Маңғыстау облысы
Ақтау қаласы
«№28 жалпы білім беру орта мектебі» КММ
Сабақтың тақырыбы:
«Темір және оның қосылыстары»
Пәні: Химия
Сыныбы: 9
Пән мұғалімі: Тагаева Ұлмекен Бизаққызы
[pic]
Сабақтың тақырыбы: «Темір және оның қосылыстары»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:
Темір элементінің периодтық жүйедегі орнын, табиғатта кездесуі, алынуы, физикалық қасиеттері, химиялық қасиеттері, қолданылуы туралы мәліметтерді меңгерту;
Дамытушылығы:
Оқушының пәнге қызығушылығын, дүниетанымын, металдар жайлы алған білімді одан әрі дамыту;
Тәрбиелігі:
Темірдің тұрмыста қолданылуы мен адам ағзасы үшін маңызын түсіндіре келе қажеттілігі бойынша қолдануға үйрету.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: ұжымдық оқыту, сұрақ-жауап, СТО технологиясы, АКТ
Пәнаралық байланыс: Математика, әдебиет, биология, география, физика.
Сабақтың көрнекілігі: периодтық жүйе, интерактивті тақта, реактивтер, электронды оқулық.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. «Мағынаны тану» жаңа сабақтың тақырыбын оқушылармен бірлесе отырып ашу
ІV. Жаңа сабақты түсіндіру
V. Тәжірибелік бөлім (тәжірибелер көрсету)
VІ. Сабақты бекіту (сандық есептер, Венн диаграммасын орындау, Сандарды сөйлету)
VІІ. Бағалау, үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен сәлемдесу, назарларын сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
Тақырыбы: «Алюминий қосылыстары»
1. Алюминий элементінің атомдық құрылысын айтыңдар.
2. Алюминийдің табиғатта кездесуі және қосылыстары қандай?
3. Алюминийдің физикалық қасиеттерін сипаттаңдар.
4. Химиялық қасиеттері:
А) жай заттармен әрекеттесуі;
Б) күрделі заттармен әрекеттесуі
5. Өнеркәсіпте алыну жолын ата және елімізде қай қалада алюминий өндіретін өнеркәсіп орындары бар?
№3, №6 есептерді (162 бет) тексеру
№3 есеп
Берілген айналымдарды іске асыруға болатын химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар
Al2(SO4)3 → AlCl3 → Al(OH)3
№6. Құрамында 30 г алюминий хлориді бар ерітіндіге калий гидроксидінің ерітіндісін құйғанда тұнбаға түсетін алюминий гидроксидінің массасы қанша?
ІІІ. «Мағынаны тану» жаңа сабақтың тақырыбын оқушылармен бірлесе отырып ашу
Сөзжұмбақ шешу (көлденеңінен)
Ең жеңіл металл (литий)
Электрохимиялық кернеу қатарын кім ұсынды? (Бекетов Н.Н.)
3. Электрөткізгіштігі 2-орындағы металл (мыс)
4. Қандай металдарды керосиннің астында сақтайды? (сілтілік)
5. Ең қатты металл (хром)
[pic] т
[pic] [pic] [pic] [pic] [pic]
е
[pic] [pic] [pic] [pic] [pic]
[pic]
м
[pic] [pic] [pic] [pic] [pic]
і
[pic] [pic] [pic]
[pic] [pic]
р
[pic]
ІV. Жаңа сабақты түсіндіру
Жаңа сабақ жоспары:
1. Темірдің периодтық жүйедегі орны
2. Табиғатта таралуы
3. Физикалық қасиеттері
4. Алынуы мен қолданылуы
5. Темірдің химиялық қасиеттері
6. Темірдің маңызды қосылыстары
Алюминийдің периодтық жүйедегі орны
Fe – VІІІ топтың қосымша топшасының элементі.
Реттік нөмірі – 26 Салыстырмалы атомдық массасы – 56 г/моль
Валенттілігі ІІ және ІІІ Тотығу дәрежесі +2; +3
Табиғатта кездесуі
Тек қосылыс түрінде. Жер қыртысында 4,2%, таралуы жөнінен 2 орындағы металл.
