Көмірсулар.
Сабақтың тақырыбы «Көмірсулар»
Сабақтың мақсаттары:
Білімдік:
Көмірсулардың физикалық, химиялык, биологиялық қасиеттері,
құрылысы, алынуы мен қолданылуы туралы білімдерін жүйелеу бекіту; танымдық белсенділігін арттыру.
Органикалық қосылыстардың жеке кластарының арасындағы генетикалық байланысты қарастыру.
Химиялық реакцияларды жазып, коэффициенттерді қоя білуге, химиялық білімді үйренуге қажеттілігін тудыру.
Тәрбиелік:
Білім алушыларды абстракты ой қорытуға дағдыландыру, сабақ барысында тапқырылыққа, өз мамандықтарына және химия пәніне қызығуын арттыру.
Дамыту:
Көмірсулардың қасиеттерін білу мамандықтары бойынша арнайы пәндерді (биологиялық химия, медициналық биология) оқуда керек екендігіне назарларын аудару медицинадағы маңызына тоқтала отырып, көмірсулардың табиғаты мен химиялық қасиеттері туралы білімдерін дамыту; органикалық заттар туралы түсініктерін толықтырып, одан әрі кеңейте дамыту; ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың типі: білім, біліктілік, дағдыларды бекіту сабағы.
Сабақтың түрі: сынақ сабағы (білімді қорыту және жүйелеу сабағы).
Оқыту әдістері: әңгімелеу, баяндау, демонстрациялау,
Пәнаралық байланыс:
Пәнішілік байланыс:
Көрнекі құралдар, жабдықтар:
Комірсулардың (глюкоза, сахароза, крахмал, целлюлоза) құрылыстары жазылған плакаттар, қолданылуы туралы сызбанұсқалар, тірек-конспект «Көмірсулар», тірек-кестелер, Венн диаграммасы, пленкаға жазылған сұрақтар, ойын тапсырмалары, таблицалар «Азық - түліктің комірсулық құрамы», «Көмірсулар - медицинада», «Көмірсулардың жіктелуі», «Көмірсулар»;
Үлестірме материалдар: бақылау парагы, тестік тапсырма, техника қауіпсіздігі туралы нұсқау, маркер, бағалау парағы, тірек - конспектілер, плакат;
Техникалық оқыту құралы: компьютер, интерактивті тақта;
Тәжірибеге керекті реактивтер: крахмал, иодтың спирттік ерітіндісі, глюкоза ерітіндісі, NaOH ерітіндісі, AgN03 ерітіндісі, NH4OH ерітіндісі, CuSO ерітіндісі, спиртовка ,пробиркалар.
Сабақтың девизі:
«Естісем - ұмытамын,
Көрсем есте сақтаймын.
Ал өзім істесем бәрін де түсінемін!»
Конфуций
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Білім алушыларды түгендеу, амандасу топтарға бөлу, отырғызу, тапсырмаларын беру;
Өзектілігі:
Білімдерін өзектілеу үшін бақылау парағымен жұмыс (жұптық жұмыс);
ӨЗАРА БАҚЫЛАУ ПАРАҒЫ Көмірсулар деп аталу себебі не?
Көмірсулар қалай жіктеледі?
Глюкоза қандай зат?
Көмірсулардың маңызы қандай?
Глюкоза қасиеттерінің фруктозадан айырмашылығы неде?
Дисахаридтің өкілі
Көмірсулар табиғатта қайда кездеседі?
Крахмалдық құрылысы қандай?
9. Целлюлозаның крахмалдан айырмашылығы неде?
10. Глюкозаның өзіне ғана тән реакциялары қандай?
БІЛІМДІ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫНЫҢ ЖАУАПТАРЫ Көбінің құрамы Cn(H20)m жалпы формуласымен белгіленеді, (бұл формула бойынша көмірсулар көміртек пен судан құралатын тәрізді).
Жай комірсулар (моносахаридтер), күрделі көмірсулар (дисахаридтер, полисахаридтер).
Кристалдық зат, дәмі тәтті, суда жақсы ериді, спиртте, эфирде ерімейді, қоректік, бағалы шикізат.
Тірі организмде энергия қоры (өсімдікте-крахмал; адамда, жануарларда - гликоген), құрылымдық, қоректік зат.
