Мыс, мырыш және олардың қосылыстары 10 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы: Мыс, мырыш және олардың қосылыстары

Сабақтың мақсаты Білімділік: элемент атомының құрылысы мен кристалл торларының ерекшеліктері туралы білімді қалыптастару; олардың табиғатта кездесуі, қасиеттері, қолдануы, алынуымен таныстыру

Дамытушылық: алған білімдерін жадында сақтау, ой-қабілеттерін дамыту, тіл шеберлігін, білімге құштарлығын, дүниетанымға көзқарасын арттыру

Тәрбиелік: Оқушыларды сабақ уақытын бағалауға үйрету,пәнге қызығушылығын арттыру, шығармашылыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық, периоттық кесте

І Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ мазмұнымен таныстыру

Қызығушылықты ояту. өзжұмбақ шешу)

  1. Екі немесе одан да көп металдан тұратын жүйе қалай аталады? (құйма)

  2. І топтың қосымша топша металы? (мыс)

  3. Қара металлургияның наны? (темір)

  4. Сұйық металл? (сынап)

  5. Темір құймасы? (шойын)

  • Мырыш-ІІ Б,мыс-ІБ топтың элементі мырыш химиялық реакцияларда тек соңғы қабаттағы 2s электронды беріп,+2 тотығу дәрежесін көрсетеді.Мыс атомдары қосылыстарда +1 тотығу дәрежесін көрсетеді. Біршама тұрақты тотығу дәрежесі +2 және тотығу дәрежесі +3 болатын тұрақсыз қосылыстарының біразы белгілі.

  • Атом құрылысы

Мыс 1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d10 4s1

  • Табиғатта таралуы

Жер қыртысында мыстың мөлшері 0,01% массаны құрайды. Мыс кендерінің табиғи минералдарының құрамында мыстың мөлшері едәуір болғандықтан, одан металды бөліп алу экономикалық жағынан тиімді. Мыс кенінің қорының үлкен бөлігі Жезқазған маңында, сондай-ақ Павлодар, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, кенді Алтайда бар.

  • Физикалық қасиеті

Мыс ашық қызғылт түсті жылтыр металл, тұтқыр жеңіл созылады. Балқу температурасы - 1083°С. Тығыздығы – 8,9 г/см3.

  • Химиялық қасиеті

Си+СІ2→СиСІ2

Си+О2→СиО

Си-2Н2SO4 → СиSO4 + SO2 + 2Н2О

  • Периодтық жүйедегі орны

Мырыш- №30 Аr=65

  • Атом құрылысы

1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d10 4s2

  • Табиғатта таралуы

Жер қыртысындағы құрамы бойынша мырыш басқа элементтер арасында 23 орынды алады. Әдетте мырыш кендері полиметалдық. Оларды сонымен бірге мыс, қорғасын, кадмий т.б. металдардың кендері болады. Мырыштың маңызды минералы-мырыш алдамшысы-ZnS.

  • Алынуы

Кендерден металдық мырышты алу үшін пирометаллургиялық және гидрометаллургиялық процестерді қолданады.

2ZnS + 3О2 → 2ZnO + 2SO2

ZnO + С → Zn + СО

  • Физикалық қасиеті

Мырыш-көкшіл ақ түсті металдық жылтыры бар металл. Ылғалды ауада жылтыры оксидтік қабықшаның түзілуімен байланысты біртіндеп жойылады. Мырыш қаттылығы орташа металл. Таза металл жұқа фольгаға дейін жайылады.

  • Химиялық қасиеті

Zn+СІ2→ZnСІ2

2Zn+О2→2ZnО

Zn+Н2О → ZnO+Н2

Zn + 2NaОH(кристал) Na2Zn O22

натрий цинкаты

Zn + 2NaОH 2О →Na2[Zn (OН)4)]2

натрий тетерагидроксоцинкаты

Zn (OH)2 –мырыш гидроксиді, екідайлы қосылыс.

Zn (OH)2 + 2HCI = ZnСІ2 + 2Н2О

Zn (OH)2 + 2NaOH = Na2[Zn (OН)4)]

Сабақты бекіту: Оқулықпен жұмыс. Сұрақтарға жауап беріп, жаттығулар мен тапсырмалардыорындау.

