Урок Оксидтердің жіктелуі, аталуы, құрылысы, алынуы, химиялық қасиеттері, қолданылуы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


8-сыныпқа химия пәнінен өткізілген сабақтың жоспары


Исағалиева Камила

Атырау облыстық дарынды балаларға арналған

ұлттық гимназиясының химия пәні мұғалімі.



Сабақтың тақырыбы: Оксидтердің жіктелуі, аталуы, құрылысы, алынуы,

химиялық қасиеттері, қолданылуы


Сабақтың мақсаты: а)білімділік – оқушылардың оксидтер туралы біліміне

сүйене отырып, жіктелуі, құрылысы, алынуы,

химиялық қасиеттері, қолданылуы туралы

оқушылардың қатысуымен сабақты түсіндіру.

б) дамытушылық- өмірден көрген деректерді қолдана

білуге шығармашылықпен жұмыс істеуге

дағдыландыру.

в) тәрбиелік – химия пәні талап ететін ұқыптылыққа,

жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Білімді қорытындылау

Сабақтың әдісі: Білімді актуализатциялау, өз бетімен жұмыс,

демонстрация

Құрал-жабдықтар: CuO, CaO, CaCO3, НСl, фенолфталеин, 1,2,3 –

деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. 1. оқушылардың тірек біліміне сүйене отырып өткенді еске түсіру (миға шабуыл)

  1. Оксидтер дегеніміз?

  2. Заттардың оттекпен әрекеттесі қандай реакцияға жатады? (тотығу)

  3. Халқаралық жүйеге сай оксидтерді екі әдіспен ата: Al2O3, P2O5, Mn2O7, SO3, CaO

  4. Гематит дегеніміз не?

  5. Жану реакциясы дегеніміз не?

  6. Оксидтерге мысал келтіріп, атаңдар (тақтаға жазу, «Кім жылдам?»)

2. Деңгейлік тапсырмалар (10 мин)

І – деңгей.

  1. Реакция теңдеулерін аяқтап, теңестіріп, түзілген оксидтерді 2 әдіспен ата

Na + O2 →

Al + O2 →

S + O2 →

  1. 3,1 фосфор оттегімен әрекеттескенде қанша фосфор (V) оксиді түзіледі?

ІІ – деңгей

  1. Реакция теңдеулерін толықтырып, аяқтаңдар.

а) P2O5 + . . . → H3PO4

б) SO3 + . . . → Na2SO4 + . . .

в) Al2O3 + . . . → Al2(SO4)3 + . . .

  1. 14,3 г натрий цинкатын алу үшін натрий сілтісімен неше грамм мырыш оксиді әрекеттеседі?


ІІІ – деңгей.

1) Төмендегі өзгерістерді жүзеге асыр.

Cu→CuO→CuCl2→Cu(OH)2→CuO→Cu→Cu(NO3)2→CuS

  1. Массасы 10,4 г мырыш пен мырыш оксидінен тұратын қоспаға сілтімен әсер еткенде бөлінген газды жаққанда 0,72 г су түзілген. Қоспадағы металдың мөлшері (%) қандай?

IV – деңгей

  1. Массалық үлесі 66% - дың тығыздығы 1,403 г/мл көлемі 1000 л азот қышқылын алу үшін қанша ауа керек? (w (N2)=78%)

  2. Мына газдардың SO2, NO, CO2, NO2 сутегімен және ауамен салыстырғандағы тығыздығын анықта.


ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Оқушылармен бірлесе отырып, құрылымдық формаласын құрастырып, жіктеуі, алынуы, қасиеттері, қолданылуы қарастырылады.


[pic]


Оксидтердің құрылымдық формуласы.

O O O O O

// \\ // \\ //

Cr P S

\ (Cr2O3) \ (P2O5) || (SO3)

O O O

/ /

Cr P

\\ // \\

O O O





Оксидтердің алынуы

1) Жай заттардың оттекпен тікелей әрекеттесуінен: (реакция теңдеулерін оқушылар аяқтап, теңестіреді)

P + O2

Al + O2

Zn + O2

2) Оксидтерді одан әрі тотықтырып алады:

NO + O2

FeO + O2

3) Суда ерімейтін негіздерді қыздыру арқылы:

Fe(OH)3

Mg(OH)2

4) Тұздарды қыздыру арқылы:

СаСО3

CaSO4

5) Күрделі заттар жанғанда:

С2H6 + O2

C4H10 + O2


Химиялық қасиеттері

[pic] [pic] [pic]

[pic]




[pic] +




[pic]



[pic]



Оксидтердің қолданылуы:

SO2 – жүнді, жібекті ағарту үшін, жеміс-жидек консервілеп, оны сақтауда,

қоймаларды зиянкестерден тазартуда

CO2 – тамақ өнеркәсібінде, өрт сөндіруде

SiO2 – шыны керамика алуда

CaO – құрылыста

Бояулар алуда: ZnO-ақ, Cr2O3-жасыл, CoO-көк, Pb3O4 (сурик) – ашық қызыл т.б.

