Открытый урок на тему: ««Жоғалған буын» дидактикалық ойыны. Сөз құрастыр»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Жоғалған буын» дидактикалық ойыны. Сөз құрастыр.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: өткен дыбыстарды қайталату арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. «Жоғалған буын» ойыны арқылы дыбыстардан сөз, сөзден сөйлем құрастыруға үйрету. Қолдарын әдемі жазуға жаттықтыру.

Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: әліпби, кеспе әріп кассасы, суреттер, текшелер, аққу, торғай, құстар, әріптер жазылған гүлдердің суреті.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын, түсіндіру

Оқу іс-әрекетінің барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

    1. Шаттық шеңберінде дөңгелене тұрып, балалар бір-біріне жылы сөздерін айтады, жақсы тілек тілейді.

    2. Дәптермен жұмыс.

а) «Жоғалған буын» ойыны. Шарты: торкөздерге жоқ буындарды тауып жазады.

Мысалы: көгершін, торғай, аққу, тырна, шағала, қарлығаш, тоқылдақ, қарға, үкі.

ә) «Сөйлем құрастыр» тапсырмасы: І.Аспанда шағала ұшып жүр. 2. Ұяда екі жұмыртқа жатыр. 3.Балапан аулада жүгіріп жүр .

Орманда тоқылдақтың дауысын естідік.

б) Қараторғайдың ұясының суретін салу.

в) «Жоғалған сөздер» ойыны

Шарты:тақтаға кейбір сөздері түсіп қалған сөйлемдер жазылған плакат ілінеді.

Мысалы: Көктем жылынды. Жер ... . Құстар ... .

Балалар құстарға Жоғалған сөздерді тауып, сөйлем құрайды. Көктем мезгілі және құстар туралы білетіндерін айтады.

Көктем,жылы,құстар,дыбыстық талдау жасайды.

«Сөз ойла, көп ойла»ұйымдастырылады.

Үзік сызықтарды қосу арқылы аққудың суретін салу.

Сөзжұмбақты шешкізеді.Шешулері:қарбыз,қарға,қармақ.

4.Сергіту сәтін өткізу.



Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап дем алсам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.

(Қимылмен көрсету).

    1. «Сөз құрастыр» ойынымен жалғасады. Шарты:гүл күлтелеріндегі әріптерден сөз құрастыру.

Сызбаға сәйкес сұраулы және хабарлы сөйлем құрастыру.

Қол жаттықтыру тапсырмасы ретінде берілген үзік сызықтарды қосып, жолдың аяғына дейін тапсырманы орындайды.

III. Қорытындылау.

Сұрақ-жауап әдісі арқылы білімдері бекітіледі.

Ұя, балапан, наурыз сөздеріне тапсырмасы бойынша жарыс ұйымдастыру.