«Мортық орта мектебі» КММ
Ашық сабақ
Тақырыбы: Физикалық және химиялық құбылыстар
Еслямова У.Б
Химия пәні мұғалімі
2015-2016 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Физикалық және химиялық құбылыстар.
Мақсаты:
Жасалатын тәжірибелер негізінде физикалық және химиялық құбылыстар туралы ұғымды қалыптастыру.
Көрсетілім тәжірибелері және күнделікті өмірдегі бақылаулар негізінде химиялық реакцияның жүру белгілерін анықтау.
Күнделікті тұрмыста және өмірде физикалық және химиялық құбылыстарды ажырата білуге үйрету.
Сабақ типі: интербелсенді тақтамен жұмыс, топпен, жұппен, жекелеме жұмыстар,тәжірибелер, тест жұмыстары.
Құрал жабдықтар: интербелсенді тақта, маркерлер, суреттер, цинк, тұз қышқылы, ағаш ұнтағы, барий хлориді, натрий сульфаты, крахмал, йод,кәрлен ыдыс, сынауықтар.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпты 2 топқа бөлеміз.
І. Ой қозғау. Алдымен мұғалім табиғатта болып жатқан құбылыстармен таныстыра отырып, сыныпқа мынадай тапсырма береді: Күннің күркіреуі, жапырақтың сарғаюы, судың булануы, адамның өсуі, найзағайдың жарқырауы, мұздың еруі, сүттің ашуы, ағаштың жануы, темірдің балқуы, шамның жануы, қардың еруі, мұнайдан бензиннің алынуы. Осы берілген жағдайларды қандай құбылыстарға жіктеуге болады.
Оқушылардың пікірлері тыңдалады.
ІІ. Мағынаны тану.Сонымен бүгінгі біздің өтетін сабағымыздың тақырыбы:
« Физикалық және химиялық құбылыстар»
1.Жалпы құбылыстардың не екенін ұқсақ әрбір топқа мынадай тапсырма:
Жетелеуші сұрақтар беріледі:
Осы тапсырмалар бойынша әр топ қорғау жұмыстарын жасайды
2.Суреттермен және жағдаяттармен жұмыс.
[pic] [pic]
[pic]
[pic] [pic] [pic]
Әр топ өздеріңізге берілген суреттердегі құбылыстарды сипаттаңыздар.
ІІІ. Мағынаны ажырату.
Әрбір оқушыға жеклеме тапсырма беру арқылы сабақты бекітеміз.
Физикалық және химиялық құбылыстарға мысал келтір.
Физикалық :
Химиялық :
Физикалық және химиялық құбылыстардың белгілерін ата .
Физикалық
Химиялық
Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Бүгінгі сабақты қаншалықты (пайызбен) меңгердіңдер: 25%, 50%,75%,100%.
Сабақ соңындағы көңіл күйлерің қандай?
Тақтаға жазылған стикерлеріңді жапсырып қалдыруларыңды сұраймын.
ІV.Оқушыларды бағалау.
V. Үйге тапсырма: § 5; 2-4 жаттығулар