Тест 8 сынып
1. Электртерістілік дегеніміз:
а) атомның электронды беру қабілеті;
б) атомның басқа элемент атомынан электронды өзіне тартып алуы;
в) атомдық бейметалдық қасиеті.
2. Атомдары электрондарын оңай беретін элементтер периодтық жүйеде қалай орналасқан
а) периодтың ортасында;
б) периодтың соңына таман;
в) периодтың басында.
3. Атомдары электрондарды қарқынды қосып алатын элементтер периодтық жүйеде қалай орналасқан
а) периодтың ортасында;
б) периодтың соңына таман;
в) периодтың басында.
4. Атомдары электрондарын оңай бөлетін элементтердің .................. қасиеті басым болады;
а) металдық;
б) бейметалдық;
в) екідайлы.
5. Атомдары электрондарды тез қосып алатын элементтердің ................... қасиеті басым болады;
а) металдық;
б) бейметалдық;
в) екідайлы.
6. Элементтердің электртерістілігі период бойынша қалай өзгереді:
а) солдан оңға қарай артады;
б) оңнан солға артады;
в) ешқандай өзгеріс болмайды.
7. Элементтердің электртерістілігі топ бойынша қалай өзгереді:
а) топ бойынша жоғарыдан төмен қарай артады;
б) жоғарыдан төмен қарай өзгермейді;
в) топ бойынша жоғарыдан төмен қарай кемиді.
8. Электртерістілік мәні ең жоғары элемент:
а) литий;
б) фтор;
в) цезий.