Күнтізбелік сабақтың жоспары
Мерзімі:
Пәні: химия
Сынып 10 Б
Сабақ 14
Сабақтың тақырыбы
химиялық реакциялардың жіктелуі:процестің бағыты, атомдардың тотығу дəрежесінің өзгеруі, жылу эффектісі, реагенттер мен реакция өнімінің саны жəне құрамы бойынша.
Сабақтың мақсаты
Білімділік: 1.Оқушылар төменгі сыныпта алған білімдерін еске түсіріп, реакциялардың типтерін айта алу.
2. Химиялық реакциялардың жүруі әртүрлі жағдайларға тәуелді екендігін түсіне алу.
3. Тотығу-тотықсыздану реакция теңдеулерін электрондық баланс әдісі бойынша теңестіре алу.
Дамытушылық: Оқушылардың кітаппен жұмыс істеуі және есептер шығару арқылы ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың топпен жұмыс орындауын ұйымдатыру және бір бірінің ойларын тыңдауға, пікірлесуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Оқытудың негізгі идеялары
Экзо-, эндо- термия;қайтымды, қайтымсыз реакциялар;Тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш;Қосылу, айырылу, орынбасу, алмасу.
Оқыту нәтижелері
Химиялық реакциялардың процестің бағыты, атомдардың тотығу дəрежесінің өзгеруі, жылу эффектісі, реагенттер мен реакция өнімінің саны жəне құрамы бойынша жіктелуін біледі.
Есептерде қолдана алады
Пайдаланатын әдебиеттер
Химия: Жалпы білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық. Өңделген, толықтырған 2-бас. / Н. Нұрахметов, К. Сарманова, К. Жексембина, т.б. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2015
Материалдар мен жабдықтар
Интерактивті такта,электронды кітап,менделеев кестесі,видео тәжірибелер,презентация
Сабақтың барысы
Сабақты өкізу кезеңдері
Уақыт
45 минут
Үйымдастыру кезеңі
2 минут
- сәлемдесу, түгендеу;
- Сынып тазалығына көңіл бөлу;
-Сабақтың ұстанымы,жоспары таныстырылады.
Сабақта жаңа тақырыптың өтілуі
35 мин
Қоршаған ортада қандай құбылыс түрлері бар
Химиялық құбылыс дегеніміз не
Химиялық құбылысты химия сабағында қалай айтамыз Химиялық реакция
Химиялық реакциялардың жүру белгілері (5 слайд) ( тұнба, газ ,су бөлінуі)
Қандай химиялық реакция типтері бар
Алмасу орынбасу қосылу реакцияларына анықтама беріңіздер
Тағы неге байланысты бөлуге болады.
Химиялық реакциялардың жүру
1. Араластыру
2. Ұсақтау
3. Қыздыру
4. Электр тогы немесе жарықтың әсері
5. Катализатордың қолданылуы
– Химиялық реакциялардың жүру белгілері:
1) Түстің өзгеруі
2) Иістің пайда болуы
3) Тұнбаның түүзілуі
4) Газдың бөлінуі
5) Жылудың бөлінуі немесе сіңірілуі
Оқушыларды бес топқа болып оларға реакция теңдеуін таратып беру.
Реакция теңдеулері :
4Al + 3O2 = 2Al2O3 + Q
3H2 + N2 ⇆ 2NH3
Zn + CuCl2 = ZnCl2 + Cu
C2H6 →2C + 3H2↑
2HgO = 2Hg + O2
2KNO3 →2KNO2 + O2
NaOH + HNO3 → NaNO3 + H2O
2NH4Cl + Ca(OH)2 → CaCl2 + 2NH3 + 2H2O
Zn + 2HCl = ZnCl2 + H2↑
S + O2 = SO2
N2 + O2 ↔ 2NO – Q
CH4 + 2O2 = CO2 + 2H2O + Q
Ba(ClO2)2 + H2SO4 → 2HClO2 + BaSO4↓
N2O4 2NO2
CuO↓ + H2↑ = Cu↓ + H2O
2 СО↑ + О₂↑ = 2 СО₂↑
2HgO = 2Hg↓ + O2↑ - Q кДж
Реакциялардың жіктелуі бойынша кластерлер жасау керек Берілген реакцияларды таңдап алу керек
І топқаЗаттардың құрамы мен саны өзгере жүретін реакциялар
ІІ топ Атомдардың тотығу дәрежелерінің өзгеруімен жүретін реациялар
ІІІ топ Жылу эффектісі
ІV топ Қайтымдылығымен сипатталатын реациялар
V топ Реагент пен өнімнің агрегаттық күйіне тәуелді
КЛАСТЕР
берілген тақырыптарға сәйкес реакциялары таңдап алып кластер жасау?
- бір топта орналасқа реакцияларда айырмашылық барма?
Топтан бір бала кластерді қорғайды бір бала зертханалық жұмыс көрсетеді:
- Осы реакциялардың қандай ортақ белгілері бар?
- Қандай айырмашылықтары бар?
Топтан біреу реакция теңдеуін көрсетеді, ( жасалған зертханалық жұмыс сиздердің реакция жіктеуін дәлелдей алама)
Сабақты бекіту
6мин
Әр топқа бір тапсырмадан
1. Реакция теңдеулеріне тиісті коэффициент қойып, қай типке жататынын анықтаңдар:
а) МgCO3 = MgO + CO2
ә) Mg + HCI = MgCI2 + H2
б) Na+O2 = Na2O
в) KOH + H2SO4 = K2SO4 + H2O
2. 2г сутегі оттегінде жанғанда қанша мөлшерде жылу бөлінеді, егер сутегінің жануының термохимиялық теңдеулері мынаған тең болса:
2Н2 + О2 = 2Н2О + 571,6кДж
3. Сәйкестендір:
1) 2Al + 3H2SO4 → Al2(SO4)3 +3H2 А) айырылу, гетерогенді.
Б1) H2SO4 + BaCl2 → BaSO4 + 2HCl + Q
Б) қосылу , гомогенді.
В1) 2H2 + O2 → 2H2O
В) алмасу, экзотермиялы0
Г1) 2 NaOH → Na2O + H2O
Г) орынбасу , ТТР
4.Құрамында 14г темір мен 10г күкірт алынған. Реакция аяғына дейін жүріп, FeS түзілді.Түзілген заттың массасын анықтаныз
5. Реакция теңдеулеріне тиісті коэффициент қойып, қай типке жататынын анықтаңдар:
1. Na + O2 → Na2O
2. CaO + H3PO4 → Ca3(PO4)2 + H2O
3. Ca(HCO3)2 → CaCO3 + H2O + CO2↑
4. Al + HCl → AlCl3 + H2↑
Сабақты қорытындылау рефлексия
2минут
Бүгін сабақта нені білдік?Нені білетінбіз?Нені білгіміз келеді?