Химия пәнінен ашық сабақ: «Қаныққан бір атомды спирттер»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: «Қаныққан бір атомды спирттер» 
Мақсаты:
Қаныққан бір атомды спирттердің құрылысы мен табиғатта таралуы, физикалық және химиялық қасиеттерін меңгеру, алынуы мен қолданылуына тоқталу
 
Күтілетін нәтижелер
 
А: Спирттің формулаларын жаза алады;
 
В: Физикалық және химиялық қасиеттерін ажырата алады, қолданылу аясын түсінеді;
 
С: Берілген реакция теңдеулерінен спирттің формуласын алады.
 
Керекті жабдықтар
 
Интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, бейнероликтер
 
Сабақ типі Жаңа білім алу сабағы
 
Сабақтың өткізілу әдісі Әңгімелесу, сұрақ-жауап, есептер шығару
 
Сабақ барысы:
 
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
 
Кіріспе
 

Сыныптағы психологиялық ахуалды қалыптастыру: оқушылармен амандасу, түгендеу, кезекшілік қызметін қадағалау.
 
Сабақ мақсатымен, жоспарымен таныстыру, бағалау критерийімен таныстыру, бағалау парағын үлестіру.
 
Мұғаліммен амандасады, кезекшілік қызметін атқарады, оқу құралдарын дайындайды. Сабақ мақсатымен, жоспарымен, бағалау критерийлерімен танысады.
 
Тұсаукесер
 

Үй тапсырмасын тексеруге өткен тақырыптар бойынша деңгейлік сұрақтар беріледі. Интерактивті тақтадан көрсетіледі.
 
Дұрыс жауаптан соң, тақтадан спирттің формуласы шығады. Әр оқушы жеке сұраққа жауап береді.
 
Дұрыс жауап берген оқушы ұпайларын бағалау парағына түсіреді.
 
Негізгі бөлім
 

Жаңа сабақ: «Бір атомды қаныққан спирттер». Спирттің алыну жолдары, түрлері, қасиеттері туралы мәлімет беру. «Спирттің химиялық қасиеті», «Спирттің физикалық қасиеті» «Спиртті ішімдіктердің ағзаға зияны» туралы сипаттама беру, бейнероликтер көрсету. Түрткі сұрақтары, қайта бағыттау, жоғары-төмен деңгейлі сұрақтарды қою. Тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу.
 
Бекіту кезеңі. Білімділік міндеттері:
 
- Оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;
 
- Алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшіліктерді анықтау;
 
- Кеткен кемшілікті жою жұмыстары.
 
Сәйкестендіру, жинақтау тестілері, Activ ote құрылғысымен тест тапсырмасын беру. Есептер шығару Жаңа сабақ бойынша оқушылар сұрақтар қояды, бір-бірімен пікірлеседі, бір-бірінің жауаптарын толықтырады.
 
Сәйкестендіру, жинақтау тестілері, Activ ote құрылғысымен тест орындайды. Әр оқушы алған ұпайларын бағалау парағына түсіреді.
 
Қорытынды
 
Рефлексия.
 
-оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым-қатынасты тудыру;
 
- оқушылардың өзін-өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым-қатынас принципін үйрету.
 
Сіздерге сабақ қызықты болды ма? Білгендеріңнің маңызы қандай?
 
Бағалауға нұсқау беру. Жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.
 
Үйге тапсырма беру.
 
-оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты, мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету.
 
Тақырыпты оқу және есептер шығару
 
Жинаған ұпайларын бағалау парағына түсіру, қорытынды ұпайларын мектеп бағасына айналдыру.

Оқушының бағалау парағы
 

Оқушының аты-жөні Үй тапсырмасы Деңгейлік кеңейтілген тапсырмалар Барлық ұпай саны