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсарма: Мыс, мырыш және оның қосылыстары.




















Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы: Темір және олардың қосылыстары

Сабақтың мақсаты А) Білімділік: темір периодтық жүйедегі орны, табиғатта таралуы,физикалық , химиялық қасиеттерін түсіндіру

Ә) Дамытушылық: Оқыту кезінде оқушыларға тапсырмалар, деңгейлік сұрақтар пайдалана отырып, қызығушылықтарын, ой-өрістерін арттыру;

Б) Тәрбиелілік: Оқушыларды өз беттерінше жұмыс жасауға, бірін-бірі тыңдап, өз ойларын білдіре алуға, алған білімдерін іс-жүзінде қолдана білуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: аралас сипатта

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: баяндау,сұрақ,жауап т.б.

Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық тапсырма, интерактивті тақта, электрондық оқулық т.б.

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

ІІІ. Жаңа сабақ мазмұнымен таныстыру:

Темірдің валенттік электрондары сыртқы s-электрондар және сырттан санағанда екінші деңгейдегі d-электрондар болып табылады, сондықтан ол ауыспалы тотығу дәрежелерін көрсетеді.

Темір химиялық реакцияларда 2 немесе 3 электрон беріп, өзінің тұрақты қосылыстарында +2 және +3 тотығу дәрежелерін көрсетеді.

Темірдің тотығу дәрежесі +6 (K2FeO4 калий ферраты) болатын тұрақтылығы төмен қосылыстары белгілі.

Темір табиғатта таралуы бойынша екінші метал. Жер қыртысында темір көптеген минералдар түзеді. Темірдің маңызды өнеркәсіптік кендері: қызыл теміртас, магниттік теміртас, пирит, . Елімізде темір кендерінің үлкен қоры Рудный темір кені бассейінде және Орталық Қазақстанда.

Fe3O4 +4CO = 3Fe +4CO2 2Fe +3CI2=2FeCI3 Fe+S=FeS

FeO+H2=Fe+H2O 3Fe+2O2 = Fe3O4 Fe+H2O = FeO+H2

Fe2O3 +2AI =2Fe +AI2O3 4Fe+6H2O +3O2=4Fe(OH )3 Fe+2HCI= FeCI2+H2

ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау

1тапсырма . Мынадай айналуларды жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жазыңдар.

Fe FeCI2 Fe (OH)2 FeO Fe

2тапсырма Қыздырылған Fe2 O 3 арқылы сутекті өткізіп, темір алуға болады. Егер 2,24 л сутек жұмсалса, темірдің массасын есептеңдер. Реакция өнімінің шығымы теориялық мүмкіндіктің 95 ٪ құрайды.

Ү. Сабақты қорытындылау

1. Әр түрлі валенттік күйдегі темір атомдарының графиктік формуласын бейнелеңдер. Темірдің мүмкін болатын тотығу дәрежелерін түсіндіріңдер

2. Темір , тұз қышқылы, натрий гидроксидінен темір (ІІ) оксидін қалай алады

Темірге қысқаша сипаттама беріңдер.

1.Периодтық жүйедегі орны ..........................

2.Атом құрылысы ..............................

3.Физикалық қасиеттері ..........................

4.Мүмкін болатын тотығу дәрежесі ....................

5.Жай заттарға қатысы .........................

А) галогендерге ..............

ә) оттекке ................

б) күкіртке ................

ҮІ. Сабақта оқушылар білімін бағалау:

ҮІІ. Үйге тапсырма: Тақырыбы: § 6.5

Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы: Хром және олардың қосылыстары

Сабақтың мақсаты: А) Білімділік: хромның периодтық жүйедегі орны, табиғатта таралуы, физикалық , химиялық қасиеттері туралы түсінік беру

Ә) Дамытушылық: Оқыту кезінде оқушыларға тапсырмалар, деңгейлік сұрақтар пайдалана отырып, қызығушылықтарын, ой-өрістерін арттыру;

Б) Тәрбиелілік: Оқушыларды өз беттерінше жұмыс жасауға, бірін-бірі тыңдап, өз ойларын білдіре алуға, алған білімдерін іс-жүзінде қолдана білуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: аралас сипатта

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: баяндау,сұрақ,жауап т.б.

Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық тапсырма, интерактивті тақта, электрондық оқулық т.б.

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

ІІІ. Жаңа сабақ: Тақырыбы: § 7.3

Cr2O3 +2AI = AI2O3 +2Cr 4Cr +3O2=2Cr2O3 2Cr +3CI2 =2CrCI3

2Cr + 3H2O =Cr2O3 +3H2 2Cr+N2=2CrN 2Cr + 3S = Cr2S3

2Cr +3H2SO4 = Cr2SO4 +3H2 CrO + 2HCI =CrCI2 +H2O CrCI2+2HCI =CrCI2+2H2O

Хром және оның құймалары – қазіргі жаңа техниканың бағалы материалдары. Хром қара металлургияда қолданылатын бірден-бір маңызды легирлеуші элемент. Ол серіппе , серіппегіш, аспаптық және шарикті мойынтіректік болаттарға қосады. Таттанбайтын болаттың ең кең таралған маркасында 18 ٪ хром және 8 ٪ никель бар. Хромның никельмен құймасы –нихромдар қыздырғыш элементтерді дайындау үшін қолданылады.

ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау

1тапсырма . Мына айналуларды жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жазыңдар:


а) Cr CrCI2 Cr (OH )2 Cr (NO3 )2


ә) Cr2SO4 Cr (OH)3 Cr2O3 Cr Cr2S3

2тапсырма . Тотығу тотықсыздану процесіндегі хромның рөлін анықтаңдар:

CrO3 + H2S Cr2 (SO4 )3 +S +H2O

Ү. Сабақты қорытындылау Тест жұмысы

1. Хром қандай қышқылдарда ериді?

а) HCI (с) ә) HNO3 (с) б) HNO3 (к) в) H2SO4 (к)

2. Хром қосылыстарындағы неғұрлым тұрақтырақ тотығу дәрежесі:

а) +2 ә) +3 б) +4 в) +6

3. Cr 2O3 -тен хром алу үшін қолданылатын тотықсаздандырғыш:

а) AI ә) SO2 б) C в) H2S

4. Қышқылдық қасиеті басым хром оксидтері :

а) CrO ә) Cr2O3 б) CrO3

5. Тұз қышқылымен әрекеттесетін хром оксидтері

а) CrO ә) Cr2O3 б) CrO3


ҮІ. Сабақта оқушылар білімін бағалау:

ҮІІ. Үйге тапсырма: § 6.4








Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы: р-элементтердің периоттық жүйедегі орны, атом құрылысының ерекшеліктері. Алюминий және олардың қосылыстары

Сабақтың мақсаты: Білімділік: алюминий және оның қосылыстарының қасиеттерімен алыну жолдарын үйрету

Дамытушылық: оқушылардың іскерлігін, өз бетімен ізденуін, ой-өрісін, шығармашылық мүмкіндігін және ғылыми көзқарасын дамыту

Тәрбиелік: Оқушыларды ізденімпаздыққа баули отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді қалыптастыру

Сабақтың әдісі: әңгімелесу, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: слайдтар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.

ІІ. Сабақ кезеңдерімен таныстыру

  1. «Бәрін білгім келеді»жаңа сабақ мазмұнымен таныстыру

  2. «Терең ой» оқулықпен жұмыс

  3. «Сандарды сөйлетейік»

  4. «Тапқыр, әрі ұшқыр болсаң»

  5. «Деңгейлік тапсырма»

  6. Білімді тиянақтау

ІІ Жаңа сабақ

  • Атом құрылысы

+13 АІ 1s2 2s26 3s21

  • Табиғатта таралуы

Белсенді болғандықтан алюминий табиғатта бос күйінде кездеспейді, ал қосылыстар түрінде ең көп кезлескені.








  • Физикалық қасиеті

Алюминий күмістей ақ жеңіл металл.Тығыздығы 2,7г/см3, иілгіштігі жоғары, ол оңай фольга түрінде жайылады және сым түрінде созылады.

  • Химиялық қасиеті

  1. Алюминийде оксидті қабықша тотығуға мүмкіндік ермейді.

