Спирттер (9 - сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Күні: 24.04.2013ж

Пәні: химия

Сыныбы: 9 «ә»

Сабақтың тақырыбы: §55 Оттекті органикалық қосылыстар. Спирттер; §56 Көпатомды спирттер

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға оттекті органикалық қосылыстар, біратомды және көпатомды спирттердің құрамы, олардың қасиеттері, алынуы, қолданылуы жайлы мағлұмат беру

2. Тәрбиелік: Спирттерді түсіндіре отырып, оқушыларды тазалыққа, қоршаған ортаны қорғауға, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, тиімді пайдалануға тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: Спирттерді түсіндіре отырып, алған білімдерін одан әрі жетілдіру, химиялық формула , реакция теңдеулерін, есептер шығара білу дағдысын қалыптастыру. Өз бетінше іздену қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: жаңа материалдарды меңгеру

Сабақтың әдісі: түсіндіру, есеп шығару, сұрақ жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, кеспе қағаздар.

Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу, түгелдеу

  2. Оқушылардың құрал – жабдығын тексеру

  3. Оқушылар назарын сабаққа аудару


ІІ. Үйге берілген тапсырманы «Сұрақ – жауап» сұрақтары арқылы тексеру:

1. Көмірсутектердің табиғи қорларын ата?

2. Метан табиғи газдың құрамында қанша пайыз кездеседі?

3. Мұнай Қазақстанда қай облыстарда өндіріледі?

4. Мұнайдың құрамында қандай элементтер кездеседі?

5. Мұнайдың физикалық қасиеттері?

6. Крекинг дегеніміз не?

7. Табиғи газдың қолданылуы?

8. Мазутты өңдегенде алынатын өнімдерді ата?

9. Мазутты өңдегеннен кейінгі қалдық қалай аталады?

10. Мұнайдың қолданылуы?

11. Еліміздегі көмір өндіретін қалаларды ата?

12. Көмірді кокстегенде алынатын химиялық заттар?

13. Агрегаттық күйіне байланысты отын неше түрге бөлінеді?

14. Қатты отын түрлерін ата?

15.1 кг табиғи газ жанғанда қанша жылу бөлінеді?

16. Отын жанғанда бөлінетін зиянды заттарды ата?

17. Сұйық отын түрлерін ата?

18. Қоршаған ортаны зиянды заттардан қорғау шараларын ата?


ІІІ. Жаңа түсінік беру.

Оттекті органикалық қосылыстар: Оттекті органикалық қосылыстар – молекула құрамына көміртек пен сутектен басқа оттек атомдары кіретін органикалық қосылыстар.



Оттекті органикалық қосылыстар




Метил спирті,

этил спирті,

этиленгликоль,

глицерин

Құмырсқа қышқылы,

сірке қышқылы

Диэтилэфирі, майлар

Глюкоза,

фруктоза,

сахароза,

крахмал,

целлюлоза


Спирттер дегеніміз – құрамында көмірсутек радикалымен байланысқан гидроксо (ОН) тобы бар күрделі органикалық заттар. Спирттердің жалпы формуласы: СnH2n+1OH. Спирттер біратомды және екіатомды болып екіге жіктеледі. Біратомды спирттердің жалпы формуласы: ROH. R – көмірсутек радикалы. Біратомды спирттердің ең қарапайым өкілдері: метил спирті және этил спирті.

Физикалық қасиеттері: Метил спирті (СН3ОН) – оны ертеде ағашты құрғақ айдау арқылы алғандықтан ағаш спирті деп атаған. Метанол - өзіне тән исі бар, түссіз, өте улы сұйық зат. Шамамен 10 грамын пайдаланған адам көз жанарынан айырылса, көбірек мөлшері өмірге қауіпті. Метанолды химия өнеркәсібінде еріткіштер ретінде және формальдегид пен күрделі эфирлерді алу үшін қолданады.

Этил спирті (C2H5OH) - өзіне тән иісі бар, түссіз сұйықтық, суда жақсы ериді, аузы ашық ыдыста қалса буланады. Этил спирті алкогольдік заттарға жатады, организмге зиянды әсер етеді. Әсіресе, орталық жүйке қызметін бұзады. Этил спирті медицинада, парфюмерияда, органикалық синтезде шикізат ретінде пайдаланылады.