Глюкоза - альдопентаспирт, фруктоза - кетопентаспирт.
Фруктозада альдегидтік топ жоқ.
Сахароза (Сі2Н220ц) 2 түрлі моносахаридтерден - глюкоза мен фруктозадан тұрады. Қант қамысында, қантқызылшасында болады.
Өсімдік массасының 80%-ін құрайды (глюкоза, гликоген, крахмал, целлюлоза).
Біртекті емес - амилаза-тізбектелген, аминопектин - тармақталған
Сызықтық полимер.
а) Спирттік ашу реакциясы C6H1206 2 С2Н50Н+2С02
б) сүт қышқылды ашуы: С6Н1206 2СН3 - СН - СООН
ОН
Сүт қышқылы
3. Теориялық білімдерін тексеру (топтық жұмыс): тапсырмалар бойынша жауап беру, топ жетекшілері топ мүшелерінің жауаптарын тыңдап бағалайды, тақтаға шығып берілген тапсырманы қорғау.
Стол «А» Моносахаридтер. Глюкоза
Глюкозаның молекуласының құрылысы (эмпирикалық, құрылымдық және тұйық формулалары).
Глюкоза мен фруктозаның табиғатта кездесуі. Моносахаридтердің физикалық қасиеттері және қолданылуы.
Глюкозаның алынуы (фотосинтез және өндірісте).
Бифункционалды қосылыс ретінде глюкозаның химиялық қасиеттері.
Глюкозаға тән қасиет.
Стол «В» Дисахаридтер. Сахароза.
Сахарозаның молекуласының құрылысы (эмпирикалық, құрылымдық және тұйық формулалары). Моносахаридтердің қандай қалдықтарынан тұрады?
Сахарозаның физикалық қасиеттері, табиғатта кездесуі. Жасанды балдың табиғи балдан айырмашылығы неде?
Сахароза өндірісі (технологиясы)
Тотықсызданбайтын дисахарид ретінде сахарозаның химиялық қасиеттері.
Сахароза мен лактозаның құрылысы мен химиялық қасиеттерінің ұқсастығы мен айырмашылығы.
Стол «С»
Полисахаридтер. Крахмал.
Крахмалдың молекуласының құрылысы (эмпирикалық, құрылымдық және тұйық формулалары). Моносахаридтердің қандай қалдықтарынан тұрады?
Крахмалдың физикалық қасиеттері, табиғатта кездесуі. Әр түрлі астық тұқымдастарының крахмал дәндерінің құрылысы.
Крахмалдың алынуы (биосинтез және өндірісте),
Крахмалдың химиялық қасиеттері (сапалықреакция және гидролиз).
Крахмалдың қолдануы.
Стол «D» Полисахаридтер. Целлюлоза.
Целлюлозаның молекуласының құрылысы (эмпирикалық, құрылымдық және тұйық формулалары). Крахмал молекуласынан айырмашылығы.
Целлюлозаның табиғатта кездесуі, физикалық қасиеттері.
Целлюлозаның алынуы (биосинтез және өнеркәсіптік өңдеу).
Целлюлозаның химиялық қасиеттері (гидролиз, этерификация реакциясы).
Целлюлозаның қолданылуы.
4. Тәжірибелік тапсырмалар (тәжірибелерді компьютердің көмегімен көрсету).
Мақсаты: «Глюкозаның химиялық қасиеттерін зерттеу»
Стол «А».
Тәжірибе: «Күміс айна» реакциясы.
Таза пробиркаға 1 мл тамшы AgN03 құйып, тамшылап аммиак ерітіндісін қосыңдар. Пайда болған Ag2 0 (1) аммиак ерітіндісінде толық еру керек. 1-1,5 мл глюкоза ерітіндісін құйыңдар. Қоспаны қайнатпай тез қыздырыңдар. Пробиркада өзгеріс басталғанда қыздыруды тоқтатыңдар.
Сұрақтар:
Бақылаған құбылыстарды түсіндіріңдер. 1 .Қандай реакция пайда болды?
Қандай өзгерістер өтті?