4АІ+3О2→2АІ 2 О 3

Сынаппен алюминий амальгама түзеді, амальгамалық алюминий сумен қарқынды әрекеттеседі.

  1. Галогендермен әрекеттеседі

2АІ+3СІ2→2АІСІ3

  1. Сумен әрекеттесуі

2АІ+6Н2О→2АІ(ОН)3+3Н2

  1. Қышқылдармен әрекеттеседі

2АІ+6НСІ→2АІСІ3 + 3Н2

Алюминий оксидінің екідайлық қасиет көрсетуі.

АІ 2 О 3 + 6HCI = 2 AICI 3 +3 Н2O

АІ 2 О 3 + 6Na OH = 2 Na3 AIO3 +3 Н2O

Натрий ортоалюминаты

1000

2 АІ 2 О 3 + 2Na OH = 2 Na3 AIO2 + Н2O

Натрий метаалюминаты

АІСІ3 + 2Na OH = AI (OH)3 +3 NaCI

Қыздырғанда алюминий гидроксиді ыдырайды.

«Терең ой» оқулықпен жұмыс

7 өзгерісті жүзеге асыру

«Сандар сөйлейді» ойыны бойынша тапсырманы орындау

«Тапқыр, әрі ұшқыр болсаң»

1.Алюминий бейметалдармен оның ішіндн, оттек пен галогендермен әрекеттеседі, бір ғажабы коррозияға ұшырамайтындағы түсініксіз жағдай. Шыбықтың майысқан ұшы дорба сияқты, дорбаның іші мөп-мөлдір бұл қалай

«Деңгейлік тапсырмалар» нұсқау қағаздары бойынша

Бекіту Өзіндік жұмыс:

Оқулықтағы жаттығулар мен тапсырмаларды орындау

1 тапсырма Мынадай айналуларды жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жазыңдар

AI AICI3 AI(OH)3 AI2O3 AI2 (SO4 )3

2 тапсырма . Массасы 9 г алюминий мен мыс қоспасын тұз қышқылымен өңдегенде , реакция аяқталған соң 5,6 л газ жинап алынды. Қоспадағы мыстың массалық үлесін есептеңдер.

3 тапсырма ІІІА топ элементтеріне жалпы сипаттама беріңдер. Алюминийдің электрондық және графиктік формуласын жазыңдар. Оның валенттік мүмкіндіктерін дәлелеңдер.

Ү. Сабақты қорытындылау

Сұрақтар

Жауаптар


1

AI-----Ga------Іn------Ti бағытында элементтердің металдық қасиеттері қалай өзгереді ?

А. Күшейеді

Ә. өзгермейді

Б. әлсірейді


2

Алюминий гидроксиді натрий гидроксидінің ерітіндісімен әрекеттескенде мына қосылыстардың қайсысы түзіледі?

А. NaAIO2

Ә. NaAI(OH)4

Б. Na2OAI2O


3

Өндірісте алюминийді оның қандай табиғи қосылысынан алады?

А. Бокситтен

Ә. Алюмосиликаттан

Б. Глиноземнен


4

Алюминий 1) дигидроксохлориді, 2) гидроксохлориді ,

3) хлориді берілсе , мына формулаларды сәйкестендіріңдер: а) AI(OH)CI2 б) AI(OH) 2CI в)AICI3

А. 1б,2а.3в

Ә. 1а,2б,3в

Б. 3а,2в,1б


5

Алюминий концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттескенде не байқалады?

А. Бәсеңсу

Ә. Жарқырау

Б. Күңгірттеу



ҮІ. Сабақта оқушылар білімін бағалау:

ҮІІ. Үйге тапсырма: Тақырыбы: § 7.1

Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы: Көміртек, кремний және олардың қосылыстары

Сабақтың мақсаты: Білімділік. Оқушыларға көміртек пен кремнийдің периоттық жүйедегі орны, атом құрылысы, табиғатта таралуы, физикалық қасиеттері, ашылу тарихы, қолдануы, химиялық қасиеттері, биологиялық маңызы туралы түсінік беру.

Дамытушылық. Көміртектің химиялық элемент және жай зат ретіндегі қасиеттері мен оның аллотропиялық түрөзгерістері жайлы түсінікті әрі жалғастырып дамыту.

