Ы. Сулейменов атындағы орта мектеп
[pic]
Пәні: Химия
Сыныбы: 9
Мұғалімі: Максутова К
9-сынып.
Сабақтың тақырыбы: Карбон қышқылдары
Сабақтың мақсаты :
Білімділік : Оқушыларға қаныққан бірнегізді карбон қышқылдарына тән қасиеттерді сірке қышқылы мысалында таныстыру.
Функционалдық топтардың маңызы жайлы түсінікті одан әрі жалғастыру.
Органикалық заттар жөніндегі білімдерін тереңдету.
Дамытушылық : Сарамандық біліктерді , дағдыларды қалыптастыру. Оқушылардың қызығуы, ынтасы, қиялы мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік : Ұқыптылыққа, біреудің жауабын тыңдап, одан қорытынды шығара білуге тәрбиелеу.
Сабатың типі : Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі : І шінара ізденіске ұмтылу
Сабақтың әдісі : салыстыру, жеке , топтық жұмыс
Пәнаралық байланыс : биология, география
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, сірке қышқылы, аскарбин қышқылы, лимон, алма, айран, индикаторлар,электронды оқулық.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасын сұрау (Ой қозғау)
1.Спирттер деп қандай заттарды айтады?
2. Спирттер қалай жіктеледі, мысалдар келтіріңдер.
3. Этанолдың ағзаға зиянды әсері туралы не білесің?
4. Этанол толық тотыққанда қандай зат түзіледі?
Карбон қышқылдары
жоспар :
1. Карбон қышқылдарына сипаттама
2. Карбон қышқылдарының формуласы
Құрамы, құрылысы
«Іздену» Жеке өкілдері
«Эксперимент» Химиялық қасиеттері
Қолданылуы
1. Карбон қышқылдарына сипаттама
Құрамында міндетті түрде көміртек атомы болғандықтан , бейорганикалық қышқылдардан ерекше органикалық қышқылдарды карбон қышқылдары
деп атайды.
Мысалы, айранның , қымыздың т.б. сүт тағамдарының, қымыздықтың , қарақаттың, лимонның, мүкжидектің және піспеген жеміс –жидектердің қышқыл дәмі – карбон қышқылдарына байланысты.
2. Карбон қышқылдарының жалпы формуласы -
Функционалдық топшалар :
- ОН гидроксил , - СОН карбонил , - СООН карбоксил .
R - COOH н/е CnH2n+1COOH
3. Құрамы, құрылысы
Құрамында карбоксил тобы - COOH бар көмірсутектердің туындылары карбон қышқылдарына жатады.
Н-СООН – құмырсқа (метан) қышқылы
СН3 - СООН - сірке (этан) қышқылы
СН3 – CH2 - СООН - пропион (пропан) қышқылы
СН3 – CH2 – СН2 - СООН май (бутан) қышқылы
Жеке өкілдердері : Іздену жұмысы
1. Құмырсқа қышқылы - НСООН , өткір иісті , суда жақсы еритін , түссіз сұйық зат. Құмырсқа қышқылының тұздары - формиаттар деп аталады.
Құмырсқаның да емдік қасиеті бар
[pic] Көктем қылт етіп, күн жылынғалы қара құмырсқа інінен шығып, қауырт жұмысына қызу кірісіп кетті. Тынымсыз осы бір жәндіктің де неше түрлі ауруға таптырмас ем екенін көбіміз біле бермейміз. Көпшілік түрлерінің құрсақ бөлімінде шаншары мен улы бездері жақсы дамыған, улы бездерінен бөлінетін сұйықтық – [link] ауырғанда, кептірілген жапырағынан жасалған қайнатындыны қақырық түсіру және асқазанды тазарту үшін ішеді. Жаңа жұлып алған жас жапырағын сүйелге жапсырады 2. Сірке қышқылы СН3СООН - өткір иісті, суда жақсы еритін түссіз сұйықтық. Сірке қышқылының 6-9 %-тік судағы ерітіндісі – асханалық сірке суы деп аталады. Сірке эссенциясы құрамында - 70-80% сірке қышқылы болады. Сірке қышқылының тұздары - ацетаттар деп аталады. CH3COOН - сірке қышқылы, CH3COO – ( I ) валентті. Мысалы : CH3COONa – натрий ацетаты, ( (CH3COO)2Сa – кальций ацетаты. Сірке қышқылы әлсіз қышқылдарға жатады. 5. «Экперимент» Сірке қышқылының қасиеттерін зерттеу Сірке қышқылының химиялық қасиеттері - бейорганикалық қышқылдардың қасиеттеріне ұқсас. Жұмыстың орындалуы. 1. №1 Сынауыққа 1-2 мл сірке қышқылының сұйылтылған ерітіндісін құйыңдар. Тапсырма: Сірке қышқылының түсіне көңіл аудар, абайлап иісін байқаңдар. 2. Сынауықтағы ерітіндіге берілген индикатор қағазын батырыңдар. Тапсырма: Не байқадыңдар ? Түсі қалай өзгерді? 3. №2 сынауықтағы сірке қышқылының ерітіндісіне мырыш түйірін салыңдар. Реакция баяу жүрсе , аздап қыздыру керек. Тапсырма: Не байқадың ? 4. №3 Сынауыққа бордың кішкене түйірін салыңдар. Тапсырма: Газ бөлінуін бақылаңдар. Қасиеттері және реактивтер
СН3СООН 1. Физикалық қасиеттері
Индикаторға әсері
2. Zn ( немесе Mg )
3. Na2CO3 ( немесе CaCO3 )
4. Негіздік оксидтермен : 2 СН3СООН + MgO → (CH3COO)2 Mg + Н2О магний ацетаты 5. Cілтілермен : 2 CH3COOH + 2NaOH →2 CH3COONa + H2↑ натрий ацетаты
* Карбон қышқылдары спирттермен әрекеттесіп, күрделі эфирлер мен су түзеді:
CH3COOH + C2H5OH ↔ CH3COOC2H5 + H2O Сірке қышқылының этил эфирі Эфирлендіру реакциясы д.а. 6. Қолданылуы: (өзіндік жұмыс)
Бекіту: № 15-12. (Есептер жинағы)
Немен әрекеттеседі
Тұз қышқылы
Сірке қышқылы Белсенді металл HCI + Mg→ CH3COOH+Mg→ ? HCI + MgO → CH3COOH+MgO→ ? HCI + Mg(OH)2 → CH3COOH+Mg(OH)2 → ? HCI + MgCO3→ CH3COOH+MgCO3 → 1. Сірке қышқылының қандай қасиеттері бейорганикалық қышқылдарға ұқсас ? 2. Сірке қышқылы күші жағынан қандай қышқылдарға жатады ? Деңгейлік тапсырмалар «Қанағат»
Құмырсқа қышқылының құрамындағы көміртектің массалық үлесін есепте. «Талап»
Массасы 12 г магний сірке қышқылымен әрекеттескенде неше грамм магний ацетаты түіледі ? «Терең ой»
Құрамында 4,35 % сутек, 26,09 % көміртек және 69,56 % оттек болатын карбон қышқылының молекулалық формуласын есептеп шығарыңдар. Қорытынды : Карбон қышқылдары – молекуласында көмірсутек радикалымен байланысқан карбоксил тобы бар органикалық заттар. Карбон қышқылдарына тән реакциялардың бірі – эфирлендіру реакциясына қатысуы. Үйге §57, №4. Бағалау.
|
|