Сабақтың тақырыбы: Көміртек және оның қосылыстары
Сабақтың мақсаты:а)білім алушыларға ІV топтың негізгі топшасына
жалпы шолу жасап, оның ішінде көміртек, оның қосылыстары, периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы, табиғатта кездесуі, алынуы, физикалық, химиялық қасиеттері жөнінде
түсінік беру.
ә)алған білім, білік, дағды, логикалық ойлау қабілетімен көру, еске сақтауын жұмбақтар шешіп, реактивтермен жұмыс жасап, реакция теңдеулерін жазу арқылы дамыту, тереңдету;
б)қоршаған орта, оларды қорғау, табиғатта таралған химиялық элементтерді зерттеуге, олардың маңызын айта отырып техникалық қауіпсіздігін сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру, есептер шығару , тәжірибелер орындау
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, қазақстан картасы , пробиркалар, химиялық стакан, түтікше, күкірт қышқылы, тұз қышқылы, индикатор қағазы.
Қолданатын технология :СТО
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Ой шақыру
ІІІ. Мағынаны тану – жаңа тақырып
ІV. Ой түйін
V.рефлексия
VІ.Үйге тапсырма беру
VІІ бағалау
І. Ұйымдастыру
Білім алушылармен амандасып, сабаққа қатысуын түгелдеп, назарларын аударып, үй тапсырмасын сұрауға дайындау.
. Ой шақыру
ҚТ – ережесі суреттер сөйлейді
Тест тапсырмасы :
1. Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесінде қанша бейметалл бар?
А.15
В.8
С.22
Д.20
2. Сұйық бейметалл элемент
А. S В.N2 С. Cl2 Д. Br2
3. Период бойынша бейметалдардың қасиеттері
А. Артады В.Кемиді С.Өзгермейді Д. Дұрыс жауап жоқ.
4. S- ке тән тотығу дәрежесі мәндерінің қатары:
А) 0,+1,+2,+3; В) 0,+1,+2,+3,+4; С) -2,0,+4,+6; Д) -2,0,+3,+4.
5.Күкірттің физикалық қасиеттері:
А) суда жақсы ериді, жылу өткізеді, сары түсті;
В) суда нашар ериді, жылу өткізбейді;
С) t б = 119 0 С , жұмсақ, қызыл түсті;
Д) суда ерімейді, жылу өткізбейді, сары түсті.
6. Күкірттің күкірт және күкіртті қышқылдарындағы валенттілігі
А) VI, III
В) VI, IV
С) IV, II
Д) ІІ , VI
7. Күкірт қышқылы
А) суда жақсы ериді
В) иіссіз
С) су буларын сіңіреді
Д) метилоранждың түсін сары түске өзгертеді
8.Бос күйінде азот ауаның құрамында неше пайызды құрайды ?
А. 75% В.56% С. 78,1% Д. 82%
9. Ортофосфор қышқылының формуласын көрсет.
А) Н3РО4
В) НРО3
С) Н4Р2О7
Д) Н2РО4
10 . Бейметал оксиді
A) Al2O3
В) ZnO
С) Р2O5
Д) Na2O
Жаздың жанға жайлы күндерінің бірінде Алмас шопан атасының үйіне
демалуға келді. Көмекші немересінің келгеніне атасы қатты қуанды.
Бір күні қой жайып жүріп, Алмас қара тас тауып алды. Онымен сурет салып көрді де, қара із қалдыратынын байқады.
Түсте от жағып, сүт пісіріп ішіп, маужырап ұйқысы келді. Бала ұйықтап кеткенде қолындағы тасы сусып, отқа түсіп кетеді. Тас от алып түтінденеді. Осы кезде жауған жаңбыр түтінді жерге сіңіреді. Одан ауыр әкті су ағады. Жарқырап күн де шықты. Күн сәулесінің жылуынан әр жерде әкті су, ұсақ кепкен ақ тастар шашылып жатады.
Оянған Алмас жаңбырдың қара тасты ақ тасқа айналдырғанын көріп, таң-тамаша қалады.
Ақ тасты алып жерге сызып көріп еді, өзіндік ақ із қалдыратынын байқады.
Қара тас не? Ақ тас қалай пайда болды?
