Урок “Су. Ерітінділер”тарауын қорытындылау

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Сабақтың тақырыбы: «Су. Ерітінділер. » тарауы бойынша қорытындылау  сабағы.

 

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: оқушылардың « Су. Ерітінділер.» тарауы бойынша білімдерін жүйелеп, тереңдету, қорытындылау;

ә) дамытушылық: химиялық формула, химиялық реакция теңдеулерін құрастыру, есептер шығару біліктерін дамыту, өздігінен жұмыс істеуге және өз білімін бағалап тексеруге баулу;

б) тәрбиелік: ізденімпаздық, жауапкершілік, ұйымшылдық қасиеттерін тәрбиелеу.

 

Сабақ көрнекіліктері және жабдықтары:

 

Сабақ барысы: Сынып оқушыларын топтарға бөліп, топ басшысына ортақ бағалау парағын тарату.

I кезең – «Бой сергіту»

Әр топқа 5сұрақтан  қойылады.

 «Су тамшысы» тобының сұрақтары:

  1. Су жер бетінің қандай бөлігін алып жатыр?

  2. Су молекуласының құрамы қандай?

  3. Ерітінділер деген не?

  4. Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесінің қалай есептейді?

5.Судың физикалық қасиеттерін атаңдар?

 

«Ерігіштік» тобының сұрақтары:

  1. Судың табиғатта кездесетін агрегаттық күйлерін атаңдар?

  2. Дистилденген суды қалай алады?

3.Газдардың ерігіштігін қалай арттыруға  болады?

4.Ерігіштік дегеніміз не?

5.Су қандай заттармен әрекеттеседі?

 

«Ерітінділер» тобының сұрақтары:

  1. Ауыз су қалай тазаланады?

  2. Судың ластануының қандай түрлері бар?

  3. Неліктен мұз суда жүзеді?

  4. Ерітіндінің молярлық концентрациясын қалай есептейді?

  5. Қатты заттардың ерігіштігін қалай арттыруға болады?



II кезең – «Топтық жұмыс»
Әр топқа әртүрлі шығармашылық жұмыс беремін. 
1-топ-судың қасиеттерін «кластер» стратегиясы арқылы таныстырады;
2-топ – су мен ауа қасиеттерін салыстыра отырып «Венн диаграммасын» толтырады;
3-топ –«су – тіршілік көзі» тақырыбына эссе жазады;
Әр топ тақырыптары бойынша «постер» дайындайды , 7 минут уақыт беріледі.

III кезең: «Ойлан, тап» ойыны.

Тақтаға әр топтан бір оқушы шығып берілген тапсырманы орындайды.

Тапсырмаларда берілген реакция теңдеулерін аяқтап, коэфициентерді қою керек.

 

«Су тамшысы» тобының тапсырмасы:

1.Ва+О2→                    2.К+H2O→              3. С+ О2

 

«Ерігіштік» тобы:

1.Mg+ H2SO4 →            2.H2O+CaO→              3.Na+H2O→


«Ерітінділер» тобы:

1.Zn+HCl→                2.K+O2→                   3. Mg+ H2O →

Тапсырманы орындау үшін 5 минут уақыт беріледі.

 

IV кезең: «Есепке кім жүйрік?»

 

«Су тамшысы» тобы:

1. 20 г ас тұзын 120 мл суға еріткенде, алынған ерітіндідегі тұздың пайыздық концентрациясын есептеңдер.

2. Тұз қышқылының массалық үлесі 10% (тығыздығы ρ= 1,047г/мл). Көлемі 150 мл ерітіндідегі тұз қышқылының (НСl) массасын есепте.



 

«Ерігіштік» тобы:

  1. 40г натрий хлоридін суда еріткенде, 300 мл ерітінді алынды, алынған ерітіндідегі тұздың мольдік  үлесі қандай?

2. Көлемі 2 л, молярлық концентрациясы 0,1 моль/л Na2SO4 ерітіндісін дайындау үшін натрий сульфатының қандай массасы қажет болатынын есептеңдер.


«Ерітінділер» тобы:

1.250г 15%-ды ерітінді дайындау үшін неше г тұз және неше г су қажет болады?

2. Судың 500 мл-де 100 л хлорсутек (қ.ж) ерітілді. Алынған ерітіндідегі хлорсутектің массалық үлесін есептеңдер.



V кезең –«Қорытындылау».

Рефлексия
«Басбармақ» әдісі.

Үйге тапсырма: Н. Нұрахметов т.б.оқулығы бойынша: §36-41 қайталау




Бағалау.



























Қосымша тапсырмалар

Кім зерек? (Перфокартолар жұмыс істеу)

Беріген заттарды дұрыс анықтай білсе, химиялық элемент аты шығады



Жауабы: германий.



Реакция типі анықта. Дұрыс жауабын тапсаңыз, химиялық элемент ата шығады

Жауабы: Феррум





Жауабы: франций