Химиядан сабақ жоспары Пән мұғалімі Сарина С.И.
Сыныбы – 11 (Ж) сабақ реті: күні________
Білімділік мақсаты:
дамытушылық:
тәрбиелік:
Оқушыларға карбон қышқылдарының қасиеттері классификациясы, номенклатурасы, изомериясы, карбон қышқылдарының алынуы, карбоксил тобының құрылысы туралы білімді қалыптастыру;
карбон қышқылдарының гомологтарының формуласын, изомерлерінің формуласын құру, карбон қышқылдарын жүйелік номенклатура бойынша атау, карбон қышқылдарын жіктей білу білім-білік дағдыларын жетілдіру, есте сақтау қабілеттерін дамыту,сөздік қорын молайту.
сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақ типі:
жаңа сабақ
Сабақ өткізілу түрі:
мұғалімнің түсіндіруі (ауызша), кітаппен өз бетінше жұмыс ,жаттығулар орындау, тәжірибе жасау.
Құралдар мен реактивтер:
интерактивті тақта,құрамында хлоры бар органикалық қосылыс, мыс сым, спирт шамы мыс тұзы
Ұйымдастыру
кезеңі:
(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)
-сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;
-оқушыларды психологиялық дайындау.
Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.
1-2
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Сабақтың білімділік мақсаты:
-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;
-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;
-кеткен кемшіліктерді жою.)
1. Жазбаша үй тапсырмасын тексеру (кімнің семинар сабағынан қалған сұрақтар бойынша сұрақтары бар)
5-7
Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:
1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.
Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту. (Актуализация )
Білімділік міндеттері: .
-оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.
-оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;
- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.
2.Оқыту проблемалары:
1.Білімді жаңғырту:
Карбон қышқылдары
Фронталды сұрақтар:
3-4
Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:
Білімділік міндеттері:
Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету;
- оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды шығаруға,жүйелеуге қажетті түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету;
- оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.
1.Мұғалімнің түсіндіруі:
А) анықтама:Молекуласында бірнемесе бірнеше карбоксил( СООН) тобы бар көмірсутек туындыларын карбон қышқылы деп атаймыз. карбоновыми кислотами. Карбон қышқылдарының жалпы формуласы R(СООН). Карбон қышқылдары қаныққан ( CnH2n+1COOH ),қанықпаған (CnH2n-1COOH) ароматты – 20 кесте
Б) номенклатурасы және изомериясы:
Халықаралык атау бойынша сәйкес көмірсутек атауына қышқылы сөзін жалғаймыз , карбоксил тобы жақын тұрған жердегі ең ұзын көмірсутек тізбегінен бастап нөмірлейміз, карбон қышқылы тривиальды атау алғашқы пайда болуымен байланысты аталады.Мысалы: құмырсқа қышқылы құмырсқада болады.
Карбон қышқылдарының изомериясы көміртегі қаңқасының құрылысы бойынша класаралық изомерлері болады. Карбон қышқылдарының бастапқы үшеуінде көміртегі қаңқасының изомерлері болмайды.
В). Карбоксил тобының құрылысы:
Карбоксил тобы құрамындағы карбонил және гидроксил топтарының барлық байланыстары полюсті.Карбонил тобында электрон тығыздығы көміртек атомынан оттекке қарай ығысқандықтан, көміртек ішінара оң зарядталады.Орнын толтыру үшін ол гидроксил тобындағы оттектің жұп электронын өзіне қарай тартады. Сондықтан О-Н тобындағы байланыс әлсірейді де сутек атомы қозғалғыш келеді.
δ + О δ-
R – C
О H
мен байланысқан атомдар бір жазықтықта жатады,арасындағы бұрыш 120. С=О байланыс ұзындығы С—О байланыс ұзындығымен салыстырғанда қысқа. Қос байланыс полюстенген.Неге? (электртерістілікпен байланыстырыңдар). Электрондық тығыздық электртерістігі жоғары атом оттекке қарай ығысады, сондықтан оттек ішінара теріс зарядқа ие болады:
1. Карбон қышқылдарының алынуы.