ІІІ. Жаңа сабақ
Сабағымыздың мақсаты:
бейметалдар тобына жататын көміртектің ІV топ негізгі топшасына
1Периодтық жүйедегі орны
2. Атом құрылысы
3. Табиғатта кездесуі
4. Физикалық қасиеттері
5. Химиялық қасиеттері
6. Қосылыстары
7. Зертханалық тәжірибелер
8. Қазақстандағы жаңалықтар
9. Қолданылуы
10. табиғаттағы айналымы туралы айтып шығармашылық көзқарастарын ояту .
11. Есептер
1. 1784 жылы француз ғалымы А. Лавуазье «Жай денелер таблицасы» деген еңбегінде «Карбо» - латынша көмір деген ұғымды білдіреді. Орысша «углевод» деп аталуын орыс ғалымы М. В. Соловьев – 1824 жылы. 1928 жылы «Көміртек» деген атауды аудармашы Р. Бөкейханов ұсынды. «С» - күйе түрінде өте ерте заманда белгілі.
2. Атом құрылысы: +6С 1s2 2s2 2p2
К ө м і р
Көмірдің түрлері
көмртектің 92 - 95% ерте кездегі көмірді құрайды
көмртектің 70% өндірістегі көмірді құрайды
көмртектің 80% ағаш көмірді құрайды
көміртектің 90% тас көмірді құрайды
3. «Көміртегі – өмір тірегі» дегенді қалай түсінесің? Табиғатта таралуы
а) Барлық тірі ағзалардың құрамына кіреді.
б) Тас көмір, шымтезек, мұнай құрамы.
в) Әк тас, бор, мәрмәр құрамына кіреді.
4. физикалық қасиеті
Көміртек –”карбениум” деген латын сөзінен шыққан
Көміртек бос күйінде алмаз бен графит түрінде кездеседі .
Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістері
карбин мен фуллерен
Аллотропиялық түр өзгерісі:
Атомдарының гибридтелуі Атомдарының орналасу құрлысы
Алынуы, физикалық қасиеті.
Ашылу тарихы.
Фуллерен
Sp
С60 С70 С84 Футбол тобы тәрізді тұйық, сақиналы..
Қатты.
ХХ ғасырда 80ж КСРО
Карбин
Sp2
-С=С-С=С-
Қара түсті, ұсақ кристалды ұнтақ Графтит-28000*С-Карбон.
ХХ ғасырда 60ж КСРО
Алмаз
Sp3
С6 С6....п
Белгілі ретппен кристалданып, орналасқан
С---С—С
Реттілік
Графит
Sp2
Сақталады қарындаштың өзегі, электродтар дайындауда.
көміртек түзетін тағы бір жай зат (аморфты түрі) ағаш көмірі – құрылысы кеуіп болғандықтан, өз бетінде газдарды, сұйықтарды сіңіреді. Осы қасиетін адсорбция деп атайды және газ тұтқыштар жасауда қолданды. Сондай ақ дәріханада – белсендірілген көмір карбаны деген атпен сатылатын таблеткалар адам уланғанда немесе ішекке газ толып мазасызданған жағдайда беріледі.
Көмірдің және басқа заттардың өз бетінде газдарды , буды еріген заттардың бөліктерін ұстап қалу қабілеті адсорбция деп аталады .
Адсорбент—сіңіруші зат
Адсорбант—сіңірілуші зат
Тәжірибе: Сұйық сия құйылған ыдысқа көмір ұнтағын салып бірнеше уақыттан кейін бақылаған кезде сұйық ерітінді түзігенін байқаймыз.
Бұдан шығатын қорытынды:
Адсорбент----көмір
Адсорбант ---сия.
5. химиялық қасиеттері
1.C + O2 → СО2+ 402 кДж
2.2C + O2 →2СО
3.C + CuO→СО2 + Cu
4.C + 2H2→СН4
6. Көміртектің қосылыстары
Көміртек қосылыстары
∕ \
Көміртек (II)оксиді Көміртектің (IV) оксиді
СО көміртегі (II)оксиді-түссіз, иіссіз, улы газ. Суда нашар ериді, асқа заттармен реакцияға түспейді. Оны иіс газы деп те атайды. Отын шала жанғанда бөлінген иіс газымен адам дем алса, уланады. өйткені иіс газы организмде гемоглобиннің оттекті тасымалдауын мүмкіндік бермейді. Мұндай жағдайда адамды тез таза ауаға шығару керек, сонда гемоглобиннің өз қалпына келеді. Ал иіс газы көмірқышқыл газына айналып тотығады да,тыныс алғанда өкпеден шығады:
2CO + O2 ═ 2CO2
CO-тұз түзбейтін,бейтарап оксид.
