Күні:
Пән:химия
Сынып: 11
Сабақтың тақырыбы: Полисахаридтер.
Сабақтың мақсаты: полисахаридтердің жіктелуі жайлы білімді жинақтау, крахмал мен целлюлозаның химиялық, физикалық қасиеттері, табиғатта таралуы, полисахаридтердің маңызы жайлы қарастыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру.
Құрал-жабдықтар: үлестірмелі тесттер, өзін-өзі бағалау парағы, қосымша баспа
материалдары, сызбалар.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
1. Тест
Тапсырма:Ұсынылған тұжырымдардың ішінен, тек дұрысын таңдаңыз:
I нұсқа – моносахаридтер үшін; II нұсқа – полисахаридтер үшін;
1.Өкілдері : глюкоза, фруктоза, галактоза, рибоза, дезоксирибоза;
2.Өкілдері: крахмал, гликоген, декстриндер, целлюлоза, хитин ;
3. Молекуласы бірдей қайталанып отыратын бірнеше атомдар топтарынан тұрады.
4.Олар: триоздар, тетроздар, пентоздар, гексоздар болып жіктеледі;
5.Жалпы (С6Н10О5)n. формулаға ие.
6. Молярлық массасы өте көп емес, бірнеше жүз г\моль болмайды.
7.Молярлық массасы өте үлкен, бірнеше миллион г\моль дейін жетеді.
8.Гидролиз реакциясына қатыспайды;9.Гидролиз реакциясына қабілетті.
10. Кейбірінің молекуласының қалдығы ДНК мен РНК құрамына енетін нуклеотидтер болып есептеледі.
I нұсқа: 1, 4, 6, 8, 10;II нұсқа: 2, 3, 5, 7, 9. 2. Ұсынылатын тақырыптар:
1. Крахмалдың химиялық қасиеттері, алу жолы, құрылысы.
2.Целлюлоза химиялық қасиеттері, алыну жолы, құрылысы.
3.Крахмалдың, целлюлозаның қолданылуы.
3.Кесте «Крахмал мен целлюлозаның салыстырмалы сипаттамасы»
Крахмал Целлюлоза
Формуласы
(С6Н10O5)n
(С6Н10O5)n
Құрылысындағы ерекшелігі
-глюкозаның циклді молекуласының қалдығынан түзілген. Полимерлену дәрежесі бірнеше жүзден бірнеше мыңға жуық болады.Молярлық мас-сасы бірнеше жүз мың г/моль болады.Макромолекуласының құрылымы: сызықтық(амилоза) және тармақты(амилопектин) тұрады.Крахмалда амилозамөл-шері 10–20 %,амилопектиннің мөлшері 80–90% болады.
[pic] -глюкозы циклді молекуласының қалдығы-нан түзілген. Полимерлену дәрежесі бірнеше мыңнан бірнеше он мыңға дейін жетеді. Молекулалық мас-сасы бірнеше миллион г/моль дейін жетеді.Молекулалық құрылымы: сызықтық.
Табиғатта кездесуі және биологиялық қызметі
Өсімдік жасушасында бидайда тағамдық өнім ретінде өсімдік жасушасында цитоплазмадағы құрамы (масса) бойынша:
күріште –80 %,картопта 20 % бидайда,жүгеріде –70%, дейін.
Өсімдік жасушасының қабығында құрылыстық, құрылымдық қызмет атқа-рады.Құрылымы:мақта тал-шығында95 %,зығыр тал-шығында80%,ағашта 50 % .
Физикалық қасиеттері
Ақ түсті аморфты ұнтақ, суық суда ерімейді, ыстық суда ісініп коллоидты ерітінді, крахмал клейстерін түзеді, бұл жағдайда амилоза, крахмалдың негізгі құрылымдық бөлігінің қызметін атқарып, ыстық суда ериді, амилопектин тек қана ісінеді.
Суда ерімейтін қатты талшық тәріздес зат.
Химиялық қасиеттері
1)Толық гидролиз реакциясының нәтижесінде глюкозаның түзілуі:
(С6Н10O5)n + nН2О —>nС6Н12O6.
2) Гидроксил топтардың нәти-жесінде күрделі эфирлердің түзілуі
3) Йодпен жүретін сапалық реакция – көк түске боялуы.
1)Гидролиз реакциясының нәтижесінде глюкозаның түзілуі:
(С6Н10O5)n+nН2О>nС6Н12O6.
2)Гидроксотоптардың әсері-нен күрделі эфирлер түзеді, азот қышқылымен моно-нитраттар, динитраттар, тринитраттар, сірке қышқы-лымен әрекеттесіп,диаце-тат н/е триацетат түзеді.
3)Йодпен реакция жүрмейді
4.Мына айналуларды жүзеге асыр:
(С6H10O5)n → C6H12O6→ C2H5OH→ C2H4→CO2
(С6H10O5)n → C6H12O6→ CH3 (CH2)2 COOH→ CH3 (CH2)2 COOH C5H11→CO2
Бекіту:негізгі түйінді көрсете білу:
1. Атауы. Тақырыбы
2. Сипаттама.
ҮІІ. Рефлексия :Венн диаграммасын толтыру
Ұқсастығы:Полисахаридтерге крахмал мен целлюлоза жатады. Олардың молекулалық формулалары — (С6Н10О5)n.
ҮІІІ. Есептер шығару: Тапсырмалар жинағынан
ІХ.Сабақты қорытындылау,оқушыларды бағалау.
Х. Үйге тапсырма: Оқулықты және қосымша материалдарды
қолданып «Алынуы» және «Қолданылуы» бойынша кестені