Тәрбиелік. Оқулықпен, ондағы берілген тапсырмалармен жұмыс істеуді үйрете отырып қоршаған ортаны тани білуге, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сөздік-көрнекілік

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың көрнекілігі: инт. тақта, элек оқулық

І Ұйымдастыру

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ мазмұнымен танысу

ІҮ топша элементтеріне көміртек, кремний, германий, қалайы және қорғасын жатады. Олардың сыртқы энергетикалық деңгейінде ns22 электрон болады. Реттік номерінің өсуімен элементтердің атом радиустары да артады, иондану энергиясы мен салыстырмалы электртерістігі кемиді.

ІҮ А элементтерінің қасиеті


Қасиеттері

С

S

Ge

Sn

Pb

Реттік номері

6

14

32

50

82

Салыстырмалы атомдық массасы

12,0111

28,086

72,59

118,69

207,19

Валенттік электрондар

2s22

3s22

4s22

5s22

6s22

Атом радиусы

-

0,134

0,139

0,158

0,175

Салыстырмалы электртерістік

2,50

1,74

2,02

1,72

1,55

Тығыздық

3,52

2,42

5,32

7,30

11,34

Балқу температурасы

3750

1415

937

232

327

Қайнау температурасы

-

3250

2860

2620

1745













  • Атом құрылысы

+6 С 1s2 2s22

Кремнийдің периодтық жүйедегі орны: ІІІ приод, 4 топтың , негізгі топшасы, реттік номері 14, 14 протон, 14 электрон, 14 нейтрон бар. Кремний қосылыстарында 2,4 валенттілік көрсетеді. SiO, SiO2 , SiH4 .Электрондық құрылысы: 1S2 2S2 2P6 3S2 3P2

  • Табиғатта таралуы

Көміртек табиғатта бос күйінде яғни алмаз бен графит күйінде кездеседі. Жер қыртысында шамамен 0,1℅. Ол органикалық заттардың негізгі құрам бөлігі болып табылады.

Көмір – өсімдікекті материал. Ең таза көміртек – антрацит болып табылады.

  • Физикалық қасиеті

Жай зат күйіндегі көміртектің бірнеше аллотропиялық түрөзгерістері болады: алмаз,графит, карбин және фуллерен. Кристалдық торларының құрылыстары әр түрлі болғандықтан, олардың физикалық қасиеттеріде әрқалай.

  • Химиялық қасиеті


С+О2→СО2

C+H2O = CO+H2 C+H2O = CO2+2H2 CO+2H2=CH3OH

CaC2+2HCI = CaCI2+C2H2 AI4C3+12H2O = AI (OH ) 3+ CH4 2CaO+6C=2CaC2+2CO

CaC2+2H2O=Ca(OH) 2 +C2H2 2ZnO+C=2Zn+CO2

Алынуы :

SiO2 +2Mg =Si +2MgO

SiO2 +2C = Si +2CO

Химиялық қасиеттері:

SiO+O2 = SiO2 Si +2F = SiF4 Si+C = SiS Si+2Mg = Mg2Si

Қолданылуы : Si – электроникада жартылай өткізгіш ретінде қолданылады ,SiC- карборунд – бұрғылар, тегістегіш заттар жасауда , стомотологиялық құралдар өндірісінде , отқа, қышқылға төзімді заттар алады..

ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау

1 тапсырма Массасы 18,25 г тұз қышқылы мен натрий силикатының артық мөлшері әрекеттескенде қанша грамм кремний қышқылы тұнбаға түседі?

2 тапсырма Мына айналымдарды: жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жазыңдар.

SiO2 Si K2SiO3 H2SiO3 SiO2

3 тапсырма . Кремний оксидінің артық мөлшері массасы 10 кг натрий гидроксидімен әрекеттескенде 11,2 кг натрий силикаты алынды. Натрий силикатының теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы шығымын анықтаңдар.

4 тапсырма . Көміртек төмендегі заттардың қайсысымен әрекеттеседі:

а) оттек ә) сутек б) кальций в) көміртек (ІІ) оксиді в) көміртек оксиді г) темір (ІІІ) оксиді ғ) концентрациялы күкірт қышқылы

5 тапсырма . Көміртек атомының электрондық формуласын құрыңдар, сыртқы энергетикалық деңгейінде неше электрон бар екенін көрсетіңдер.