СО2-көмірқышқыл газы, көміртек(IV) оксиді, иіссіз, түссіз газ, ауадан 1,5 есе ауыр газ. Олжанбайды және басқа заттардың жануын қолдамайды .Осы қасиетіне байланысты өрт сөндіруге қолданады . Лабораторияда қышқылдардың мәрмарға немесе борға әсер ету арқылы алынады.
СО2-қышқылдық оксид, сондықтан сілтілермен әрекеттеседі.
CO2 + Ca(OH)2 ═ CaCO3↓ + H2О
Көміртек (IV)оксиді негіздік оксидтермен әрекеттеседі:
CO2 + CaO ═ CaCO3
Сумен әрекеттескенде көмір қышқылы түзіледі:
CO2 + H2O ═ H2CO3
Көмір қышқылы ХVІІІ ғасырда Д.Пристли алған. Ол көмір қышқыл газын суда ерітті. Оны «сода суы» деп атады. Пристли осы қышқылды ашқаны үшін алтын медальмен марапатталды.
Көмір қышқылы- Н2СО3 тұрақсыз зат,оңай айырылады. Сатылап диссоциацияланады .
Карбонаттар мен гидрокарбонаттар.
Н2СО3 + 2NaOH→Na2CO3+2 Н2О
Н2СО3 + NaOH→NaНCO3+ Н2О
Көмір қышқылының тұздары қыздырғанда ыдырайды .
СаСО3→СаО+СО2
NaНCO3→ Na2CO3+СО2+Н2О
Бейне материал – Казақстандағы жаңалықтар
№1 Тәжірибе натрий карбонатына күшті қышқылдармен әсер етсе «быжылдаған газ »бөліне бастайды .
Na2CO3+2НCl→NaCl+Н2О+СО2
№2 «Сиқырлы жалын»
1. Ақ қағаз, күкірт қышқылының ерітіндісі, жанарғы берілген.
2. Ақ қағазға таяқшаны ерітінді қышқылға батырып, мысалы «химия» деп жазу.
3. Ерітінді сәл ауада кептіріп, жанарғыда жалынға ұстап, қара түсті жазудың пайда болғанын көрдік.
7.Қолданылуы
8. Көміртектің табиғатта айналымы .
11 .Есептер
1-есеп.12,8 г мысты тотықсыздандыру үшін мыс (II) оксидімен неше грамм көміртек әрекеттеседі?
2-есеп.12 г кальций мен 6 г көміртек әрекеттескенде неше грамм кальций карбидін алуға болады?
3 – есеп Құрамында 5 %- тік қоспасы бар 100 кг әктасты қыздырғанда , қ.ж неше литр көмірқышқыл газ бөлінетінін есептеңдер .
4- есеп массасы 146 г натрий карбонаты мен гидрокарбонатынан тұратын қоспаны қатты қыздырған соң , 137 г қатты қалдық қалды .Қоспадағы әр тұздың массасын , массалық үлесін табындар .
Жаңа тақырыпты бекіту
3. «Сандарды сөйлетейік»
IV, II
12
6
28
44
1. «ВЕНН диаграммасы»
Көміртегі монооксиді Көміртегі диоксиді
2. көміртектің неше аллотропиялық түр өзгерісі бар?
3.Алмаздың физикалық қасиеті қандай?
.Адцорбция деген не?
6.Көміртектің табиғаттағы айналысы қандай?
2. Сәйкестендіру тесті.
1. Метан --------------------------- а) МgCO3
2. Көмір қышқыл газы --------- ә) CH4
3. Мәрмәр ------------------------- б) CaCO3*Мg CO3
4. Магнезит ----------------------- в) CO2
5. Доломит ------------------------ г) CaC2
6. Кальций карбиді ------------- д) CaCO3
Үйге тапсырма Көміртек және оның қосылыстары
№1 көміртек пен күкірттің 4 г қоспасын жаққанда 12г көміртек (ІV) және күкірт (ІV) оксидтерінің қоспасы түзеді .Қоспада неше грамм көмір және күкірт болған .
Көміртек және оның қосылыстарына тест құрау .