Блум таксономиясы бойынша сабақ барысы: (10- сынып)
Сабақ №35
Сабақтың тақырыбы
Металдардың химиялық қасиеттері. Электрохимиялық кернеу қатары.
Мақсаты
Металдардың химиялық қасиеттері электрохимиялық кернеу қатары жайлы түсініктерін дамыту, функционалды сауаттылықтарын жетілдіру, сындарлы ойлау дағдысын арттыру.
Жұмыс нәтижесі
Металдардың химиялық қасиеттері жайлы білім қорлары кеңейеді, электрохимиялық кернеу қатарын пайдалана біледі, химиялық тіл және химиялық сауаттылық жетіледі.
Сілтеме
1.Химия. Жалпы білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық /Н.Н. Нұрахметов, Қ.Бекішев,Н.Заграничная, Г.В.Абрамова - Алматы: «Мектеп» 2014.
2.Химия. Әдістемелік нұсқау/Н.Нұрахметов,
К. Жексембина, К.Сарманова. - Алматы: «Мектеп».
Негізгі идеясы
Химиялық реакцияларда металдар өздерінің валенттік электрондарын беріп, тотықсыздандырғыш болатынын түсінуі, алған білімдерін тапсырма орындауда қолдану мүмкіншіліктерінің кеңеюі.
Қолданылған әдістері мен тәсілдері
Диалогты оқыту: сұрақ қою, әңгімелесу;
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету: тест жұмысы, танымдық тапсырмалар .
Оқуды және оқыту үшін бағалау: смайлик, қол шапалақтау.
АКТ-ны қолдану: таныстырылым жасау, танымдық тапсырмалар, зертханалық жұмыс.
Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс;
Ресурстар
компьютер, проектор, интерактивті тақта, флипчарт қағаздары, түсті қағаз, маркерлер, дидактикалық таратпа материалдар,желім, қайшы, зертханалық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар.
Сабақтың өтілетін уақыты
45 минут
Сабақ жоспары
Ұйымдастыру: жағымды психологиялық көңіл-күй орнату, топқа бөлу, мақсат қою.
Сабақ барысы: Блум таксономиясы бойынша
Рефлексия
Үйге тапсырма
Үйге тапсырма
ОК §4.4 №3,6,7
Қазақстан металлургиясының дамуына баға жетпес үлес қосқан ғалым Сатпаев Қаныш Имантайұлының еңбектері жайлы мәлімет жинақтау.
Эссе жазу:
«Ағза толған химиялық элемент,
Біліп алғың қызметін, неткен олар керемет!».