Химиялық қасиетін айтқан мезгілде тәжірибе көрсетіледі:

1) CaO + H2O → Ca(OH)2

Негіздік оксид сілті

Ca(OH)2-нің түзілгендігін фенолфталин тамызып, малина түске боялғанын көреміз

CuO + 2HCl → CuCl2 + H2O

қара түсті көгілдік түсті

CaCO3 + CO2 → CaCl2 + CO2+H2O

жанған шыра сөнеді

Ca(OH)2 + CO2 → CaCO3 + H2O

ізбес суы

IV. Сабақты бекіту.

Деңгейлік тест (15 мин)

А деңгейі

Әр сұраққа 1,5 мин

1) Жер қыртысында ең көп таралған қай элемент

а) оттек б) азот в) кремний г) сутек

2) Фотосинтез реакциясының теңдеуін көрсет

а) C6H2O6→ 6C + 6H2O

б) 6CO2 + 6H2O → C6H12O6 + 6O2

в) C + H2O CO + H2

г) C6H12O6 + 6O2 → 6CO2 + 6H2O

3) Төмендегі келтірілген заттардың қайсысы натрий гидроксидінің ерітіндісімен әрекеттеседі

а) CaO б)CO2 в) KCl г) сутек

4) Екідайлы қасиет көрсететін оксид

а) BeO б)CO2 в)SO2 г)ClO2

5) Тұз түзбейтіндер қатарына жататын оксид

а) Cl2O б) NO в) P2O3 г) SO2

6) Мөлшері ¼ моль азот (V) оксидінің массасы

а) 27 б) 28 в)30 г) 42

7) Екідайлы қасиет көрсететін зат

а) ZnO б) Al2O3 в) BeO г) Cu2O

8) Тұз түзетін оксидтер қатарына жататын оксид

а) N2O б) NO в) CO г) SO3

9) Массасы 96г оттек газындағы оттек атомдарының зат мөлшері

а) 3 моль б) 6моль в) 67,2л г) 6∙6,02∙ 10

10. Екідайлы қасиет көрсетпейтін оксид

а) CaO б) Cr2O3 в) BeO г)ZnO


В деңгей

Әр сұраққа 2мин

1) Na2O → MgO → Al2O3 → SiO2 → P2O5 → Cl2O7

Қатарында оксидтердің қышқылдық қасиеттері

а) кемиді б) алдымен кемиді, сосын артады

в) артады в) алдымен артады, сосын кемиді


2) N2O5 → CO2 → B2O3 → BeO → L32O

қатарында оксидтердің негздік қасиеттері

а) алдымен кемиді, сосын артады б) кемиді

в) алдымен кемиді г) артады




3) Негіздік оксидтер қатарын көрсет

a) CuO, BeO, Fe2O3, Ag2O

б) SO2, CO2, ZnO,Cr2O3

в) Na2O, FeO, CaO, BaO

г) PbO, Al2O3, CO, K2O

4) Сумен қалыпты жағңдайда әрекеттесетін негіздік оксид

а) CuO б) Na2O в) Ag2O г) Fe2O3

5) Қыздырғанда айырылып, оксид пен тұз түзетін негіз

а) NaOH б) Fe(OH)3 в) Ca(OH)2 г) Ba(OH)2

6) Фосфор () оксидімен әрекеттесетін заттар қатары

а) CO2, Na2O, H2O

б) H2O, Na2O, KOH

в) CO, NO, CaO

г) CuO, N2O, BaO

7) Азот (ІІ) оксиді түзілу үшін азот мен оттек қандай температурада әрекеттеседі?

а) 100 °С б) 500°С в) 1000°С г) 2000°С


С деңгей

Әр сұраққа 3 мин

1) Массасы 20г мыс (ІІ) оксидін азот қышқылымен өңдегенде түзілетін тұздың массасы

а) 47г б) 79г в) 38г г)52г

2) N2O5→P2O5→As2O5→Sb2O5 қатарында оксидтердің қышқылдық қасиеттері қалай өзгереді?

а) кемиді б) артады в) өзгермейді г) жоқ

3) Кеннің үлгісінің құрамында 82% Ғе2О3 бар. Кеннің құрамындағы темірдің массалық үлесі

а) 58,4% б) 60,3% в) 54,7% г) 57,4%

4) Үш валентті элементтің оксидінің құрамындағы оттектің массалық үлесі 47%. Ол элемент

а)азот б) алюминий в) темір г) хром

5) Калий селитрасының құрамындағы калийдің ( К2О оксидіне шағып есептегенгде) массалық үлесі

а) 40% б) 90% в) 60% г) 30%


Оқушыларға тесттің кілтін экранға көрсетіп, өз жұмыстарын тексерту.

V. Сабақты қорытындылау.

119 беттегі 3-ж.ауызша, 121-беттегі 5,6-ж. Тақтаға орындау.

VІ. Үйге тапсырма.

§44,45. 121беттегі 7-11 жаттығулар.

VІІ. Бағалау.