Темірдің маңызды минералдары:
Магнитті теміртас (Магнетит) Fe3 О4
Қызыл теміртас (Гематит) Fe2О3
Пирит (темір колчеданы) ҒeS2
Темір сульфаты ҒeSО4
Темір гидрокарбонаты Ғe(НСО3)2
Физикалық қасиеттері
Темір – жылтыр, күміс түстес ақ металл, оның тығыздығы 7,87г/см3. Қиын балқиды, иілімді, магниттелетін және оны жоғалтатын қасиеттері бар.
Т [pic] емірдің ғажайыптары
Эйфель мұнарасы
1889 жылы Парижде француз инженері
Гюстов Эйфель алып мұнара
құрылысын аяқтады.Париж эмблемасына
айналған мұнара биіктігі 300 метр,
таза темір металынан тұрады.
[pic]
Меккедегі қара тастың құрамы темір
металынан құралған, оның ауада қалқып
тұру себебі магниттік қасиетіне негізделген
[link]
«Делидегі темір бағана»
Алынуы.
Оксидтермен тотықсыздандыру
ҒеО+СО=Ғе+СО2
Алюмотермия әдісі
2АІ+Ғе2 О3=АІ2 О3+2Ғе
Электролиз әдісі
ҒеСІ2 → электр тогы Ғе+СІ2
Химиялық қасиеттері
I. Жай заттармен әрекеттесуі:
Темір оттекте жанғанда екі тотығу дәрежесін де (+2, +3) көрсетеді, ұшқын шашыратып жанады:
3Fe + 2O2 = Fe3O4
Белсенді бейметалдар темірді тотықтырады:
2Fe + 3Cl2 = 2Fe3+ Cl3-
Fe + S = FeS
Күрделі заттармен әрекеттесуі:
Fe + H2O = FeO + H2↑
Концентрлі азот және күкірт қышқылдарында темір енжарланады, өйткені ерімейтін қосылыстардың қорғағыш қабатшасымен қапталады.
Fe + 4HNO3(сұйық) = Fe(NO3)3 + NO + 2H2O
Fe + H2SO4(сұйық) = FeSO4 + H2 ↑(тәжірибе)
Fe + CuCl2 = FeCl2 + Cu
Темірдің маңызды қосылыстары.
Темір (ІІ) оксиді немесе (FeO) – негіздік оксид, оңай тотығатын қара ұнтақ, оны мына реакция бойынша алады:
Fe2O3 + CO 2FeO + CO2
Қышқылдармен және қышқылдық оксидтермен әрекеттесіп тұз түзеді:
FeO + 2HCl = FeCl2 + H2O
FeO + CO2 = FeCO3
Темір (ІІІ) оксиді Fe2O3 – амфотерлі оксид, бірақ негіздік қасиеті басымдау, ең тұрақты оксид, қызыл-қоңыр түсті, минералы гематит.
V. Тәжірибелік бөлім
қышқылмен FeO + H2SO4 = FeSO4 + H2O (тәжірибе көрсетіледі)
FeSO4 + 2KOH → Fe(OH)2↓+ K2SO4 (тәжірибе көрсетіледі)
жасыл тұнба
FeCl3 + 3NaOH → Fe(OH)3↓+ 3NaCl (тәжірибе көрсетіледі)
Қызыл-күрең түсті тұнба
VІ. Сабақты бекіту бөлімі
Есептер шығару
№6. Берілген айналымдарды жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жазыңдар
Fe → FeCl2 → Fe(OH)2 → Fe(OH)3→ Fe2O3 → Fe
№7. Темірдің массалық үлесі қайсыларында көп: темір (ІІ) оксидінде ме, әлде темір (ІІІ) оксидінде ме?
Венн диаграммасы
[pic] [pic]
[pic] [pic] [pic]
Сандарды сөйлетейік
[pic] [pic] [pic]
[pic] [pic] [pic]
[pic] [pic] [pic] [pic] [pic]
[pic] [pic] [pic]
[pic] [pic] [pic]
VІ. Бағалау
VІІ. Үйге тапсырма: §37-38. №9-10 есептер шығару
VІ. Бағалау. Үйге тапсырма беру