Өндірісте көп мөлшерде алифатты монокарбон қышқылдары синтезделеді.
алкандардың тотығуы: СН3-СН2-СН2-СН3+2,5О2---2СН3-СООН+Н2О
МГУ профессоры Николай Маркович Имануэль алды
қатты алкандардың тотықтырудың практикалық маңызы бар (парафиндер).
Б) алкендердің тотығуы:
Тармақтармаған алкенде қос байланыс бар жерден тотығып карбон қышқылдарын түзеді:
СН3-СН==СН-СН3 +4О ---- 2СН3СООН
В) біріншілік спирттер мен альдегидтердің тотығуы:
О О
R –СН2—ОН------ R—С ------R---С
Н О—Н
Тотықтырғыш ретінде калий перманганаты немесе бихроматы ерітіндісі,хром (6) оксидінің күкірт қышқылындағы ерітіндісі.
нитрилдердіңгидролизі (бұл әдіс көмірсутек тізбегін бір атомға ұзартады);
алкендердің СО мен әркекеттесуі
R –СН=СН2+СО+Н2О----
-- R –СН2 —СН2---СООН
эфирлерді карбонилдеу :
R-ОН +СО ---R—СООН
Карбон қышқылдарының қолданылуы
Құмырсқа қышқылы тотықсыздандырғыш ретінде қолданылады, медицинада- құмырсқа спирті (1,25% құмырсқа қышқылының спирттегі ерітіндісі)
Сірке қышқылы бояулар алу үшін қолданылады, , медициналық препараттар,күрделі эфирлер, ацетатты талшық алу өндірісінде қоладнылады.Үйде көкөністерді консервілеуде, дәмдеуіштер ретінде қолданады.
15-20
Жаңа сабақты қалай қабылдағанын
алғашқы тексеру кезеңі:
Білімділік мақсаты:
1. - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;
-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;
- кеткен кемшілікті жою жұмыстары; -
1. АТТАРЫ БЕРІЛГЕН КАРБОН ҚЫШҚЫЛДАРДЫҢ ФОРМУЛАСЫН жазыңдар:
А)3-метил гексан қышқылы
Б)2-метил-2-хлор-май қышқылы
В)2,3-диметилпентан қышқылы
Г)2,2,3,4-тетра метилгептан қышқылы
2.(Г)Жағдай үшін изомерлердің формуласын жазыңдар.
3.Мына қышқылдарға атау беріңдер:
4.Қай қышқыл күштірек :сірке немес құмырсқа қышқылы
5-7
Білімді қорытындылау және жүйелеу:
-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;
-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау;
2.фронталды әңгімелесу:
Карбон қышқылдары–бұл…
Карбон қышқылдарын халықаралық номенклатура бойынша....
Карбон қышқылдарын тривиалды номенклатура бойынша .....
6-7
Білімді тексеру және өз бетінше тексеру кезеңі:
-оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс меңгергенін анықтау;
Оқушылардыңіс-әрекеті мен біліміндегі олқылықтарды анықтау.Кеткен олқылықтардың себебін анықтау.
-оқушылардың өзін –өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау
Жаттығуды тексеру.
3-4
Үй тапсырмасын беру кезеңі:
Білімділік міндеттері:
-оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету
1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.
Параграф 10.1-10.2оқу,1-5 жатт.жазбаша 24 кесте оқу
2.Дәптерге жазғандарын тексеру .
1-2
Сабақ қорытындысын шығару кезеңі.
- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.
1-2
Рефлексия кезеңі:
Білімділік міндеттері:
-оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру.
-оқушылардыңөзін өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым –қатынас принципін үйрету.
1-2
Жоспарланғаннәти-же:
Карбон карбондарының формулаларын, изомерлерін құрастыра білу.
Жаңа ұғымдар:
Карбоксил тобы, карбон қышқылы