Жаңаөзен мектеп – гимназиясы
Ашық сабақ
Тақырыбы: Химиялық элементтерді жіктеу
Пән мұғалімі: Атабай А.Р
2015/2016 оқу жылы
Сабақ жоспары
Пәні:Химия
Сыныбы:
Мерзімі:
Сабақ реті:
Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтерді жіктеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Оқушыларға химиялық элементтерді жіктеу туралы білім беру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылар есептерді шығару арқылы ойлау қабілетін,
логикасын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды топқа бөлу арқылы ынтымаққа, бірлікке татулыққа
тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақ көрнекілігі: Менделеевтің периодтық жүйесі,схемалар,кестелер, слайд
Сабақтың өтілу барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Оқушылар ізденісінен
ІІІ. Химиялық бәйге
ІV. Жұмбақтар сыры
Сиқырлы сандар
VІ. Дода
VІІ. Электронды оқулық. Жаңа сабақ
VІІІ. Тіл сындырайық
IX. Кім жылдам
X. Химиялық эстафета
XІ. Есептер сыры
XІІ. Бағалау.
XІІІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеп, химиялық лото
арқылы топқа бөлу.
I топ II топ III топ
Ойшылдар Зеректер Білімділер
ІІ. Оқушылар ізденісінен:
Бұл кезеңде оқушылар химия пәніне байланысты өлең айту, жұмбақ жасырылады.
ІІІ. Химиялық бәйге:
Бұл кезеңде оқушылар тақтадағы бірнеше сұрақтарға иә немесе жоқ деп жауап береді.
Ойшылдар тобына
Озонның формуласы – О3иә немесе жоқ
Судың формуласы – SO3иә немесе жоқ
Темірдің салыстырмалы атомдық массасы – 56 иә немесе жоқ
Химиялық құрылыс теориясын ашқан ғалым – Бутлеров иә немесе жоқ
Айдаһар бейнесіне ұқсайтын элемент – S иә немесе жоқ
Тұз қышқылының формуласы – H2O иә немесе жоқ
Күкірт қышқылының формуласы – H2SO4 иә немесе жоқ
Ас тұзының формуласы – NaCl иә немесе жоқ
Зеректер тобына
Атомдық салмағы 16 – S
Заттар екіге бөлінеді – иә немесе жоқ
Фосфор қышқылының формуласы- NaCl иә немесе жоқ
Периодтық жүйе 1869 жылы ашылды – иә немесе жоқ
Натрий бейметалл – иә немесе жоқ
Зат массасының сақталу заңын Ломоносов ашты – иә немесе жоқ
Судың формуласы H2O - иә немесе жоқ
Периодтық жүйеде 8 топ бар - иә немесе жоқ
Білімділер тобына
Ас тұзының формуласы - NaCl иә немесе жоқ
Күкірт қышқылының формуласы – H2SO4 иә немесе жоқ
Адам тыныс алатын газ - S иә немесе жоқ
Период саны – 3 иә немесе жоқ
Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл – йод иә немесе жоқ
Атом – молекулалық ілімді ашқан ғалым- Ломоносов иә немесе жоқ
Қышқылдар құрамындағы сутек атомының санына қарай екіге бөлінеді - иә немесе жоқ
Периодтық жүйеде жеті период бар - иә немесе жоқ
ІV. Жұмбақтар сыры
Бұл кезеңде оқушылар химия пәніне байланысты жұмбақтар жасырылады.
Ойшылдар тобына:
1. Өзім газбын, менімен демаласың,
Жоқ болсам ауа жетпей қиналасың.
2. Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде,
Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге.
Зеректер тобына:
1. Ең жеңіл элемент болып саналады,
Периодтық жүйе осыдан басталады.
2. Ол болмаса астың дәмі кірмейді,
Кім бар екен әлемде оны білмейтін.
Білімділер тобына:
1. Машина мен трактордың шикізаты,
Қара металлургияның негізгі наны.
2. Өзі ауыр металлға жатады,
Балалар осы металл құйған сақамен атады.
Сиқырлы сандар
Бұл кезеңде 3 топқа жылдар жасырылады, оқушылар сол жылдарда қандай жаңалық
ашылды соны айтады.
1669 жыл?
1772 жыл?
1869 жыл?
1756 жыл?
1811 жыл?
1807 жыл?
1769-1774 жыл?
1766 жыл?
VІ. Дода .
Бұл кезеңде оқушылар сөзжұмбақ шешеді.
Дизинфекция үшін қолданылатын элемент?
Медицинада қолданылатын элемент?
Тұрмыста қолданылатын металл?
Біреуі оттегі болып келетін, екі элементтен тұратын күрделі зат?
Элементтердің түр өзгерісі қалай аталады?
VІІ. Электронды оқулық.
Жаңа сабақ.
