Сабақ жоспары Химиялық есептердің жүйесі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


1. Химиялық есептердің жүйесі , оның химия курсындағы

орны, есептердің классификациясы



Химиялық есептерді шығарту – білім алудың негізгі көзі болып саналады. Оқыту процесіне есептерді кіргізу арқылы оқытудың мынадай дидактикалық принциптерін іс жүзіне асыруға болады:

1. Оқушылардың белсендігін және өз бетімен жұмыс істеуін қамтамасыз етуге болады.

2. Білім мен біліктің жинақтығын қамтамасыз етеді.

3. Оқытудың өмірмен байланыстығын қамтамасыз етеді.

4. Кәсіптік бағдар мен, политехникалық білім береді.

Химиядан сабақ бергенде негізгі дидактикалық принципті еске ұстау керек. Ол оқытудың, яғни білім беру мен тәрбие және дамытудың бірлігі. Есеп шығаруда химиялық ұғымдар қайталанып бекиді. Алынған білімдер тереңдей түседі, оқушылардың ой-өрісі дамиды, оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге итермелейді. Есеп шығару арқылы оқушылар еңбекке үйренеді, жауапкершілік пайда болады, бір бағыттылық, мақсатқа жету үшін қайтпайтын қайсарлық пайда болады. Есеп шығаруда пән аралық байланыс та іске асады, табиғаттың тұтастығы туралы көз-қарас қалыптасады. Есеп шығаруда оқушылардың ой әрекеті мен іс әрекеті дамиды. Мысалы, ойға тоқу, дәлелдеу, талдау сияқты ойлау элементтерін үйренеді.

Психологтар мен дидактиктер «Есеп шығаруды – ойлау іс-әрекеттің кешенді моделі» деп атаған.

Жалпы есепті екі топқа бөлеміз: 1) сандық; 2) сапалық.

Сандық есепті 3-ке топтастыруға болады.

1. Химиялық формула арқылы есеп шығару

2. Химиялық реакция теңдеуі арқылы есеп шығару

3. Ерітінділерге арналған есептер.

Әр топтың есептерінің бірнеше түрлері болады. Мысалы: Бірінші топқа -15түрлі есеп кіреді.

  1. Қосылыстың салыстырмалы молекулалық массасын анықтау;

  2. Заттың құрамындағы элементтердің массаларының ара қатынасы;

  3. Қосылыстардағы элементтердің массалық үлесін анықтау;

  4. Белгілі заттың массасынан элементтің массасын анықтау;

  5. Элементтің массасы арқылы заттың массасын анықтау;

  6. Салыстырмалы тығыздық арқылы газдардың молекулалық массасын анықтау ;

  7. Газдардың салыстырмалы тығыздығын анықтау;

  8. Массасы арқылы заттың саның анықтау;

  9. Заттың белгілі мөлшері бойынша массасын анықтау;

10) Қосылыстағы элементтердің массалық үлесі бойынша, заттың қарапайым формуласын анықтау;

  1. Газдардың тығыздығы мен элементтердін массалық үлесі бойынша заттардың молекулалық формуласын анықтау;

  2. Жаңу өнімінің массасы арқылы заттың формуласын анықтау;

  3. Заттың массасы, мөлшері мен көлемі бойынша (газдар үшін) молекулалардың сандарын анықтау;

  4. Көлемі бойынша газ тәрізді заттардың массасын анықтау;

  5. Заттың массасы, мөлшері бойынша газ тәрізді заттардың көлемін анықтау.

Сандық есептерді мынадай типтерге бөлуге болады (С.Г.Шаповаленко):

1 тип. Моль ұғымы арқылы есептер шығару;

2 тип. Элементтердің масаларының арақатынасы мен химиялық формула арқылы есептеу;

3 тип. Заттың құрамындағы элементтердің массаларының формуласы арқылы есептеу;

4 тип. Салыстырмалы тығыздыққа байланысты және газдың көлемі арқылы салыстырмалы молекулалық массаны анықтау;

5 тип. Химиялық теңдеу арқылы есептеу;

6 тип. Ерітінділерге арналған есептер;

7 тип. Жай және молекулалық формуланы құрастыру.

Ю.В.Плетнер, В.С. Полосин бойынша сандық есептер мынадай типтерге бөлінеді:

1 тип. Формула арқылы есептеу;

2 тип. Ерітінділерге арналған есептер;

3 тип. Реакцияға қатысқан газдардың көлемдік қатынасын анықтауға байланысты есептер;

4 тип. Заттың салыстырмалы молекулалық массасын анықтауға байланысты есептер.

5 тип. Реакция өнімінің шығымына байланысты есептер;

6 тип. Реакцияға қатысқан заттың біреуі артық мөлшерде алынған жағдайда заттың сандық мөлшерін анықтауға байланысты есептер;

7 тип. Қоспаға байланысты есептер;

8 тип. Реакцияға қатысқан газтәрізді заттардың сандық мөлшерін анықтауға байланысты есептер.

Сапалық есептер де бірнеше типтерге бөлінеді:

1 тип. Заттарды алу;

2 тип: Заттын сапалық құрамын анықтау;

3 тип. Химииялық заттарды бір-бірінен ажырата білу;

4 тип. Химиялық құбылыстарды бақылау және түсіндіру;

5 тип. Заттар мен құбылыстарды типтерге және жеке кластарға жатқыза білу;

6 тип. Берілген мөлшердегі ерітінділерді даярлау.

7 тип. Берілген заттарда қоспаның бар екендігін анықтау және затты қоспадан тазарту.