Химия 8-сынып
Мұнайлы ауданы, №12 жалпы білім беру орта мектебінің
Химия пәні мұғалімі Үсенбаева Қарлығаш жолжігітқызы
Сабақ тақырыбы: «Натрий және оның маңызды қосылыстары»
Білімділік : натрий және қосылыстарының қасиеттері туралы білімді жүйеге келтіру,маңызды табиғи қосылыстарының қолданылуымен таныстыру.
Дамытушылық Сілтілік металдар, натрийдің химиялық және физикалық қасиеттерін, қолданылуы туралы білімдерін бекіту, дамыту.
Тәрбиелік Натрийдің алыну жолын, қолданатын жерлерін біле отырып, білім дағдыларын өмірде пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері:
1.Сілтілік металдарды периодтық жүйеде орналасуы, қасиеттері туралы білім беру.
2.Натрийдің физикалық, химиялық қасиеттерін көрсететін реакция теңдеулерінің механизмі туралы түсінік беру.
3.Химиялық баланыс, реакция типтері, тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш туралы түсінікті дамыту.
Сабақ түрі: Ашық сабақ
Сабақ әдісі: Әңгімелесу, көрнекілік, практикалық-логикалық байланысымен, зерттеу жұмыстары, есептер шығару, ауызша тест.
Жоспары:
І-кезең: “Қызығушылықты ояту.”
1.Ауызша тест.
ІІ-кезең: “Мағынаны ашу”
1.Натрийге сипаттама
2.Натрийдің химиялық және физикалық қасиеттері
3. Алынуы
4. Қолданылуы
5.Натрийдің қосылыстары
ІІІ-кезең: «Ой толғау.»
«Мықты болсаң тауып көр!»
«Зерек болсаң шешіп көр!»
«Ойлы болсаң озып көр!» ойыны
І-кезең: “Қызығушылықты ояту.”
Ауызша тест сұрақтарын қою.
Сілтілік металдар қай топта орналасқан?
Сілтілік металдарды ата?
Қандай топшада орналасқан?
Валенттіліктері нешеге тең?
Сілтілік металл деп аталуы неліктен?
Электртерістілігі қандай?
Тотығу дережесі қанша?
Сыртқы энергиялық деңгейде неше электрон бар?
Тотықтырғыш па, әлде тотықсыздандырғыш па?
Электртерістілігі 0,9, ядро заряды +11 тең
қандай элемент?
Өткен сабақпен байланыстыра отырып жаңа сабақ тақырыбын хабарлау::
Мен – натрий, сілтілік жеңіл металмын
Өзім жайлы баяндауға бет алдым
Алуан түрлі қасиетім бойымда
Қосылысым сабынның да бойында
Бу түрінде сары түске енемін
Суыңды да айналдырам сілтіге
Су бетінде еркін жүре бермін
Мен ауаға сутекті де бөлемін
Тұздарыммен астың дәмін кіргізем
Сол арқылы пайдамды да тигизем
Космоста да сары түсті буыммен
Зымыранды көз алдыңда жүргізем.
ІІ.”Мағынаны ашу.”
Натрий және оның маңызды қосылыстары
Атомдық құрылысы
Физикалық қасиеттері
Натрий иондық кристалдық тор түзеді. Иілімді әрі жұмсақ, пышақпен оңай кесіледі, созылады. Металдық жылтыры бар. Сұйық күйде жылу мен электр тогын жақсы өткізеді.
Судан жеңіл, тығыздығы 0,97г/см 3
Балқу температурасы: t = 97.7 0 С
Натрий тұздары - түссіз, суда ерімтал заттар.
[pic] [pic]
Химиялық қасиеті
Натрий күшті тотықсыздандырғыш
Натрий оттекте жанады
Na + O2 = Na2O
Күкіртпен араласып ұнтақтаса тұтанады
Na + S = Na2S
Суға салғанда жылу әсерінен металл балқып, су бетінде жүгіре бастайды
Na + H2O = NaOH+H2
Натрийдің алынуы.
1807 жылы ағылшын ғалымы Дэви электролиз әдісі арқылы алды.
2NaCl →2Na + Cl2↑
Натрийдің қолданылуы.
Металл күйдегі натрий қазіргі ғылым мен техникада сан алуан салада қолданылады:
Авиация мен ядролық реакторлардың жылу тасмалдағышы
Металлургиядағы тотықсыздандырғыш
Көлікте натрийдің қорғасынмен құймасы
Көлікте натрийдің қорғасынмен құймасы
Органикалық химияда өршіткі
Лампаларды натрий буымен толтыру үшін.
Натрийдің қосылыстары:
Натрий оксиді мен гидроксиді – негіздік сипатты қосылыстар.Натрий гидроксиді негіздерге тән барлық қасиеттерді көрсетеді
NaOH + HCI = NaCI + H2O
NaOH + CO2 = Na 2СO3+ H2O
NaOH + CuSO4 = Cu(OH)2↓+ Na 2SO4
Натрий тұздары түссіз, суда ерімтал заттар, олардың көбісі өнеркәсіпте және техникада, тұрмыста кеңінен қолданылады.
Негізгі ұғымдар:
NaOH- натрий гидрооксиді
NaCl – натрий хлориді
Na2SO4 – натрий сульфаты
Na2SO4· 10H2O – глаубер тұзы
Na2CO3 – натрий карбонаты
NaHCO3 – натрий гидрокарбонаты
NaNO3 – натрий нитраты
ІІІ кезең: “Ой толғау”
“Мықты болсаң тауып көр ”
“Зерек болсаң шешіп көр”
“Ойлы болсаң озып көр”
ІV. Сабақты қорытындылау:
Су бетінде безектеп,
Металл натрий жүзеді.
Ең соңында жоқ болып,
Қандай қосылыс түзеді?
Тапсырма: Реакция теңдеуін жазыңдар.
Бағалау.
Үйге тапсырма:
§65 оқып түсіну. №6 есеп.
Шығармашылық жұмыс: натрийдің қосылыстары және олардың қолданылуы туралы қосымша мәліметтер жинап, жазып келу.
«Сілтілік металдар әлемі» тақырыбына сілтілік металдардың, натрийдің химиялық, физикалық қасиеттерін сиппаттай отырып, ертегі құрастыру.
№ 9 жалпы білім беру КММ
Сабақтың тақырыбы:
«Натрий және оның маңызды қосылыстары»
8-сынып
[pic]