Неге осы реакцияны «күміс айна» реакциясы деп атайды? Реакция теңдеуін жазыңдар
Тәжірибе: Глюкозаның мыс гидроксидімен әрекеттесуі
Таза пробиркаға 3-4 мл глюкозаға ерітіндісін және натрий гидроксидінің (NaOH) ерітіндісін құйындар.( NaОН артық болу керек). 2-3 CuSО4 тамшысын қосыңдар. Қоспаны шайқап, қыздырыңдар. Мыс гидроксидінің сары тұнбасынан мыс оксидінің қызыл тұнбасы пайда болғанын байқаңдар.
Сұрақтар:
Бақылаған құбылыстарды түсіндіріңдер:1 .Қандай заттар пайда болды?
Қандай өзгерістер өтті?Қызыл,сары түстер қандай заттардың белгілері? Реакция теңдеуін жазындар.
Стол «В».
Мақсаты: «Сахарозаның химиялық қасиеттерін зерттеу»
Тәжірибе: Сахароза гидролизі.
1.Гидролиз жасау алдында, сахароза ерітіндісі мыс гидроксидін (ІІ) мыс оксидіне(І) дейін дәлелдеңдер. Пробиркаға 2 тамшы 5% сахароза ерітіндісін және CuS04 ерітіндісін қосып, 5 тамшы 10% (NaOH) ерітіндісін құйыңдар. Қоспаны қыздырыңдар.
Сұрақтар:
Бақылаған құбылыстарды түсіндіріңдер. 1 .Cu20 пайда болды ма?
Бұл не көрсетеді? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
Енді сахароза гидролизін өткізіңдер.
2.Пробиркаға 10 тамшы 5% сахароза ерітіндісін құйып, бір тамшы күкірт қышқылын қосып, 2-3 минут қайнатыңдар. Пайда болған ерітіндінің таза пробиркаға салып, соншама CuS04ерітіндісін, 7-8 тамшы 10% NaOH ерітіндісін құйып тез қыздырыңдар.
Сұрақтар: ______________________________________________________
Бақылаған құбылыстарды түсіндіріңдер
1.Не байқадыңдар? Қандай өзгерістер өтті?
2.Қызыл түсті мыс оксидінің (1) пайда болғаны ненің белгісі?
3.Реакция теңдеулерін жазып, сахарозамен өткен химиялық процестің атын атаңдар.
4.Реакция өту үшін қандай катализатор керек?
Тәжірибе: Сахарозаның кальций гидроксидімен әрекеттесуі
Таза пробиркаға 1г сахароза салып 5 мл су құйыңдар, тамшылап тұнба түзгенше Са(ОН)2ерітіндісін қосыңдар 5 минут күтіп, фильтрден өткізіңдер. Пайда болған фильтратты пробиркаға құйып ауа өткізіңдер.
Сұрақтар:
Бақылаған құбылыстарды түсіндіріңдер. 1 .Қандай заттар пайда болды?
2.Қандай өзгерістер өтті?
3.Неге ауа өткізгенде тұнба пайда болып еріп кеткен? Реакция теңдеуін жазыңдар.
Стол «С».
Тақырыбы: «Көмірсулар», «Крахмал»
Мақсаты: «Крахмал алу және химиялық қасиеттерін зерттеу»
Тәжірибе: Крахмалдан клейстер алу реакциясы
1.Таза пробиркаға 4-5мл су құйып, кішкене крахмал қосып, аралас тырыңдар.Пайда болған суспензияны қайнаған суға қосып араластырыңдар.
Тәжірибе: Крахмалдың йодпен әрекеттесуі.
1 .Пайда болған клейстерді су қосып екі пробиркаға құйыңдар. Бірінші пробиркаға йод ерітіндісін, екінші пробиркаға калий йод ерітіндісін қосыңдар.
Сұрақтар:
Бақылаған құбылыстарды түсіндіріңдер. 1 .Қандай өзгерістер өтті?
2.Неге көк түс йод қосқан кезде тез пайда болды, ал калий йод қосқан кезде біраз уақыт керек болды?
Стол «Д».
Мақсаты: «Крахмал алу және химиялық қасиеттерін зерттеу»
Тәжірибе №3: Крахмал гидролизі.
1.Пробиркаға 2 мл крахмал клейстерін құйып,6 мл су қосыңдар.Қоспаны 5 минут қайнатыңдар. NaOH ерітіндіін құйып, CuS04 ерітіндісін қосыңдар. Пайда болған қоспаны қайтадан қыздырыңдар.
