|
Химия пәнінен емтихан билеттері
Автор публикации: Абдигапарова Г.Н.
Дата публикации: 2016-11-05
Краткое описание: ...
1-билет Оксидтер. Олардың атаулары Электролиттер мен бейэлектролиттер Ca(OH)2 гидроксидінің диссоциациялану теңдеуін жазыңдар
2-билет. Сутек. Сутектің табиғатта таралуы және алынуы Күшті және әлсіз электролиттер Төмендегі реакция теңдеуін аяқтап, толық және қысқартылған иондық теңдеуін жазыңдар.
CaCl2 + AgNO3= 3-билет Қышқылдар, құрамы, алу жолдары Электролиттік диссоциациялану теориясы тұрғысынан қышқылдың, негіздің және тұздардың қасиеттері Төмендегі реакция теңдеуінің толық және қысқартылған иондық теңдеуін жазыңдар.
Zn+H2SO4=ZnSO4+H2
4-билет Негіздер, олардың құрамы және жіктелуі Көмірсутек атомының құрылысы, табиғатта кездесуі және қолданылуы Молекуласында көміртегінің 18 атомы бар метан қатарындағы көміртегінің формуласын құр
5-билет Оксидтердің жіктелуі, алу жолдары Азот оксиді, оның физиологиялық әсері W (C)=92.3%, W(H)=7.7%, Д(H2)=13. CхHу неге тең?
6-билет Оксидтердің химиялық қасиеттері,, қолданылуы Азот қышқылы және оның қолданылуы Молекуласында көміртегінің 21 атомы бар метан қатарындағы көміртегінің формуласын құр
7-билет Негіздердің алынуы және қасиеттері Фосфор және оның қолданылауы m(CnH2n)=0.56г, m(Br2)=1.6г, Mr(CnH2n) неге тең?
8-билет Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, олардың химиялық қасиеттері Көміртек және оның қасиеттері Молекуласында сутегінің 28 атомы бар метан қатарындағы көміртегінің формуласын құр
9-билет Тұздардың жіктелуі, алынуы, олардың химиялық қасиеттері Металдардың қосылыстары. Оксидтер және гидроксидтер W (C)=40%, W(H)=6,66%, W(О)=53,34%, Д(ауа)=2,07. CхHуОz неге тең?
10-билет Қышқылдар, құрамы, алу жолдары Металдардың адам өміріндегі маңызы 150 г бензолды гидрлеуге қ.ж. қанша көлем сутегі жұмсалады?
11-билет Оксидтердің жіктелуі, алу жолдары Сабын және синтетикалық жуғыш заттар 14 моль метан термиялық айырылғанда қ.ж. 120,96 л ацетилен алынды. Шығынның массалық үлесін пайызбен есепте.
12-билет Тұздар. Құрамы және химиялық қасиеттері Органикалық заттың ерекшеліктері мен маңызы 13,44 л ацетиленнен 12 г бензол қ.ж. алынды. Теориялық шығынмен салыстырғанда бұл қанша пайызды құрайды?
13-билет Сутек. Сутектің табиғатта таралуы және алынуы Органикалық қосылыстың химиялық құрылысы. Изомерлену 0,21 г алкен, 0,8 г бромды қосып алады. Белгісіз көмірсутектің мольдік массасын есептеңдер және формуласын анықтаңдар
14-билет Сутектің физикалық қасиеттері Қаныққан көмірсутектер W (C)=92,3%, W(H)=7,7%, қ.ж. [pic] =1,16 г/литр. CхHу неге тең?
15-билет Сутектің химиялық қасиеттері, қолданылуы Қанықпаған көмірсутектер 1 моль толуолды бромдағанда 230,3 г толуолдың бромды туындысы алынды. Шығынның массалық үлесін пайызбен есепте.
16-билет Қышқылдар, құрамы, алу жолдары Ацетилен 300 г кальций карбидінде (СаС2) сумен әсер еткенде 89,6 л қ.ж. ацетилен бөлінді. Ацетиленнің шығынын пайызбен есепте.
17-билет Қышқылдардың химиялық қасиеттері Ароматты көмірсутектер Массасы 2,1 г алкен 1,12л қ.ж. хлорды қосып алады. Алкеннің молярлық массасын және молекулалық формуласын анықтаңдар.
18-билет Тұздар. Құрамы және химиялық қасиеттері Мұнай, қасиеттері және қолданылуы Натрий 230г этил спиртінен көп дегенде (қ.ж.) сутегінің қандай көлемін ығыстырып шығара алады?
19-билет Судың құрамы және физикалық қасиеттері Тас көмір, олардың қолданылуы 1120л көміртегі оксидіне (ІІ) қанша грамм метанол алынған (қ.ж.)
20-билет Негіздер, олардың құрамы және жіктелуі Бір атомды спирттердің гомологтық қатары Судың массасы 9 г. CnH2n+1 OH массасы 30 г. CnH2n+1 OH қандай зат?
21-билет Негіздердің химиялық қасиеттері, олардың қолданылуы Көпатомды спирттер 18,8г фенолға броммен әсер еткенде қанша бром жұмсалады?
22-билет Оксидтердің жіктелуі, алу жолдары Көпатомды спирттер 100г пропанолды калий перманганатымен тотықтырғанда 80% пропаналь алынды. Пропанальдың массасын тап.
23-билет Оксидтердің химиялық қасиеттері, қолданылуы Карбон қышқылдары 150г бутил спиртінен мыс оксидімен әрекеттестіріп 80% бутаналь алынды. Бутанальдың массасын тап.
24-билет Негіздердің алынуы және қасиеттері Күрделі эфирлер Кучеров реакциясы арқылы 80г ацетиленмен 80г суды қанша грамм ацетальдегид алынды?
25-билет Тұздардың жіктелуі, алынуы, қасиеттері және қолданылуы Майлар Массасы 2,1 г алкен 1,12л қ.ж. хлорды қосып алады. Алкеннің молярлық массасын және молекулалық формуласын анықтаңдар.
|
|