Жаңа технологияларды тимді пайдалану аркылы окушылардын өз бетімен жұмыс істей алатын жеке тұлға етіп калыптастыру
Жайлаубаева.Р.Г.
Өскемен қаласы әкімдігі «Оралхан Бөкей
атындағы №44 мектеп -лицейі»КММ
БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА АКТ-НЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗ БЕТІМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ
Аннотация
Бұл технологияның тиімділігі, оқушы мұғалімнің бағыт – бағдар беруі арқылы
өз бетімен ізденіп, жаңа мәліметтер алып, еңбектену арқылы игереді. Білімді меңгере отырып, оқушы сын көзбен қарауға, өз ойын еркін айтуға, өз құқықтарын қорғай білуге, ақпарат көздері арқылы ізденуге, білімін толықтыруға жәрдемдеседі.
Ақпараттық коммуникативтік технология сабаққа дайындалуда қосымша ақпаратты іздеуді кеңейтеді. Интернеттің іздеу жүйесі арқылы өнеркәсіп салаларының дамуы, қызықты мәліметтер, көрнекіліктер табылады. Әрине, көп жұмыстар тексеруді, түзетуді талап етеді, бірақ сабаққа дайындалу барысында әдістемелік жағынан көмек береді. Ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етед
Аннотация
Эффективность этой технологии, учитель основном дает направления ученику, чтобы обеспечить целенаправленный самообучения и приступить к работе с новой информацией. Знание критического отношения учащихся, его знание игры, чтобы защитить свои права, чтобы говорить свободно, чтобы облегчить исследования, чтобы улучшить знания источников информации Информационные и коммуникационные технологии классы ведутся расширить поиск дополнительной информации. Поисковые системы Интернета и информационных отраслей за счет развития интересных фигур. Конечно, поправка требует проверки много работы, но в ходе исследования методологии.
Аnnotation
The effectiveness of this technology, the teacher, to provide targetedself-study and get to work with the new information. Knowing the critical attitude of students, his knowledge of the game to protect their right to speak freely, to facilitate research to improve knowledge of the sources of information. Information and communication technology classes are conducted to expand the search for more information. Internet search engines and information industries through the development of interesting figures. Of course, the amendment requires checking a lot of work, but the study methodology.
Кіріспе
Білім саласындағы жаңа көзқарас тұлғаның дамуы мен нәтижеге бағытталған білім беруді көздейді. Ол мектеп бітіргеннен соң, оқушының қоғамдық кеңістікке оңай сіңіп кетуін, әлеуметтік көзқарасының дұрыс қалыптасып, мектепте алған білімін өмірде қажетіне жарата білуін нысанаға алады. Бұл дегеніңіз мектеп қабырғасында әр баланың құзырлығы арқылы да аңықталады. Ендеше, білім меңгеру үрдісіндегі негізгі тұлға ұстаздың құзырлығы қандай болмақ?
Ақпараттық коммуникативтік технология сабаққа дайындалуда қосымша ақпаратты іздеуді кеңейтеді. Интернеттің іздеу жүйесі арқылы өнеркәсіп салаларының дамуы, қызықты мәліметтер, көрнекіліктер табылады.
Бүгінгі таңда химия пәні мұғалімдерінің кәсіби құзырлылығы құрылымынан оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологиялары ерекше орын алады
Мультимедиялық көмекші құралдармен жұмыс істей отырып, сабақтың формаларын түрлендіре алады, яғни көрнекілік, әдістемелік, аудио және бейнематериалдар қолданады.
Мұндай жұмыс сабақтың келесі кезеңдерінде іске асырылады:
- үй жұмысын тексеруде;
- жағдаятты шешкенде;
- жаңа сабақты түсіндіргенде;
- жаңа сабақтың бекіту кезеңінде;
- сабақ барысында оқушылардың білімдерін тексеруде.
