Зертханалық тәжірибе №2. Химиялық реакциялардың типтеріне және белгілеріне тәжірибе жүргізу

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Зертханалық тәжірибе №2. Химиялық реакциялардың типтеріне және белгілеріне тәжірибе жүргізу


Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Лабораториялық құралдар және химиялық заттармен жұмыс істей білуді одан әрі жалғастыру мақсатында болып жатқан құбылыстар мен заттардың қасиеттеріне көңіл аудару. Дәптерге істеген жұмысты қорытындылап жаза білу дағдысын қалыптастыру. Тәжірибе жасау кезінде оқушылар бақылағанын қорытындылап жазу үшін өткен практикалық жұмысты еске түсіреді.

Дамытушылығы: есте сақтау, бақылау, қайта айтып беру дағдырысын қалыптастыру.

Тәрбиелігі: ауаның тазалығын сақтау туралы экологиялық проблемалар.


Сабақтың көрнекілігі: құралдар мен реактивтер: спиршам, мыс сым, малахит, ағаш жаңқасы, парафин.


Сабақтың барысы:


  1. ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылар мен мұғалімнің сәлемдесуі. Балаларды түгендеу. Оқушылардың сабаққа деген дайындығын /жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері/ тексеру.


  1. мақсат қою кезеңі.

Оқытушының баяндауы мен оқулықтағы мазмұн бойынша ондағы басты мәселеге көңіл аудару одан әрі жалғасады және есте сақтау, бақылау, қайта айтып беру дағдылары қалыптастырылады.


  1. Жұмыстың орындалуы.

    1. Спиршамның жалынында мыс сымды қыздырыңдар. Содан кейін оттан алып, түзілген қара ұнтақты қағазға қырып түсіріп алыңдар.


Тапсырма. Мыс сым мен түзілген ұнтақтың қасиеттерін салыстыру; қандай құбылыс байқалды?

Реакция теңдеуін жаз


    1. Малахиттің аздаған ұнтағын аузы газ шығатын түтікпен жабылған сынауыққа салыңдар. Сынауықты тұрғыға аузын төмен қаратып көлбеулеу орналастырып, газ шығатын түтікті ізбес суына салыңдар. Алдымен сынауықты тұтастай, сосын ұнтақ тұрған жерді қыздырыңдар. Ұнтақ жасылдан қараға өзгереді. Сынауықтың қабырғасында су тамшылары пайда болады. Ізбес суы лайланады. Қандай құбылыс жүргенін анықтап, реакция теңдеулерін жазыңдар.

    2. Ағаш жаңқасының және парафиннің жануы. Кәрлен тостағаншаға ағаш жаңқасын және басқа тостағаншаға парафин түйірін салып, оларды жағып көріңдер. Байқалған құбылыстарды салыстырып, не бөлінетініне назар аударту.


Үйге тапсырма: қайталау