Химиялық элементтерді өздеріне тән ортақ ұқсастықтарына байланысты-
Маталдар - Бейметалдар-
созылғыш, металдық жылтыры бар, әртүрлі агрегаттық күйде
электр тогы мен жылуды жақсы өткізетін болатын жай заттар түзеді:
қатты заттар. Мысал, күкірт-қатты,оттек,
сутек-газ.Түсі мен қасиеттері
болады.Бәріне тән ортақ қасиет болмайды.
Нағыз металдар мен бейметалдардың айырмашылығы физикалық және химиялық
қасиеттеріне байланысты.
Химиялық элементтерді бұлай екі топқа бөліп жіктеу жеткіліксіз, себебі екіжақты әрі
металдық, әрі бейметалдық қасиет көрсететін екідайлы (амфотерлі ) химиялық элементтерде
бар. Ондай химиялық элементтерге бериллий, алюминий, мырыш тағы басқалары жатады.
Екідайлы элементтердің оксидтері мен гидроксидтері де екіжақты қасиет көрсетеді.
Екідайлы қасиет көрсететін оксидтер:
BeO, ZnO, Al2O3, Cr2O3, PbO
Екідайлы қасиет көрсететін гидроксидер:
Zn(OH)2, Be(OH)2, Al(OH)3, Cr(OH)3, Pb(OH)2
Мырыш және оның қосылысының екідайлылығын қарастырайық. Физикалық қасиеті
жағынан мырыш- металл, ал химиялық қасиеті екіжақты. Мырыштың бір түйірін
қышқылдың және бір түйірін сілтінің ерітіндісіне салайық. Мырыш металы екеуінде де
еріп, тұз және сутек газын бөліп шығарады:
Zn + 2HCl = ZnCl2 + H2↑
Zn + 2KOH = K2ZnO2 + H2↑
Бұдан мырыштың әрі негіздік, әрі қышқылдық қасиет көрсететіні байқалады.
Тәжірибе жасап байқайық: қышқыл мен негізге салынған мырыш оксидінің ұнтағы олармен
еркін әрекеттеседі. Екі реакцияның нәтижесінде де тұз және су түзіледі:
ZnO + 2HCl = ZnCl2 + H2O
Мырыш хлориді
ZnO + 2KOH = K2ZnO2 + H2O
Калий цинкаты
Қышқыл мен сілті құйылған екі сынауыққа мырыш гидроксидінің ақ тұнбасы аздап
қосайық. Екеуінде де химиялық реакция жүргенін тұнбаның еріп, түссіз ерітіндіге
айналғанын байқаймыз. Мұнда бірінші жағдайда мырыш гидроксиді қышқылмен
әрекеттесіп, негіздік қасиет көрсетеді:
Zn(OH)2 + 2HCl = ZnCl2 + 2H2O
Екінші жағдайда сілтімен әрекеттесіп, қышқылға тән қасиет көрсетеді:
H2ZnO2 + 2NaOH = Na2ZnO2 + 2H2O
Сонымен металл күйдегі мырыш, оның оксиді мен гидроксиді екіжақты қасиет көрсететін
екідайлы заттарға жатады
VІІІ. Тіл сындырайық
Бұл кезеңде жұмбақ жасырылады, оқушылар соның жауабын тауып үш тілде айту керек:
қазақша, орысша, латынша.
Нені қызған кезде соқ?
Нені көрсе періште жолдан таяды?
Ауаның негеізгі құрам бөлігі?
ІX. Кім жылдам
Бұл кезеңде оқушылар реакция теңдеуіндегі бос орынды толтырады:
Zn + H2SO4 → …….
HCl + ……→NaCl + H2↑
Na + H2O → ………
X. Химиялық эстафета
Бұл кезеңде оқушылар бір элементке екінші элементті қосып, реакция теңдеуін жазады.
Ойшылдар тобына:
Cu→ CuO → CuCl → Cu(OH)2
Зеректер тобына :
S → SO2 → SO3→H2SO4
Білімділер тобына :
Zn →ZnO→ZnSO4→ Zn(OH)2
XІ.Есептер сыры
Тағы келді сыналар шақ айналып,
Тереңінен білім теңіз байланып,
Кім шешеді, сол сайыста ұтып тұр.
Есеп шешер кезегі келіп тұр.
Бұл кезеңде үш топқа бірдей есеп беріледі, яғни үш топ жылдамдықты алға ала отырып
есепті шығарады.
I топ II топ III топ
Ойшылдар Зеректер Білімділер
тобы тобы тобы
Массасы 108г алюминийді жаққанда түзілетін, алюминий оксидінің массасы, алюминий
оксидінің зат мөлшері, алюминидің зат мөлшерін табыңдар?
XІІ. Бағалау.
Әділ-қазылар шешімімен жеңімпаз топ анықталып, “Жас химиктер -2015” деген атпен
мадақталады.
XІІІ. Үйге тапсырма.
§50 оқу 134-беттегі 1-6 жаттығулар.