ҒЫЛЫМИ ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
Мұғалімнің тәжірибелік экспериментті жұмысының іздену тақырыбы:
«Жаңа технология негізінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу барысында пайдалану ,оқушылардың деңгейіне қарай өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту». Оқушылардың топпен жұмыс жасау,жұптық жұмыс жасау қабілеттерін дамыту
Мақсаты:
Қазіргі заман талабына сай озық педагогикалық ой- пікір мен деңгейлеп
оқыту технологиясы, іс-тәжірибелер, идеяларды қолдана отырып,әр оқушының
рухани-адамгершілік құзіреттілігін дамыту. ұйымшылдыққа үйрету.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны компьютерді оқу барысында
пайдалану ,модельдеу және интерактивті құралдарын қолдану, интернетте жұмыс
істей білу,ұрпақтарымызды парасатты да, білікті, мәдениетті де білімді етіп
тәрбиелеу.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан - 2030» Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоты» деп көрсетілгендей жас мемлекетіміздің болашағы бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып,олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту - бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осыған орай, баланың дамуындағы маңызды рольді мектеп атқарады. Нақты осы жерде бала жан-жақты дамитын, өз сезімі мен ойын ашық жеткізуге үйренетін, адам бойында табиғат берген шығармашылық қабілетін жүзеге асыра алатын, балаға қажетті психологиялық тұрғыдағы институттың қалыптасуы маңызды
Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, окытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда жана технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады.Сабақта алдыңғы қатарлы озық іс-тәжірибелер мен жаңа технологияларды пайдалану. Бұл орайда инновациялық технологияларды пән бойынша қандай тарауға, қай тақырыпқа пайдалану тиімді болатынына зерттеу, салыстырып жүргізіп отыру қажет деп ойлаймын. Сонымен бірге оқушының бастапқы білім деңгейін, жаңа технологияны пайдалану барысында қаншалықты білім алып шыққанын, не үйренгенін айқындап, диагностикалап отыру да артық болмайды. Өйткені мұғалім тарапынан білімі мен іскерлігі тексерілмеген оқушылар біртіндеп үлгермеушілер қатарына қосылады..Көптеген жаңа технологияларды химия пәнісабақтарында жиі қолданылуда. Заттардың құрамы мен құрылымын, қасиеттерінің құрылымына тәуелділігін, қасиеттері белгілі жаңа заттар мен материалдар алуды, химиялық өзгерістердің заңдылықтары мен оларды басқарудың жолдарын зерделеу- мектепте химия пәнін оқытудағы негізгі мәселелер. Заттар әлемін (олардың құрамын, құрылымын, бір заттың басқа затқа айналуын) зерделей отырып, оқушылар практикалық қызмет үшін тиянақты білім алуы тиіс. Осыған байланысты күнделікті сабаққа:
-мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық оқулықтарды);
-зертханалық тәжірибелер;
- тұлғаға бағдарланған, интерактивтiк, компьютерлiк оқыту технологияларын пайдалану.
- анықтамалық мәліметтер (сөздік, энциклопедия, карта, деректер қоры
Оқушының жеке ерекшеліктерін ескеру ұстанымы әр деңгейлі тапсырмаларды, өзіндік, зерттеу және жобалық жұмыстарды пайдалануды қамтамасыз етеді, оқытудың тұлғалық-маңызды мотивін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Шығармашыл ұстанымы оқушылардың өз бетімен стандартты емес, шығармашылық, логикалық есептердің шешуін табу қабілеттерін қалыптастыруға, жаңа амал-тәсілдерін анықтауға, жаңаны жасай алуға, нақты өмірлік жағдаяттардың стандартты емес шешімін табуға, құзіреттілікке бағытталған тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді.
“Химияны” оқыту мақсаттары:
Алдыңғы сыныптарда оқып үйренгендердi кешендi қайталау, жүйелеу, кеңейту және тереңдету, оқытуды бағдарлау, ғылымның әмбебап тiлi ретiндегi, құбылыстар пен үдерiстердi моделдеу құралы ретiндегi химия туралы түсiнiк қалыптастыру, ауызша және жазбаша түрде химиялық тiлдi меңгерту, күнделiктi өмiрге, бағдарлы деңгейде мектептiк жаратылыстану пәндерiн оқып-үйренуге қажеттi химиялық бiлiм мен бiлiктердi игерту, оқу және болашақ кәсiптiк iс-әрекетте логикалық ойлауды, елестетудi алгоритмдiк мәдениеттi дамыту.
“Химия” оқу пәнiн оқыту мiндеттерi:
- заманауи әлемде еркiн бағдарлану үшiн қажеттi химиялық бiлiм мен бiлiктердi жетiлдiру: алдыңғы сыныптарда оқып үйренгендердi кешендi қайталау, жүйелеу, кеңейту және тереңдету;
- кейiнгi оқу, өндiрiстiк және қоғамдық қызметте қажеттiлiгi тұрғысында оқытуды бағдарлау;
Тақырыптың өзектілігі де осында.
1.Зерттеу нысаны. Оқушыларының ақпараттық-коммуникациялық технология оқу барысында пайдалану, интерактивті құралдарын қолдану, интернетте жұмыс істей білу, өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін, коммуникативтік құзыреттіліктерінің дамуы
2. Зерттеу пәні: Химия пәнін сабақтар мен сабақтан тыс шаралардағы интерактивті құралдарын қолдану, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін, коммуникативтік құзыреттілігін дамытудағы деңгейлеп оқыту және жазу жобасының жүзеге асуы.