6 тапсырма . Келтірілген қосылыстардың құрамындағы көміртек атомының тотығу дәрежелерін анықтаңдар. CH4 CO, COCI2, HCOOH , CO2, C2H5OH, H2CO3









ІІІ Бекіту

Р/С

Сұрақтар

Жауаптар

1

Қайсысы тотықсыздандырғыш бола алады?

А) CO Ә) CO2


2


Мына қосылыстардың қайсысында көміртегінің тотығу дәрежесі – 4-ке тең?

А)CH4

Ә) CO2

Б) CH3OH


3

CaCO3 мына заттардың қайсысымен әрекеттесе алады?

А) NaOH

Ә) HCI

Б) KCI


4

C2H4 молекуласында көміртегі атомдары электрондарының гибридтену типі қандай?

А) SP3

Ә) SP2

Б) SP


5


Мына реакциялардың қайсысы жүреді?

А) SiO2+NaOH=

Ә) Na2SiO2+H2CO3=

Б) CaSiO3+NaCI=



Р/С


Сұрақтар


Жауаптар


1

CO mен CO2 –ні бір-бірінен айыру үшін қандай затты пайдалануға болады?

А) H2O Ә) Ca(OH)2



2

Мына қосылыстардың қайсысында көміртегінің тотығу дәрежесі +2-ге тең?

А) CH3OH

Ә) CO

Б) CO2


3

CaCO 3 mына заттардың қайсысымен әрекеттеседі?

А) HCI

Ә) H2SO4

Б) H2SiO3


4

С2Н6 молекуласында көміртегі атомдары электрондарының гибридтену типі қандай?

А) SP3

Ә) SP2

Б) SP


5

Шыны ыдысқа қай қышқылды құюға болмайды?

А) H2SO4

Ә) HCI

Б) HF


ІҮ Оқушыларды бағалау

Ү Үйге тапсырма §7.4-7.5














Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы: Азот, фосфор және олардың қосылыстары. Аммиак, амоний тұздары. Азот қышқылы.

Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларға азот пен фосфордың периодтық жүйедегі орны, қосылыстары туралы білім білік дағдыларын қалыптастыру. Азотпен ұқсастығы мен айырмашылығы, қолданылуы туралы түсіндіру, оның қосылыстарын жіктеуге, салыстыруға, химиялық реакция теңдеуін жазып, теңестіре білуге баулу.

2. Өз бетімен жұмыс істеп, өз білімін өзі тексеріп, жауапкершілікпен сезінетін саналы, өнегелі ұрпақ тәрбиелеу. Оқушылардың іскерлігін, өз бетімен ізденуін, ой- өрісін, шығармашылық мүмкіндігін дамыту, ғылыми көзқарасын қалыптастыра отырып, шығармашыл тұлға жасап шығару.

3.Білім деңгейлерін анықтау,оқушыларға экологиялық,экономиялық тәрбие беу.

Сабақтың түрі: аралас сипатта

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: баяндау,сұрақ,жауап т.б.

Сабақтың көрнекілігі: слаидтар, интерактивті тақта, электрондық оқулық т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

ІІІ. Жаңа сабақ мазмұнымен танысу

Азот (ІІ) оксиді бұл қышқылдық та, негіздік те қасиеттер көрсетпейтін, түссіз газ. Суда нашар ериді. Азот (4) оксиді -өзіне тән иісі бар қоңыр газ, буы улы, онымен тыныс алғанда адам уланады. Азот қышқылы - өткір иісті , түссіз сұйықтық, өте ылғал тартқыш. Ауада ол түтіндейді, өйткені оның буы ауаның ылғалымен тұманның ұсақ тамшыларын түзеді.

