Д.И.Менделеевтің периодтық заңы. Атомдық құрылыс теориясы тұрғысынан Д.И.Менделеев жасаған элементтердің периодтық жүйесі.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сыныбы

8 «а»

Күні:

Тақырыбы


Д.И.Менделеевтің периодтық заңы. Атомдық құрылыс теориясы тұрғысынан Д.И.Менделеев жасаған элементтердің периодтық

жүйесі.

Мақсаты


Д.И.Менделеевтің периодтық заңы және периодтық жүйесі туралы оқып-үйрену

Күтілетін нәтиже

А деңгейі – Периодтық жүйеде элементтер периодтар және топтар құрайтынын біледі

В деңгейі - Периодтық заңның ашылуы және периодтық жүйе туралы сипаттап айта алады.

С деңгейі- салыстырмалы атомдық массаларының өсу ретімен орналасқан элементтер қатарындағы заңдылықтар туралы білімдерін есеп шығару барысында қолдана алады.

Дереккөздер, құрал-жабдықтар

НұрахметовН.Н К.А. Сарманова, К.М.Жексембина «Химия» 8сынып Алматы: «Мектеп»баспасы 2012 жыл Интербелсенді тақта, бағалау парақтары, стикерлер т.б

Сабақтың барысы

Уақыты

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе




5 мин








Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу.

-Балалар, бүгінгі сабаққа әзірлігіміз, көңіл-күйіміз қандай?


Оқушылар қолдарына берілген смайликтер арқылы өздерінің көңіл-күйлерін көрсетеді


Үй тапсырмасын тексеру

8 мин

-Оқушылар, үйге берілген есептер мен тапсырмаларға дайындығымыз қалай?

Оқушылардың үстелдеріне үй жұмысын бағалау критерийі қойылады.


«Галерияға саяхат »әдісі бойынша эссе жазу

Оқушылар «Бағдаршам» әдісі арқылы өздерін бағалайды.

Жасыл түс -толық дайынмын.

Сары түс – жартылай орындадым.

Қызыл түс – дайын емеспін.


Үйге берілген тапсырма бойынша эссе жазып,іледі.Смайликтер арқылы бағалайды

Тұсаукесер



2 мин

Периодтық кестенің суретін көрсетемін.

Бүгінгі сабағымыз не туралы болмақ? Қалай ойлайсыздар деп сұраймын

Оқушылар өз ойларын айтады,сабақтың тақырыбын жазады.

Негізгі бөлім



Мағынаны тану

20мин

Жұптасып ойлан,бөліс әдісі

Әр топ тағы оқушылар мәтінді алдымен жұппен,сосын топпен талқылайды,постер құрады,қорғайды.


«Екі жұлдыз ,бір тілек» арқылы бағалайды

Қорытынды



10 мин



Деңгейлік тапсырмалар

 І-деңгей. 1. Сілтілік металдарға сәйкес келетін элементтердің формуласын жазып, атаңдар. 2. Периодттық заңды кім және қашан ашты? 3. Мына элементтердің ішінен металдарды теріп жазып, оларды атаңдар:оттек,мыс,азот, темір,мырыш,қорғасын,қалайы, сутек 4. Период дегеніміз не? 5. Атом құрылысын кім және қашан ашты?

ІІ-деңгей.1. Д.И.Менделеевтің периодтық заңы қалай тұжырымдалады? 2. Атом құрылысы қандай? Реттік номер нені білдіреді?3. Кестені толтырыңдар.4. Мына өзгерістерді жүзеге асырыңдар. Алюминий→алюминий оксиді→алюминий гидроксиді→алюминий нитраты

ІІІ- деңгей 1. Массасы 10 г кальций карбонатын тұз қышқылымен әрекеттестіргенде бөлініп шығатын газды натрий сілтісі арқылы өткізгенде қанша грамм натрий гидрокарбонаты түзілетінін есептеңдер.

2. 20 г алюминийді тұз қышқылымен өңдегенде неше грамм және неше литр (қ.ж) сутек бөлінетінін есептеңдер. 

3. .И.Менделеевтің периодтық заңы қалай тұжырымдалады?



Синквейн әдісі Тақырып бойынша «5» жолды өлең құрастырады, оқиды.



Деңгейлык тапсырмалар орындайды.Критерий арқылы ,




Тақырып бойынша «5» жолды өлең құрастырады, оқиды

Бас бармақ арқылы бағалайды




Сабақтың талдауы



Сабақ бойынша өзгертулер


Деңгейлік тапсырмалар

 І-деңгей. 1. Сілтілік металдарға сәйкес келетін элементтердің формуласын жазып, атаңдар. 2. Периодттық заңды кім және қашан ашты? 3. Мына элементтердің ішінен металдарды теріп жазып, оларды атаңдар:оттек,мыс,азот, темір,мырыш,қорғасын,қалайы, сутек 4. Период дегеніміз не? 5. Атом құрылысын кім және қашан ашты?

ІІ-деңгей.

1. Д.И.Менделеевтің периодтық заңы қалай тұжырымдалады? 2. Атом құрылысы қандай? Реттік номер нені білдіреді?

3. Кестені толтырыңдар.

4. Мына өзгерістерді жүзеге асырыңдар. Алюминий→алюминий оксиді→алюминий гидроксиді→алюминий нитраты

ІІІ- деңгей

1. Массасы 10 г кальций карбонатын тұз қышқылымен әрекеттестіргенде бөлініп шығатын газды натрий сілтісі арқылы өткізгенде қанша грамм натрий гидрокарбонаты түзілетінін есептеңдер.

2. 20 г алюминийді тұз қышқылымен өңдегенде неше грамм және неше литр (қ.ж) сутек бөлінетінін есептеңдер

3. Д.И.Менделеевтің периодтық заңы қалай тұжырымдалады