Күні | |
Пәні | Химия |
Сабақтың тақырыбы | Оттегі, Оксидтер. Оттегінің аллоттропиялық түр өзгерісі.Озон |
Дереккөздер | Оқулық, слайд |
Жалпы мақсат | Оттегін алу және оның химиялық қасиеттері туралы білімдерін бекітіп. Оксидтерге тән қасиеттері ,алынуы мен қолданылуын теңдеулерін жаза білу Аллотропиялық түр өзгерісі озонның құрылысы мен қолданылуын білу.
|
Оқыту нәтижесі | Мәтіннің негізгі идеясын ашады Сыни тұрғыдан ойлануға үйренеді Өз пікірлерін қорғайды,көзқарасын білдіреді
|
Негізгі идеялар | Теңдеулерді жазып олардың типтерін анықтай алады |
Тапсырмалар | 1.Топпен жұмыс.. Постер құру арқылытақырыпты талдау 2.Жаттығу орындау |
Қорытынды | Мұғалімнің сабақты қорытындылауы |
Мұғалім жазбасы | Мұғалімнің іс - әрекеті | Оқушының іс- әрекеті
| уақыт | Құрал -жабдықтар
|
Ұйымдастыру | Оқушыларды топқа бөлу Әр топта бес оқушыдан,төрт топ құралады | 1.Топ 2.Топ 3 .Топ 4. Топ Топ мүшелерінің қызметі,топтың ережесі анықталады Әр топтағы алты оқушыдан алтыншы оқушы бақылаушы болып отырады.Әр топтағы топ басшылары бағалау парағы арқылы топ мүшелерін бағалайды Баяндамашы,уақыт белгілеуші, көмекші сайлап алады. Үй тапсырмасына шолу Оттегін алу әдістері. 2KMnO4= K2MnO4+MnO2+O2 2KCLO3= 2KCl+ 3O2 Оттегінің химиялық қасиеттері. C+O2=CO2 4P+5O2=2P2O5 S+O2= SO2 3Fe+2O2= Fe3O4 Жану реакциясы дегеніміз не? Жарық пен жылу бөле жүретін реакция. |
| Интерактивті тақта, түсті стикер, бағалау парағы |
| Жаңа сабақ | Топпен жұмыс. Кітаптағы мәтінді әр топқа бөлініп беріледі. 1.топ: Оксидтер Жай зат + оттек = оксид 2Cu+O2=2CuO 2.топ: Табиғатта оттектің түзілуі 6 CO2+6H2O = C6H12O6+6O2 3 .топ: Озон 3O2 ==== 2O3 O3 === O2+O 4.топ: Ауа Әр оқушы өзіне бөліп берген бөліміне дайын болған кезде . 1.2.3.4. нөмерлер топпен өз ара талдап Постер құрайды Әр топқа тапсырма беріледі,келесі топқа сұрақтар дайындап отырулары керек. Джигсо стратегиясы. 2.Әр топтың баяндамашылары жеребе тарту арқылы ұтып алған топ баяндамашылары жұмыстарын қорғауға ортаға шығады |
| Плакат,түсті маркерлер |
Қорытынды | Жаттығу орындау | Жұптық жұмыс. Оқулықтағы тапсырмаларды топ мүшелері өз ара бөліп алып орындап жаттығады.да бір бірін тексереді Келесі бөлімінде Жеке жұмыс Карточкалар таратылып беріледі. Әр оқушының орындаған тапсырмасын келесі оқушы тексеріп ,бағалап топ басшысына бағасын айтады .Топ басшысы бағалау парағына бағаларын қояды.
|
|
|
Сабақ соңында | Кері байланыс
«Бағдаршам»
Табыс критериі | Әр оқушы өз ойларын білдіреді Егер бүгінгі сабақты жақсы түсіндім сұрағым жоқ десе жасыл түсті көтереді Егер орташа түсіндім . сұрақтарым бар десеңдер сары түсті көтересіз Ал егерде түсінбедім маған қиын болды десеңдер қызыл түсі көтеіңдер |
|
|
Критерилер:
1. Оттегінің құрылымы мен құрылысына жалпы сипаттама бере аламын
2.Оттегінің табиғатта таралуы мен алыну жолдарын білдім
3.Оттегінің химялық қасиеттерін жану реакцияларының теңдеулерін жаза аламын
4.Формула бойынша оттегін есептеп табуды үйрендім
5.Оттегін және оның түр өзерісі озонды қолданылуымен таныстым.
Бағалау парағы
Аты жөні
Алынуы
Қасиеттері
Теңдеу жазу
Оқушының түсіндіруі
Жобаны қорғауы
Жеке жұмыс
Қор -ды
бағасы
1 денгей
2 денгей
3 денгей