Сабақтың тақырыбы: Қышқылдар. Құрамы, алу жолдары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік.
Қышқылдардың құрамы, алынуы, жіктелуін түсіндіру. Химиялық, биологиялық тұрғыдан ірі табиғат құрамындағы қышқылдардың маңызы, емдік қасиеті, тұрмыста пайдалану туралы түсініктерін кеңейту
Дамытушылық.
Оқушылардың қызығушылықтарын, ынтасы мен қабылдау сияқты танымдық қабілеттерін, дүние танымын дамыту арқылы айналадағы
құбылыстарды байқауға, салыстыруға талдай білуге үйрету.
Тәрбиелілік.
Оқушылар бірлесіп жұмыс жасауға, бірін – бірі құрметтеуге бір – бірінің пікірін тыңдап баға беруге үйрету. Этикалық және эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың әдісі: Сөздік әдіс (түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгіме), көрнекілік,
сарамандық
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ (проблемалық оқыту)
Сабақтың көрнекілігі: қосымша материалдар, әдебиеттер, периодтық
жүйе,интерактивті тақта, тірек сызбалар, реактивтер,
индикатор.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Ой шақыру» тест (5 сұрақтан тұратын тест тапсырмасы беріледі).
1)мына айтылғандардың қайсысы сутек молекуласына сай келмейді?
А.салыстырмалы молекулалық массасы - 1
Ә. судың құрамына кіреді
Б.мырыш тұз қышқылымен әрекеттескенде түзіледі
В.түссіз газ
2)лабораторияда сутекті қалай алады?
А.белсенді металға қышқыл қосып алады
Ә. белсенді металға негіз қосып алады
Б. Судан алады
В. Метаннан алады
3)сутек суда қалай ериді?
А. 100 көлем суда 50 көлем газ ериді
Ә.100көлем суда 25 көлем газ ериді
Б.100 көлем свуда 2 көлем ериді
В.суда ерімейді
4)сутектің латынша атауы нені білдіреді?
А.тұз түзуші
Ә.ластаушы
Б. Газ түзуші
В.су тудырушы
5.сутек металдармен әрекеттескенде қандай зат түзеді?
А.сілті
Ә.тұз
Б.гидрид
В.гидроксид
Жауаптары: 1-а, 2-а,3-б,4-в,5-б.
Суретке қарап анықта! (мына приборларды не алу үшін қолданады, түсіндір?)
Сұрақ жауап.
Сутектің латынша атауы? (гидрагениум)
Сутекті ашқан кім, қай жылы? (Кавендиш, 1776ж)
Сутек қандай газ? (жай, түссіз, иіссіз газ)
Сутек ауадан неше есе жеңіл? (14,5 есе)
Сутек металдармен әрекеттесіп не түзеді? (гидрид)
Сутек оттекпен әрекеттескенде не түзеді? (су)
Лабораторияда сутек алу үшін қандай аппаратты қолданады? (кипп аппараты)
Сутекті қайда қолданады? (өнеркәсіпте, металды кесу, пісіру, т.б.)
Массасы 28 г литий суда ерігенде (қ.ж) қанша көлем түзілетінін есепте.
Фосфор жақсан будақтайды, ақ түтінді түзеді?
Бүл түтін суды сорып, қандай қосылыс түзеді? (фосфор қышқылы)
ІІІ. Жаңа сабақ.
Қосымша материалдар айтылады. (қышқылдар туралы)
«Мағынаны тану» кезеңі.
Қышқыл дегеніміз – құрамында металл атомдарымен орын алмастыруға бейім сутек атомдарынан және қышқыл қалдықтарынан тұратын күрделі заттар.
Қышқылдарға тән белгілер – қышқылтым дәм, күйдіргіштік қасиет.
Қышқыл ерітінділерін ажырату үшін арнаулы анықтағыштар – индикаторлар пайдаланылады (лат.индикатор – көрсеткіш). Оларға лакмус, метилоранж, фенолфталеин)
Қышқыл ерітіндісіне күлгін түсті лакмус салса – қызарады, сары түсті метилоранж – қызарады, фенолфталеннің түсі өзгермейді.(көрсетілім)
Қышқылмен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасының ережесін мұқият сақтаңдар. Зертханада белгісіз қышқылдың дәмін татып көруге болмайды, ол ауыз қуысын, тамақты күйдіруі мүмкін.
Құрамына кіретін сутек атомының санына байланысты бірнегізді, екінегізді, үшнегізді болып жіктеледі.
Құрамында оттектің бар немесе жоқ болуына байланысты оттекті және оттексіз болып екіге бөлінеді.
Оқулықтағы 8- кестемен жұмыс.
Қышқылдарды алу:
1.Кейбір бейметалл оксидтерін еріту арқылы оттекті қышқылдар алуға болады
2.Оттексіз қышқылдарды алу үшін хлор, бром, күкірт сияқты бейметалдарды тікелей сутекпен әрекеттестіреді.
IV.Бекіту.
«Білімді тиянақтау» кезеңі (берілген кестенің бос бағандарын толтыру)
«Сыңарыңды тап» ойыны
Оқулықтағы 89 беттегі №6,7 есеп
V.Қорытынды
VІ. Үйге тапсырма беру
§33, кестені жаттау.
VІІ. Бағалау.
ЖОББ Амангелді мектеп – балабақшасы
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:
«Қышқылдар, құрамы,алу жолдары»
8 - сынып
Химия пәнінің мұғалімі: Суйналиева А.К.
2015 – 2016 оқу жылы