Сұрақтар:
Бақылаған құбылыстарды түсіндіріңдер:
1.Крахмалды күкірт қышқылымен қыздырғанда не болды?
2.Кызыл,сары түсті тұңбалар ненің белгілері?
3.Реакция теңдеулерін жазыңдар.
Мақсаты: «Целлюлозаның химиялық қасиеттерін зерттеу»
Тәжірибе. Жасұнықтың гидролизі. Шынының үстіне сүзгі қағазын қойып, бір-екі тамшы концентрациялы күкірт қышқылын тамызыңдар. Қышқыл тамызылған жердегі сүзгі қағазын таяқшамен езіп, пробиркаға салыңдар. Бұдан соң 1 мл су құйып, сұйыктықты үздіксіз шайқап отырып 5 минуттай қайнатыңдар. Сұйықтыққа 5—6 тамшы өте сұйылтылған тотияйын ерітіндісін (түсі ақшыл көк) және мыс гидроксиді толық ерігенше сілтінің ерітіндісін қосып, қайтадан қайнағанша қыздырыңдар. Сонда мыс (I) оксидінің қызыл түсті тұнбасы түзіледі. Бұл глюкозаның түзілгенін көрсетеді. Реакция теңдеуін жазыңдар.
Тәжірибелерді кестеге толтыру
Не істедіңдер?
Не
бақыладыңдар?
Қорытынды
5.Танымдық тапсырмалар
Стол «А».
Алмадағы қантты заттар мөлшері адам ағзасына кері әсер етпей ме?
Стол «В».
Пектиндер дегеніміз не? Біздің организмімізде олар қандай роль атқарады? Стол «С».
Неге бие сүтінен айран емес, қымыз алынады?
Стол «Д».
Пектиндердің тағы бір маңызды қасиеті бар: организмнен улы ауыр металдарды байланыстыру және шығару қабілеттері болады, сол туралы не білесіздер?
6. Сандық есеп тапсырмалары.
Стол «А».
0,9 гр А заты жанғанда 1,32 гр көміртегі оксиді (IV) және 0,54 гр су түзіледі. А затының молярлық массасы 180 гр/моль. Осы заттың молекулалық формуласын табындар және атын атандар.
Стол «В».
0,25 моль сахароза (қ.ж.) тотыққанда, көміртегі оксидінің (IV) қандай көлемі (л) түзіледі, есептендер.
Стол «С».
Массалық үлесі 0,2 (20%) крахмалы бар 1 т картоптан 100 л этанол (р=0,8
л
гр/см ) алынды. Бұл теориялық шығыммен салыстырғанда қанша процент құрайды?
Стол «Д».
Құрамында 50% целлюлозасы бар 500 кг ағаш ұнтағын гидролиз дегенде 70 кг глюкоза алынды. Реакция өнімінің шығының есептендер.
7. Оқыту ойындары.
1.Француз әдістемесі бойынша синквейн құру («А», «В», «С», «Д» столдарына берілген тапсырмалар бойынша). Мысалы
глюкоза;
тәтті ақ;
ериді, ағзаға сіңеді, ашиді;
энергия құндылығы жағынан ағзаға керек.
альдегидоспирт.
2. «Менің тұжырымым дұрыс па?» ойыны
Глюкоза жай зат;
Онда тек қана 1 функционал топ бар;
Глюкоза тотығады;
Глюкоза тотықсызданады.
Жауаптары:
Глюкоза күрделі зат;
Глюкозада алты функционал топ бар: ОН" - 5, - СОН - 1;
Иә, гидроксил топтары реакцияда эфирге айналса, альдегид тобы карбоксил тобына айналады.
Иә, альдегид тобы гидроксил тобына айналады.
3. «Зейіні өте жақсы химик» ойыны
Мынау сахароза С12Н22О10;
(С6Н10О5) n)
Лактоза - крахмалдың изомері;
Целлюлоза - тармақталған полимерлер
Жауаптары:
Жоқ бір оттегі жетіспейді;
Бұл крахмал және целлюлозаның формуласы;
Дисахарид, сүт қанты;
Сызықтық полимердің өкілі.
8. Химиялық диктант (бірін-бірі тексеру, өзін өзі бағалау).