3. ТЭЖ мақсаты: Оқушылардың өз бетімен жұмыс ітеу, интерактивті құралдарын қолдану қабілеттерін,коммуникативтік құзыреттілігін дамытудағы және жазу жобасын қолданудың әдістемелік негізін жасау,ұсыныстар әзірлеу.
4. Болжамы: Егер ақпараттық-коммуникациялық технологияны, деңгейлеп оқыту және сатылай кешенді талдау жобасын қолдануды оқушылардың жас ерекшелігіне қарай оқу – тәрбие үрдісіне кіргізудің тиімді жолдарын қарастырып,ұсыныстарымды анықтасам, онда оқушылардың өз бетімен жұмыс істей алу қабіеттері мен коммуникативтік құзыреттіліктері қалыптасып,тілдері дамып,өзара қарым-қатынасқа үйренеді.
ТЭЖ міндеттері:
1. Оқушыларының өз бетімен жұмыс ітей алу, интерактивті құралдарын қолдану, коммуникативті құзыреттіліктері жөніндегі әдебиеттерге талдау жасау.
2. Деңгейлеп оқыту және жазу жобасының оқушылардың жас ерекшелігіне қарай тиімді қолдану.
3. Оқушыларының коммуникативтік құзыреттілігін дамытуға бағытталған оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудағы деңгейлеп оқыту және жазу жобасын қолданудың әдіс-тәсілдерін, құралдарын нақтылау.
Салыстыру – ақиқат заттарымен құбылыстарының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.
Талдау – әрбір элементті немесе құбылыстың жағын бүтіннің бөлігі ретінде зерттеу, зерттелетін пәнді немесе құбылысты құрауыш элементтерге бөлу, оның ішінде жеке жақтарды анықтау.
Байқау – адамның сезім мүшелерінің жұмысына және оның пәндік, материалдық қызметіне сүйенетін белсенді тану әрекеті.
Өлшеу – қандай да бір өлшемнің сандық мағынасын анықтау.
Эксперимент – заттар мен құбылыстардың тіршілік әрекетінің табиғи жағдайларына араласу немесе заттар мен құбылыстардың арнайы жақтарын, оларды үрдісті қиындатпайтын жағдайларсыз зерттеу мақсатында, арнайы жасалған жағдайларда қайта жаңғырту.
Дәрежелері
1-дәреже- жаңғыртушы белсенділік- шәкірттің материалды қайта жаңғыртуға, оны үлгі бойынша қолдануға, меңгеруге деген ұмтылысымен сипатталады. Белсендіктің 1-дәрежесіне тән көрсеткіш- оқушының бойында білімін тереңдетуге деген ұмтылыстың болмауы.
2-дәреже –түсіндіруші белсенділік—оқушының оқығанын зерделеуге, оны өзіне белгілі ұғымдармен байланыстыруға, білімін жаңа жағдайларға пайдалану жолдарын меңгеруге деген ұмтылысынан көрінеді. 2-дәрежеге тән көрсеткіш- оқушының бастаған істі аяғына дейін жеткізуге ұмтылуынан,қиындыққа тап болғанда оны жеңудің жолдарын қарастыруынан байқалатын дербестік.
3-дәреже- белсенділіктің шығармашылық дәрежесі- оқушының тапсырманы шешудің тың жолдарын іздестіруге деген ұмтылысымен сипатталады. Бұл дәреженің ерекшелігі- мақсатқа жетудегі табандылық, танымдық ынтаның негіздері мен әр алуандылығы.
Мультимедиялық көмекші құралдармен жұмыс істей отырып, сабақтың формаларын түрлендіре алады, яғни көрнекілік, әдістемелік, аудио және бейнематериалдар қолданады.
Компьютерлік тұсаукесер сабақтары – жаңа сабақты диалог тәртібінде түсіндіру, дәріс – сабақ, ғылыми конференция сабағы, жобаларды қорғау сабағы, кіріктірілген сабақ, тұсаукесер сабақ, пікірталас сабағы.
Компьютерлік формадағы бақылау сабақтар – оқушылардың білімдерін тест түрінде тексерудің бір түрі.Мұндай сабақтар арқылы оқушылар өз бағаларын бірден біледі
Тұсаукесер – берілген материалды слайд, электрондық оқулық, флипчарт арқылы көрсету формаларының бірі. Оның ішінде сұрақтар мен кестелер, суреттер, көрнекіліктер мен аудио мен бейнематериалдарды, дайындаған құжаттарды, клайстер мен танымдық жаттығуларды кіріктіруге болады. Интернет желесінен кітапхана қорын керекті суретер, құжаттар, сызбалармен толтырып жаңаға ұмтылдық.
