Fe+32O-23 = Al+32O-23 + 2Fe0 + 3241 кДж
Өнеркәсіптн қолданылатын металдарды алудың мұндай әдісі алюмотермия деп аталады.
Өнеркәсіпте алынуы.
Аl –ді оксидінің балқымасынан электр тогымен ажыратып алады:
2Al+32O-23 = 4Al0 + 6O02 - 3352 кДж
Қолданылуы. Таза күйінде электротехникада пайдаланылады. Тамақ өнеркәсібінде жұқа орағыштар ретінде көп пайдаланады. Құймаларын автомобиль, кеме және ұшақ өндірісінде, тұрғын үйлер құрылысында қолданады.
ІV. Түсініктерін тексеру: Кестемен жұмыс.
V. Бекіту кезеңі:
Алюминий гидроксидін сипаттаңдар?
Алюминий қайда қолданылады?
Алюминийдің қандай қосылыстары бар?
Алюминийдің қандай құймалары бар?
Химиялық реакция теңдеуін жазыңдар:
AI→AI2O3→AICI3→AI2(SO4)3→AI(OH)3
VІ.Үйге тапсырма: -оқу,сұрақтарға жауап беру.Бағалау.