Пробиркаға 10 мл зерттелетін шырынды, құяды
1 мл дисульфофенол қышқылын қосады
1 мл 10% аммиак ерітіндісін қосады
Барлығын араластырып, шайқап 20 мин кейін кесте арқылы азоттың судағы мөлшерін анықтайды
Нитраттарды анықтау барысында, біз саяжайда және дүкендерден алынған жеміс-жидектермен жұмыс жасаймыз. Ол үшін бізге қажетті жеміс-жидектердің 4түрін дайындап аламыз. Алма,өрік, қызанақ, сәбіз. Жеміс пен көкөністерді екіге бөліп , ортасындағы шырынды бөлігіне нитратты анықтауға арналған реактивтерді тамшылату арқылы тәжірибелік жұмысымызды дайындаймыз.
1мл дисульфоқышқылын тамызып, үстіне 1мл 10% аммиак ерітіндісін тамшылатып, 20 минуттан кейін жеміс-жидектеріміздің өзгеріске ұшырағанын байқаймыз, егерде нитрат мөлшері көп болған жағдайда.
1-кесте. Нитраттардың мөлшерін анықтауға арналған рауал шкаласы.
2-кесте: Берілген көкеністер мен жеміс-жидектердің құрамындағы
нитраттарды анықтау шкаласы.
Жеміс-жидектердің атауы
Саяжайда өсірілген жеміс-жидектер
Дүкеннен алынған жеміс жидектер
3,0
мг/л
5,0 мг/л
10,0 мг/л
25,0 мг/л
50,0
мг/л
3,0 мг/л
5,0 мг/л
10,0 мг/л
25,0 мг/л
50,0 мг/л
Алма
+
+
Өрік
+
+
Сәбіз
+
+
Қызанақ
+
+
Орташа көрсеткіші
5,2мг/л
31,2 мг/л
1- тәжірибе, 1-ыдысқа саяжайдағы, 2-ыдысқа сырттан әкелінген алма жемісінің шырынын дайындап алып, 1мл дисульфоқышқылын тамызып, үстіне 1мл 10% аммиак ерітіндісін тамшылатып, 20 минут тосамыз. Біраз уақыттан кейін шырынның түсінің өзгеріске ұшырағанын байқаймыз. 1-ыдыста: әлсіз сарғылт түсті 2-ыдыста: ашық сары түске боялғанын байқадық.
2-тәжірибе: Дәл осы тәжірибе өрікке жасалынды. Біраз уақыттан кейін өрік шырынынң түсінің өзгергенін байқадық. 1-ыдыста: Өте әлсіз сары түс. 2-ыдыста: Әлсіз сары түске боялды.
3-тәжірибе: Сәбізге жасалынды. 20 минуттан кейін, 1-ыдыста: әлсіз сары түс 2-ыдыста: анық сары түстің болғанын анықтадық.
4-тәжірибе: Қызанаққа жасалынған тәжірибеден, 1- ыдыста: өте әлсіз сары түс 2-ыдыста: ашық сары түске боялды.
Тәжірибенің қорытындысы бойынша, саяжайда өсірілетін көкеністер мен жемісдердің құрамындағы нитраттардың таралуының орташа көрсеткіші – 5,2 мг/л, ал сырттан әкелінген көкеністер мен жемістердің орташа көрсеткіші – 31,2 мг/л болды.
Нақты сараптама жүргізу кезінде тәжірибе көрсеткіштері бойынша сырттан әкелінген көкеністер мен жеміс жидектердің құрамында нитраттардың таралу мөлшері көп болып шыққанын дәлелдедік
3.2 Жеміс-жидектердің шырынындағы С дәруменінің мөлшерін анықтау
С дәруменінің (аскорбин қышқылының) бар екенін анықтау.
Бұл өнімнің сулы ерітіндісін фильтрлеп алып, фильтратты көкшіл түс пайда болғанша 1% - к 1мл крахмалдың қатысында калий йодидіндегі йод ерітіндісімен титрлейді. С дәрумені ауада бұзылатындықтан, тәжірибені 10 минуттың ішінде жүргізу керек. С дәруменінің массалық үлесін мына формуламен анықтайды.