А, В столдары -1 нұсқа, С, Д столдары - II нұсқа
Көмірсулар тақырыбына арналған химиялық диктант
I – нұсқа ... табиғатта өте көп таралған және адам тіршілігінде маңызы өте зор рөл атқарады.
Молекулалық формуласы С6Н1206 болатын______ , оның изомері ___
бірнеше басқада моносахаридтер бар.
Молекулаларында көміртегінің бес атомы болатын көмірсулар да бар. Олар -...
Рибоза жэне дезоксирибоза - суда жақсы еритін дәмі тәтті... заттар.
Сахарозаның құрылысы ... қарағанда күрделірек.
... солодпен әсер етіп крахмалдан алынады.
... - суда ерімейтін ақ ұнтақ, ыстық суда ол ісініп ерітінді - желімтек түзеді.
II - нұсқа
Крахмал желімтегіне мыс (II) гидроксидінің қосп қыздырайық. Мыс (I) оксидінің түзілгендігі байқалмайды. Демек, крахмалда глюкозадағыдай ... қасиет жоқ.
Целлюлоза да крахмал тәрізді, табиғи ...
Целлюлозаның макромолекуласының крахмалдан ерекшелігі, ол ... қалдықтарынан құралған.
Целлюлозаны гидролиздейтін ... күйіс қайыратын жандарда болатын микроағзалар арқылы өндіріледі.
Целлюлозаның жақсы ... күнделікті өмірде белгілі.
Целлюлозаның сірке қышқылды эфирлері - ... және ... - өте бағалы заттар.
Тест «3 - тен біреу»
Топтағы білім алушылар сұрақтары бар парақ алады, жүргізуші жауап нұсқаларымен сұрақтарды оқиды, олардан 1 дұрыс жауапты таңдап алу керек. Білім алушылар бір - бірімен пікір алыса алады. Уақыт өткеннен кейін топтар өзара тексеру мақсатында тестерімен алмасады. Оқытушы дұрыс жауаптарын оқиды, керек жағдайда түсіңдіреді. Балдар саналады, дұрыс жауап - 1 балл. Ең көп дұрыс жауап берген білім алушылар тобы жеңіске жетеді.
I - нұсқа
1. Глюкоза молекуласында неше гидроксил тобы бар?
А) үш;
Ә) төрт;
Б) бес;
2. Пентозалардың өкілі?
А) рибоза;
Ә) дезоксирибоза;
Б) Рибоза және дезоксирибоза;
3. Сахарозаның молекулалық формуласы?
А) С12 Н22Оп;
Ә) С6 Н12 06;
Б) (Сб Н10 05)п;
4. Сүтте ... болады.
- А) мальтоза;
Ә) лактоза;
Б) глюкоза;
5. Нешінші жылы К. Кирхгоф күкірт қышқылының катализаторлық әсерінен крахмалдың глюкозаға айналу реакциясын ашты.
А) 1811;
Ә)1813;
Б)1815;
II - нұсқа
Мақта талшығында неше пайыз целлюлоза болады?
А) 15%;
Ә) 50%;
Б) 98%;
Сахарозаның балқу температурасы?
А) 120°С;
Ә)150°С;
Б) 160°С;
Адам қанында неше пайыз глюкоза болады?
А) 0,1%;
Ә) 0,01%;
Б) 1%;
Картой түйнегінде неше пайыз крахмал болады?
) 20%;
Ә) 15%;
Б) 25%;
Жүгері дәндерінде крахмал неше пайыз болады?
А) 65%;
Ә) 70%;
Б) 80%;
Химиялық диктанттың жауаптары
көмірсулар;
глюкозаға;
пентозалар;
кристалл;
глюкозаға;
мальтоза;
крахмал;
тотықсыздандырғыштық;
полимер;
b-глюкозаның;
ферменттер;
жанатыны;
диацетат, триацетат.
Тестің жауаптары
1 -Б. 2 - Б. 3 - А. 4 - Ә. 5 - А. 1-Б.2-Б. 3-А.4-А.5-Ә.
8. Сабақтың қорытындысы, «бағалау экранында» қорытындысын жасау. Венн диаграммасы. Көмірсулар тақырыбы бойынша тірек- конспектісі.