Бұл технологияның тиімділігі, оқушы мұғалімнің бағыт – бағдар беруі арқылы өз бетімен ізденіп, жаңа мәліметтер алып, еңбектену арқылы игереді. Білімді меңгере отырып, оқушы сын көзбен қарауға, өз ойын еркін айтуға, өз құқықтарын қорғай білуге, ақпарат көздері арқылы ізденуге, білімін толықтыруға жәрдемдеседі.
Сонымен, оқу - жүйесінде ақпараттық технологияларды қолдану келесі нәтиже береді:
- оқушылар электронды оқулықтармен, виртуалды лабораторияда және интернет желісімен жұмыс істей алады;
- оқушының білімі қысқа және кез келген уақытта бағаланы;
- қайталау мүмкіндігі кеңейді
- орындаған жұмыстарының қателерін бірден көруге мүмкіншілік тудырады
- интерактивті тақтаны еркін қолданады;
- ақпараттық мәдениетін дамытады;
- сабақта уақыт та үнемделеді;
- оқушылардың коммуникативтік қабілеттері дамиды;
- зерттеу дағдылары дамиды;
- оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артады
- әрбір оқушының шығармашылық мүмкіндігі ашылады;
Білім берудің күтілетін нәтижелері белгіленген мақсатқа сәйкес мектеп түлегінің негізгі құзырлығы төмендегідей анықталады:
Ақпараттық құзырет - компьютерлік білімділігі,жаңа ақпараттық технологияларды қолдана алу (мультимедия, электрондық пошта, Интернет) мүмкіндігі.
Коммуникативті құзырет – бірлесіп жұмыс істеуді бағалау, оқушылар
арасындағы сенімділік , бірін – бірі түсіну, тыңдау, сыйлау, этикет сақтау, дәстүрді білу, дау жанжалды шеше алу, бұзылған қатынастарды түзету, өз қателігін түсіне білу, топпен жұмыс жасай алу, орындаушылардың жұмысын дұрыс ұйымдастыру, басқару шешімдерін таба алу және қолдана білу қабілеттері.
Әлеуметтік- құқықтық құзірет- өз елінің азаматы ретінде өзінің және қоғам мүшелерінің әлеуметтік қызметтерінің маңызын түсіну, қоғамдық міндеттерге тұрақты қарау, мемлекет нышандарын білу, адам құқығын жете білу, қажетті жағдайларда оларды қолдану, өзіне жауапкершілік арту жатады.
Жана технологияның мұғалім жұмысына ең тиімдісі – оқушылардың білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге пайдасы бар. Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдер шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Сондықтан, ХХІ ғасыр – информатика ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етед
Химия дәрісінде, ақпараттық-коммуникациялық технология оқу барысында компьютерді пайдалану ,модельдеу және интерактивті құралдарын қолдану, интернетте жұмыс істеп білу, электронды оқулықтарды пайдалану үлкен рөл атқарады. 8 сыныптағы «Химиялық элементтердің Д.И. Менделеев жасаған периодтық жүйедегі орны.» тақырыбына сабақ жоспарын келтеріп, сонымен бірге интерактивті тақта қолдану жолдарын көрсеттім. Ақпараттық - коммуникативті әдістерді қолдану өзінің нәтижесін береді.
Қорытындылау
Интерактивті тақтамен сабақ өткізу оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, интеллектуалдық,шығармашылық белсенділігін арттырады. Демек, болашақта мұгалімдердің еңбектері өз сабақтарында ақпараттық – коммуникативті технологиялар пайдалану арқылы жеңілдейді.
Жаңа акпараттық технологияларды білім жүйесінде қолданудың негізгі күші – адам деп санаймын.
Кесте 1
Кәсіби шеберлігінің компоненттері Кәсіби және жекелей қалыптастыру әдістері мен формалары
Күтілетін нәтиже
Кәсіби шеберлікті бағалаудың индикаторлары
Себептері
Жеке тұлғаны зерттеу, әр-түрлі ақпараттық, жаңа технологияларды оқып үйрену, кәсіби өсу, өзін-өзі дамыту.
Өз еңбегіне қанағаттану. Жоғары мотивациялық шығармашылық потенциал. Оқу пәніне қызығушылығының артуы,әлемде болып жатқан және қоғамдағы өзгерістерге байланысты.