W=
Мұндағы, C, V- йод ерітіндісінің титрлеуге кеткен көлемі (мл) мен оның концентрациясы (моль/л)
m- өнімінің массасы, мг
V1- сулы ерітіндінің жалпы көлемі (мл)
V2- аликвотаның – үлгінің көлемі, мл (25 мл)
Йодометриялық титрлеу
I 2(сулы)+ С6Н8О6 С6Н8О6+2Н+(сулы)+2I-(сулы)
аскорбин дегидро аскорбин қышқылы
Vорташа= v1+ v2 +v3
3
K=0.176 ; k=T T=m\v m=k*vJ2
Титрлеуге кеткен көлемі
I2
Орташа көлемі
I 2Vорташа
С массасы,мг
V1
V2
V3
1
2
3
4
5
6
7
8
9
1
10.05.2016
Алма шырыны
Өскемен
V=6,0
V=2,1
V=3.9
V=6,2
V=1.8
V=4.4
V=6,1
V=1,5
V=4.6
V=4,3
V= 0.75
2
25.08.2016
Сәбіз шырыны
Өскемен
V=4.6
V=1.3
V=3.3
V=4.7 V=1.6
V=3.1
V=4.8
V=2.0
V=2.8
V=3.3
V= 0,8
3
20.08.2016
Қызанақ шырыны
Өскемен
V= 3.3
V=2.3
V=1.0
V=3.2
V=2.5
V=0.7
V=2.5
V=1.3
V=1.2
V=0.96
V=0.17
4
5.09.2016
Өрік шырыны
Өскемен
V=8.1
V=0.9
V=7.2
V=8.0
V=0.9
V=7.1
V=8.0
V=0.9
V=7.0
V=7.0
V=1.25
Зерттеу барысында иодометриялық әдісті қолдандық.
Зерттелген көкеністер мен жемістердің шырынының құрамындағы С дәруменінің мөлшерін анықтадым. Зерттелген шырындардың ішінен С дәрумені ең мол болатын өрік шырыны. Ал, сәбіздің ортаңғы өзегінде аскорбин қышқылы мол болатынын анықтадық.
Қорытынды
Қорыта келе, сырттан әкелінген және саяжайда өсірілетін көккеністер мен жеміс өнімдерінің шырындарының құрамындағы нитраттардың таралу мөлшерін анықтадық. Ал нақты сараптама жүргізу кезінде тәжірибе көрсеткіштері бойынша сырттан әкелінген көкеністер мен жеміс жидектердің құрамында нитраттардың таралу мөлшері көп болып шыққанын дәлелдедік. Әсіріесе, сырттан әкелінген сәбіздің құрамындағы нитраттардың таралу мөлшері көп екенін байқадық. Сонымен қатар, жемістердің құрамындағы Аскорбин қышқылы мөлшерін анықтағанда, өріктің шырынында көп болатынын дәлелдедік.
Дана қазақ халқы «Бірінші байлық - денсаулық» - деген екен. Денсаулығымыз мықты болу үшін біздің тұтынып жүрген көкеністер мен жемістердің сапасына аса мән беруіміз керек. Нитраттың шамадан көп болуы адам ағзасына кері әсер ететінін естеріңізде болсын. Дертке дауа болатын сапалы өнім өндіру үшін күш салуымыз керек. Сонымен қатар халыққа өзімізде өсірілетін қазақстандық өнімдеріне сұранысты арттыруымыз керек.
Ұсыныс:
1.Сапалы қазақстандық өнімге сұраныс арттыру
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Химическая энциклопедия. М.: Издательство БРЭ, 1992
2. Харьковская Н.Л., ЛяшенкоЛ.Ф., БарановаН.В. Осторожно – нитраты // Журнал «Химия в школе», 1999. – № 2. – С. 53
3. Анализаторы жидкости многопараметрические ЭКОТЕСТ–2000. Руководство по эксплутации КДЦТ. – 414310. 0.05 РЭ., М.: 2005. – С. 32
4.Жануарлар әлемінде. Алматы. 1992 ж
5. Дорофеева Т.И. Эти двуликие нитраты. Химия в школе, 2002, № 5
6. Научно-методический журнал «Химия в школе» №3 2000, №1 2003
7. Алтунин В.С., Белавцева Т.М. Контроль качества воды. Справочник М. 1994
8. Полевой В.В. Физиология растений. М.: Высшая школа, 1989;
9. Покровская С.Ф. Пути снижения нитратов в овощах. М.: Урожай, 1988.
10. Ревелль П., Ревелль Ч. Среда нашего обитания: М.: Мир, 1995
11.Скурихин И.М., Нечаев А.П. Все о пище с точки зрения химика.
М.: Высшая школа, 1991
12. Қаратаев М. Қ Қазақ Совет энциклопедиясы. 2-том Алматы. 1973ж
13. Сыбанбеков Қ. Биология ғажайыптары. - Алматы. Қайнар. 1973 ж
14. Продукты переработки плодов и овощей., Межгосударственный стандарт ГОСТ 29270–95., Минск, 1997. – С. 157
17