Химиялық теңдеулер бойынша есептеулер
Темірбаева Құралай Айбекқызы
Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің
химия пәні мұғалімі
Оқытудың жаңа технологиясын тиімді пайдалана алған ұстаз шәкіртінің жүрегіне орын алып, сабағын қызықты өткізе алатыны белгілі. Қазіргі таңда мұғалімнің де білімін жетілдіруге арналған қажетті құрал-жабдықтардың, қосымша оқулық, материалдардың молдығы да үлкен көмек. Осындай көмекші құралдардан «Химиялық теңдеулер бойынша есептеулер» тақырыбына ізденіс сабағы ретінде ақпараттық коммуникативтік технологиямен өткізілген сабақ тартымды шығып,білім көзделген мақсатына сай меңгерілді. .
Оқушылардың электронды оқулық арқылы өз бетімен жеке жұмыс істеуін негізге ала отырып, сандық есептер шығаруға баулимыз.
Сабақтың тақырыбы: Химиялық теңдеулер бойынша есептеулер
Сабақтың мақсаты:
1) Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулерді үйрету
2)Оқушылардың химиялық теңдеулер туралы білімдерін, есеп шығару біліктерін дамыту
3)Оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға, бірін-бірі тыңдауға, ұйымшыл болуға тәрбиелеу
Сабақ түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, есеп шығару
Көрнекілік: Химиялық элементтердің периодтық жүйесі, интерактивті тақта, слайдтар.
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
1. Келтірілген сызбанұсқаларына сәйкес химиялық реакциялар теңдеулеріне
коэффициенттерін қойып, теңестіріңдер.
1) Mq + O2 MqO
2) Ca + HCI CaCI2 + H2
3) AI + O2 AI2O3
4) NH3 N2 + H2
5) Ba (OH)2 + H2SO4 BaSO4 + H2O
6) Fe(OH)3 Fe2O3 + H2O
7) AI + MnO2 AI2O3 + Mn
8) FeCI3 + NaOH Fe(OH)3 + NaCI
2) Төмендегі химиялық теңдеулерден қажетті заттардың формуласын тауып, коэффициенттерін қойыңдар.
А) ... + O2 CO
Ә) … + CuCI2 FeCI2+ …
Б) HqO Hq + …
В) Ba + H2 SO4 BaSO4 + …
Г) AI + N2 …
Д)Na + … Na2O
ІІІ. Жаңа сабақ
1.Есептің берілгені жазылады.
2.Химиялық реакция теңдеуін құрып, тиісті коэффициенттерін қойып теңестіріледі.
3.Есептің шартында берілген берілген заттың массасын (не мөлшерін ) формуланың үстіне жазып, іздеп отырған заттың формуласының үстіне “х” деп белгілейді.
4.Іздеп отырған заттың массасын немесе мөлшерін пропорция арқылы есептеп шығарады.
1. 72 г суды айырғанда шығатын сутектің массасын табыңдар?
2. 20 г кальций ауада жанғанда түзілетін кальций оксидінің зат мөлшері қанша?
ІV Бекіту
3. Реакция нәтижесінеде 16 г магний оксиді түзілу үшін оттектің қандай массасы түсу керек?
4. 2 моль сутек хлормен әрекеттескенде түзілген заттың зат мөлшерін есептеңдер.
Үйге тапсырма § 20 №2-21 47-бет.
Бағалау
Әдебиеттер
1.Н.Н.Нұрахметов. «Химия» 8-сынып
2.Н.Н.Нұрахметов. «Химия» әдістемелік нұсқау
3. Бірімжанов Б. «Жалпы химия»
4.Рудзитис Г.Е. ,Фельдман Ф.Г. «Химия» 8-сынып
Шығыс Қазақстан облысы
Тарбағатай ауданы
Тұғыл ауылы