Фосфор үш түрлі аллотропиялық түрде болады. Ақ, қызыл, қара . Фосфор көбіне -3, +3, +5 тотығу дәрежелерін көрсетеді. Екі оксиді де қышқылдық сипатта болады. Фосфорлы және фосфор қышқылдарын түзеді

2NO+O2=2NO2 3Cu +8HNO3 = 3CuNO3 + 2NO + 4H2O

3NO2+H2O = 2HNO3+NO 4NO2+O2+2H2O =4HNO3 2NO2+H2O = HNO3+HNO2 2NO2+2NaOH = NaNO3+NaNO2+H2O NaNO3+H2SO4=NaHSO4+HNO3

Ag +2 HNO3 = AgNO3+NO2+H2O 3Ag +4 HNO3 = 3AgNO3+NO+2H2O

4Zn+10HNO3= 4ZnNO3+NH4NO3+3H2O 4Mg+10HNO3= 4 MgNO3+N2O+5H2O

2P+3S = P2S3 2P+3Ca= Ca3P2 2P+3CI2 = PCI3

2Ca3 (PO4 )2+10C +6SiO2=6CaSiO3+P4+10CO

6P+5KCIO3=5KCI+3P2O5 P2O5+2HNO3=2HPO3+N2O5 2BaO+P2O5=Ba3 (PO4 )2

6NaOH+P2O5=2Na3PO4+3H2O 3P+5HNO3 +2H2O= 3H3PO4+5NO Ca3 (PO4 )2+3H2SO4=2H3PO4+3CaSO4


ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау

1 тапсырма Мынадай химиялық айналуларды қалай жүзеге асыруға болады?

N2 NH3 NO HNO3 NH4NO3 N2O

2 тапсырма 3Cu + 8HNO3 = 3Cu (NO3 )2 + 2 NO +4H2O осы теңдеу бойынша 6,4 г мыс пен азот қышқылы әрекеттескенде қанша литр (қ.ж) NO газы бөлінеді?

3 тапсырма Мынадай химиялық айналуларды жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жазыңдар.

Ca3 (PO4 )2 P P2O5 H3PO4 Ca(H2PO4 )2 CaHPO4

4 тапсырма Фосфор оксидтерінің біреуінің буының ауа бойынша салыстырмалы тығыздығы 7,6 –ға тең. Оксидтегі фосфордың массалық үлесі 0,564. Оксидтің формуласын табыңдар.

Ү. Сабақты қорытындылау

1 тапсырма . Азот оксидтері туралы не білесіздер?

Сұрақ

Жауап


1.Азот (ІІ) оксидінің физикалық қасиеті

2.Азот ( IV) оксидінің физикалық қасиеті

3.NO а) өндірісте алынуы ә) зертханада алынуы

4.NO2 а) өндірісте алынуы ә) зертханада алынуы


2.тапсырма .Фосфор туралы не білесіздер?

Сұрақ

Жауап


1.Фосфор периодтық жүйедегі орны.

2. Электрондық құрылысы

3.Фосфордың алынуы



3тапсырма Фосфин туралы не білесіздер?

Сұрақ

Жауап


1.Фосфиннің молекулалық формуласы

2.Фосфиннің физикалық қасиеті

3.Фосфиннің алынуы



ҮІ. Сабақта оқушылар білімін бағалау:

ҮІІ. Үйге тапсырма: § 7. 8. 7.9

















Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы: Күкірт және оның оксиді. Сұйытылған және концентрлі күкірт қышқылының қасиеттері, сульфаттар

Сабақтың мақсаты Білімділік: оқушыларға күкіртсутек, күкіртсутек қышқылы және оның тұздары табиғатта таралуы, физикалық, химиялық қасиеттерін түсіндіру.

Дамытушылық: Оқыту кезінде оқушыларға тапсырмалар, деңгейлік сұрақтар пайдалана отырып, қызығушылықтарын, ой-өрістерін арттыру;

Тәрбиелілік: Оқушыларды өз беттерінше жұмыс жасауға, бірін-бірі тыңдап, өз ойларын білдіре алуға, алған білімдерін іс-жүзінде қолдана білуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: аралас сипатта

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: баяндау,сұрақ,жауап т.б.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, электрондық оқулық т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

ІІІ. Жаңа сабақ мазмұнымен танысу

Күкірсутек шіріген жұмыртқа иісті, түссіз газ. Күкіртсутек табиғатта жанартау атқылағандағы газдардың құрамында, емдік қасиеті бар минерал суларда кездеседі. Күкіртсутек өте улы, оның өте аз мөлшерімен тыныс алғанда адам есінен танады, тіпті өліп те кетуі мүмкін. Күкіртсутек тыныс алғанда гемоглобинмен байланысып, сал ауруын туғызады. Судың бір көлемінде 2,5 көлем күкіртсутек ериді. Күкіртсутектің тұздармен түсі әр түрлі тұнба түзуі аналитикалық химияда ерітіндіден сәйкес металл катиондарына бөлуде және анықтауда қолданылады.

