Сабақтың тақырыбы: Қышқылдардың жіктелуі. Алынуы. Химиялық қасиеттері, қолданылуы.
Сабақтың мақсаты: а) Қышқылдар жайлы алған білімдерін еске түсру арқылы жіктелуін, аталуын, қышқылдардың құрамы мен алу жолдары, қасиеттері туралы түсінік беру;
ә) Қышқылдарды ысырапсыз пайдалануға үйрету, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу;
б) Химиялық сауаттылығын дамыту, сезім эмоциясын, ойлай білу дағдысын дамыту;
Сабақтың көрнекілігі: Периодтық жүйе, индикаторлар, қышқылдар (азот , күкірт, тұз),интерактивті тақта, бейне таспа т.б.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Ойын сабақ
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру, Ой қозғау сәті
2. Үй тапсырмасын сұрау
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
4. Жаңа тақырыпты бекіту.
5. Үйге тапсырма беру
6. Бағалау.
1. Ой қозғау сәті.
Мына заттардың ішінен дұрыс құрастырылған формулаларды анықтап, әріптерді ретімен жазғанда, IV – периодта орналасқан элемент аты шығады. Ол металл гидроксил тобымен байланысқан, ол қандай зат, қай класқа жатады ?
BaO2 , LiOH , Ba(NO3)2 , H2O3 , K2O , Na3Cl , HNO3, Zn(OH)2
A K A C Л О И Й
КАЛИЙ КОН негіз
2. Үй тапсырмасын сұрау. а)Мына реакция теңдеулерін жүзеге асыр.
a) Cu – CuO – CuCl2 – Cu(OH)2
b) CaCO3 – CaO – Ca(OH)2
Ca(HCO3)2
g) C – CO2 – H2CO3 – Na2CO3
ә) Сұрақ –жауап
1. Негіздер дегеніміз не ?
2. Негіздер қалай жіктеледі ?
3. Индикатор дегеніміз не ?
4. Негіздерге индикатор әсері ?
5. Негіздердің химиялық қасиеті ?
6. Негіздер қайда қолданылады ?
«Үшінші артық» тапсырмасын орындайық.
a) BaO, CaO, HCl
b) HNO3 , Mg(OH)2 , NaOH
g) Na2 SO4 , H2 SO4 , BaCl2
e) Ca(OH)2 , Al (OH)3 , H2CO3
J) P2O5 , SO2 , H3 PO4
f) KHSO4 , MgOHCL, H3BO3
1. Алынған қышқылдарды кестеге ретімен орналастыр:
2. Осы тізбедегі қышқылдардың құрамындағы қышқыл қалдығы валенттігін анықтап , кестені толтыр.
3. Қышқылдардың графикалық формуласын мына сызба нұсқаны пайдаланып кескінде (оттекті қышқылдар формуласында бірінші орында сутек атомы, ортасында бейметалл атомы, соңында оттегі атомы жазылады).
Н – О 1 қатар H2 SO4 НCl
Бме = О 2 қатар H3 PO4 НҒ
Н – О 3 қатар H2CO3 H2 S
4. Қышқылдардың алынуы: а) Қышқылдық оксидтен, ә) тұздан, б) бейметалдан оттексіз (Оқулықпен жұмыс)
Химиялық қасиетін бейне таспадан көрсету, тәжірибе көрсету.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
ә) Мына берілген заттардың қайсысы тұз қышқылымен әрекеттеседі ? Мүмкін болатын реакция теңдеулерін жаз.
а) Hg ә) ZnO б) Fe (OH)3 в) Al г) CO2 д) AgNO3
б) Мөлшері 0,5 моль күміс нитраты қанша моль тұз қышқылымен әрекеттесе алады.
3 –деңгей.
а) Мына теңдеулерді аяқта:
K2CO3 + H2SO4 - Mg + HCl –
Al (OH)3 + HNO3 - Cu + H2SO4 –
ә) Күкіртсутектен күкірт қышқылын алудың сызба нұсқасын құрып, реакция теңдеуін жаз.
б) Массалық үлесі 2,04% Н ; 32,65%S; 65,31%О –тен тұратын заттың молекулалық формуласын тап.
§ 47 1-11 жаттығу.
4. Жаңа тақырыпты бекіту. «Жұбыңды тап» ойыны. Қышқылдар формуласы жазылған қиықшалар үлестіріледі (азот, күкірт, фосфор).
5. Үйге тапсырма беру. 1 –деңгей. Венн диаграммасы бойынша оттекті , оттексіз қышқылдарға сипаттама бер.
а)Оттекті қышқыл Ұқсастығы Оттексіз қышқыл
ә) Тұз қышқылының металмен, негізбен әрекеттесу реакция теңдеулерін жаз.
б) 6,7 г алюминий күкірт қышқылымен әрекеттескенде неше литр (қ.ж) сутек газы бөлінетінін есепте.
2-деңгей. а) Ортофосфор қышқылын алудың қандай әдісін білесің, реакция теңдеуін жаз.
6.Қорытындылау: оқушылар төрт топқа бөлінеді, карточка алады.
1-топ: «Сенім»
2-топ «Барлығы»
3-топ: «Делегат»
4-топ: «Сайлау»
«Сенім» карточкасын алған топтан топ жетекшісі сұрап оқушыларды бағалайды, мұғалім сенеді, журналға бағасын қояды.
«Барлығы» карточкасын алған топтан барлық оқушыдан мұғалім сұрайды.
«Делегат» карточкасын алған топ бір оқушыны өздері сабақ айтуға делегат ретінде жібереді.
«Сайлау» карточкасын алған топтан мұғалім өзі бір оқушыны сайлап сұрайды.
7. Бағалау.
Сабақты түрлендіріп өткізу, оқушылардың қызығушылығын арттырады.