Н.В.Кузьминаның кәсіби құзыреттілікті топтастыруы бойынша педагогика- психологиялық диагностикасы.Томас тесті. оқыту технологиясын қолдана білу..
Мазмұндылығы
Зерттеу жұмысында тәжірибе жинақтай отыра акт -ні қолдану.Деңгейлеп оқытутехнологияны қолдану және мәдени,эрудициялық деңгейін көтеру.Курстан өту.
Жаңа технологияны қолдану және нәтижесін көрсету, Ұжыммен жұмыс істей білу, мақсатты шеше білу, жетістікке жету. Сын тұрғысынан ойлай білу.
Педагогикалық экспериментті ұйымдастыра білу. Өз ісіңе жауап бере білу.
Диференциалды-психологиялық
Қазіргі заман оқушыларының психологиялық және ерекшеліктерін ескеру. Жеке қасиеттеріне сипаттама жасау.
ҒПК-ға баяндама жасау, субъект- субъект қарым- қатынасының жетілуі, оқушыларды жан-жақты дамыу.
Сабақта және сабақтан тыс кезде оқушы- мұғалім- ата-ана бірлігінің көрінуі.
Процессуалды
5 жылға ТЭЖ бағдарламасын жасау, берілген АКТ технологияның тиімділігін практика жүзінде тексеру,нәтижеге сараптама жасау.
Кәсіби іс-әрекеттің өзіндік моделін жасау, Жаңа оқыту технология бойынша әдістемелік ұсыныс құрау.Авторлық бағдарлама жасау.Іздену,жинақтау,қорытынды шығару.
Педагогикалық кеңес,конференцияға, баяндама жасау, өз ізденіс тақырыбым бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс бағдарламасын жасау.
Коммуникативтілігі
Оқушылармен, ата-аналармен,әріптестермен пікірталас, тренингттер өткізу,дөңгелек стол өткізу.
Белсенді ақпараттық алмасуИнтернет ресурстарын қолдана білу.
Алынған ақпараттарды шоғырландыру, іс-әрекетті орындау барысында тиімді қөзқарастарды анықтау.
Рефлексиялығы
Істелген жұмыстарға есепберу,мұғалімердің ашық сабақтары, тыс жұмыстары семиналарлар, шығармашылық топтар, өзін-өзі жетілдіру
Педагогикалық рефлексия мен әдістемелерді меңгеру,өзінің жеке әс-әрекетінді дамыта білу.
Өзін-өзі жетілдіру портфолиосын жасау. Педагогикалық іс-әрекеттердегі жетіспейтін жақтарды анықтап, коррекциялық жұмыс жүргізу.
ӘДЕБИЕТТЕР
Ғ.Наушебаева. Педагогикалық менеджмент.Қазақстан мектебі. 2009, -№1, -26 б.
Т.М. Баймолдаев. Жалпы білім беретін мектепті басқару тұжырымдамасы. //Білім берудегі менеджмент. 2009,-№1,-7б.
Қазақстан ұлттық энциклопедия./ Бас.ред. Б.Аяған. -Алматы: «Қазақ энциклопедиясының, Бас редакциясы,2004,-466б»
Г.Макшиева,Ә.Базарова. Оқушылар құзіыреттілігін дамытудың алғы шарттары.// Қазақ мектебі.2010,-№12,-72б.
Г.Қ.Мендіғалиева.Білім беру ұйымдары менеджелерінің бақарушылық құзырларына әсер ету- басты міндет.//Білім берудегі менеджмент.2011,-№2,-45 б
И.А.Зимняя. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы, TST- company. 2005ж.
К.Ж.Қожахметова. Сынып жетекшісі. Алматы», «Әлем»,2000ж.
Н.А.Лебедева. Современный менеджмент в учреждениях образования. Методическое пособие. Алматы,1995г.
Н.М.Усманова.Білім берудегі инновациялар. Ғылыми-әдістемелік журнал. Өскемен, 2012ж.
Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы
11. А.Мырзабаев. Химиядан кластан тыс жұмыстар және танымдық ойындар. Алматы. Рауан 1997ж
12 . Қ.С. Құдайбергенова, « Құзырлылық білім сапасының критерийі: әдіснамасы және ғылыми- теориялық негізінде», монографиялық еңбек, Алматы , 2008, бет 257,258
13. 12 жылдық білім беру ,Республикалық ғылыми-әдістемелік және ақпараттық- сараптамалық журнал №10 , Астана, 2010, бет 37, 49.
14. Химия мектепте, ғылыми-педагогикалық журнал , №1 ,Алматы, 2009, бет22..