2H2S+O2=2H2O+2S Br2+H2S =2HBr+S H2S+2HNO3=S+2NO2+2H2O

3PbS+8HNO3=3PbSO4+4H2O+8NO 2PbS+3O2=2PbO+2SO2 H2S+KOH=KHS+H2O

H2S+HgCI2=HgS+2HCI 2FeCI3+H2S=2FeCI2+S+2HCI FeS+2HCI=FeCI2+H2S

H2O+SO2=H2SO3 2SO2+O2=2SO3 SO2+K2O=K2SO3 SO2+2NaOH=Na2SO4+H2O

SO2+2H2S=3S+2H2O S+O2=SO2 4FeS2+11O2=8SO2+2Fe2O3 2ZnS+3O2=2SO2+2ZnO

Na2SO3+H2SO4=Na2SO4+SO2+H2O Cu+2H2SO4=CuSO4+SO2+2H2O

Күкірт қышқылы – түссіз, ұшқыштығы төмен, тығыздығы 1,84 г/мл майлы сұйықтық. Қышқыл бетіне су тиісімен, ол дереу буға айналады, сондықтан күкірт қышқылын сумен араластыру үшін, міндетті түрде қышқылды суға аздап тамшылатып және араластыра отырып құю керек, керісінше жасауға болмайды. Күкірт қышқылы металлургияда, машина жасауда, мұнайөңдеуде, органикалық заттар – полимерлер, бояулар, дәрілік препараттар т.б. өндірісте қолданылады.

ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау

1- тапсырма . Күкіртті сутек, сульфидтер туралы не білесіздер?

Сұрақ

Жауап

1.Күкіртті сутектің электрондық формуласы

2.Күкіртті сутектің құрылымдық формуласы

3.Күкіртті сутектің физикалық қасиеті


2- тапсырма .Химиялық диктант

а) ............. буын ауруларын емдеуде пайдаланылады.

ә) Зертханада H2S .................. аппаратында алынады.

б) органикалық заттар шірігенде бөлінеді .......................

3 -тапсырма. Мына теңдеуді аяқтап жазыңыздар

а) H2S + Mg = ә) H2S + Pb (NO3 )2= б) H2S + NaOH= в) H2S + O2=

4 -тапсырма . Күкірт сутек қышқылының тұздарының формуласын жазыңыздар.

А) натрий гидросульфиді ә) натрий сульфиді б) қорғасын сульфиді в) мырыш сульфиді

5- тапсырма Күкірт сутек қышқылы не үшін қолданылады 1............. 2................ 3...............

Ү. Сабақты қорытындылау

6 -тапсырма . Күкірт қышқылы туралы не білесіздер?

Сұрақ

Жауап

1.Күкірт қышқылының электрондық формуласы

2.күкірт қышқылының құрылымдық формуласы

3.күкірт қышқылының физикалық қасиеті

4.су мен күкірт қышқылын қалай араластырады


7 тапсырма Химиялық диктант

а) Судағы ерітінділері ................ өзгертеді.

ә) Концентрлі күкірт қышқылы сумен қуатты әрекеттесіп, ..................... түзеді.

8 тапсырма Мына теңдеуді аяқтап жазыңыздар

1. H2SO4 + MgO = 2. H2SO4 + KOH = 37 Na + H2SO4 =

9 тапсырма. Күкірт қышқылы тұздарының формуласын жазыңыздар:

а) натрий сульфаты ә) натрий гидросульфаты

10. тапсырма Күкірт қышқылы не үшін қолданылады

1............. 2........... 3............. 4.......... 5............. 6.......... 7........ 8........... 9........... 10

Ү. Сабақты қорытындылау

ҮІ. Сабақта оқушылар білімін бағалау:

ҮІІ. Үйге тапсырма: Тақырыбы: § 7.11 – 7. 12