Алынуы:

1. Тамақ өнеркәсібінде этил спиртінің көп мөлшерін құрамына крахмалы бар өсімдіктерден (картоп, жүзім, дәнді дақылдар) алады:

C6H12O6 2C2H5OH+2CO2

2.Этиленді гидраттау (су қосу) арқылы этанол алуға болады:

H2C =CH2+H2O → H3C-CH2OH

Химиялық қасиеттері:

  1. Спирттерде оттекпен әрекеттесіп, көмірқышқыл газы мен су түзеді:

C2H5OH + 3O2 2CO2 + 3H2O

  1. Этил спирті дигидраттау реакциясына түседі:

H3C-CH2OHH2C =CH2+H2O

  1. Этанол натриймен әрекеттесіп, натрий этилатын түзеді:

2C2H5OH + 2Na → 2C2H5ONa + H2↑

  1. Біратомды спирттер оңай тотығып, альдегидтерге, одан әрі карбон қышқылдарына айналады.

Қолданылуы: Метил спирті (СН3ОН) – органикалық заттарды ерітуде, пластмасса, сірке қышқылын алуда қолданылады.

Этил спирті (C2H5OH) – сірке қышқылы, дәрі – дәрмек, иіс сулар, синтетикалық каучук өндірісінде қолданылады.

Көпатомды спирттер – құрамында көмірсутек радикалымен байланысқан екі немесе бірнеше гидроксотобы бар органикалық заттар. Олардың маңызды өкілдері: этиленгликоль мен глицерин.

Этиленгликоль((С2Н4(ОН)2) – түссіз, иіссіз, тұтқыр сұйық зат. Суда шексіз ериді, дәмі сәл тәттіллеу. Оны синтетикалық тағамдар алу үшін, сондай – ақ еріткіш ретінде және суықта автомашиналар радиаторындағы суды қатырмайтын – антифриз ретінде қолданады.

Глицерин - халықаралық атау жүйесі бойынша - пропантриол. Глицерин – түссіз, иіссіз, қоймалжың сұйық зат. Ол ылғалды жақсы таратын гигроскопиялы зат, сондықтан суда жақсы ериді. Тәтті дәмі бар. Көптеген заттарды ерітетін қасиеті бар.оны парфюмерлік, косметикалық өнеркәсіпте сабын, түрлі крем, майлардың құрамына қосу үшін қолданады.. Өйткені теріні жұмсартып, ылғалдандырғыш қасиеті бар. Одан басқа түрлі шайырлар, қопарғыш заттар алуға және формацевтикада дәрі – дәрмек ретінде пайдаланады.

Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары:

«Ой түрткі» сұрақтары:

  1. Спирттер дегеніміз не?

  2. Спирттердің жалпы формуласы қандай?

  3. Метил спиртінің формуласы қандай?

  4. Этил спиртінің физикалық қасиетін сипаттаңдар.

  5. Этил спиртінің организмге әсері қандай?

  6. Метил спиртінің физикалық қасиеті?

  7. Этил спиртінің химиялық қасиеттерін сипаттаңдар.

  8. Этиленгликоль формуласы?


«Кім жылдам?» (Венн диаграммасын толтыру)

Біратомды Көпатомды


«Ойлан тап» сәйкестендіру:


1. Спирттердің алыну әдісі Глицерин

2. C2H5OH Метанол

3. Көпатомды спирт Этил спирті

4. СН3ОН Гидролиздену

5. Реакция типі Су

C6H12O6 → 2C2H5OH+2CO2

6. CH2=СН2 + .... → C2H5OH Ашу процесі


«Кім жүйрік?» Есептер шығару:

1 – есеп

4 грамм этил спирті жанғанда қанша көлем (қ.ж) көмірқышқыл газы түзіледі?

2 – есеп

10 грамм метил спирті металмен әрекеттескенде неше грамм натрий метилаты түзіледі?

3 – есеп

Массасы 115 г этил спиртін дегидраттау кезінде қанша литр этилен қалыпты жағдайда алуға болады?

4 – есеп

Мына айналуларды жүзеге асырыңдар.

C → C2H6 → C2H4 → C2H5OH → CO2

C2H2 → C2H4 → C2H5OH → C6H12O6


Үй тапсырмасын беру:

Үйге §55, 56 оқу және 55 тақырып соңындағы 10,11,12 – есептер.


7.Қорытынды жасау. Бағалау.

Сабаққа қатысқан оқушылардың белсенділігін бағалау. Сыныппен қоштасу.