Сабақ жоспары Көмірсулардың жіктелуі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Пәні: химия Күні:

Сабақтың тақырыбы: Көмірсулардың жіктелуі

Мақсаты: 1. Білімгерлерде көмірсулар, олардың жіктелуі, қасиеттері туралы түсінік қалыптастыру

2. Білімгерлерге химиялық жаттығулар орындату арқылы тез, еркін ойлау дағдысын қалыптастыру

3. Білімгерлерді топпен жұмыс жасату арқылы ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу

өзін-өзі бағалату арқылы әділдікке үйрету

Күтілетін нәтиже :

1. Білімгерлер көмірсуларды жіктей алады

2. Білімгерлердің тез, еркін ойлау дағдысы қалыптасады
3. Топпен жұмыста өзін-өзі бағалай алады

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдістері: АКТ, СТО әдісінің элементтері, Блум таксономиясы

Ресурстар: интерактивті тақта, презентация, стикер, маркерлер, А3 форматы, өзін-өзі бағалау парағы, карточкалар

Сабақтың барысы:

Кезеңі

Уақыты

Жұмыс түрі мен мазмұны


Табыстылық критерийі

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Білу

2 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, түгелдеу. Сабақтың мақсатымен таныстыру. Түрлі-түсті қағаз арқылы топқа бөлу

1 топ: «Глюкоза» (ақ)

2 топ: «Сахароза» (сары)

3 топ: «Крахмал» (қызыл)

4 топ: «Целлюлоза» (жасыл)

Өздерінің іс-әрекетін мақсатқа бағыттай алады

Сынып оқушыларымен сәлемдесіп, жағымды психологиялық ахуал туғызады. Білімгерлерді түрлі-түсті қағаз арқылы 4 топқа бөледі. Өзін-өзі бағалау парағын таратып беріп, түсіндіреді

Сәлемдеседі, назарларын сабаққа аударады. Топқа бөлінеді


Бағалау парағы

4 мин.







Үй тапсырмасы:

«Ой қозғау»

Өткен тақырып бойынша өз білімдерін тексереді









Интерактивті тақта арқылы тапсырманы орындатады. Білімгерлерге сәйкестендіру тесті жазылған карточкаларды таратып береді. Топтарды әр дұрыс жауап үшін стикермен бағалап отырады



Білімгерлер берілген сұрақтарға жауап береді









Білімгерлер бағалау парағына әр дұрыс жауап үшін бір ұпайдан қосып отырады.




Интерактивті тақта








Түсіну

20 мин

«Мағынаны тану»:

1 топ: «Көмірсулардың жіктелуі»

2 топ: «Моносахаридтер»

3 топ: «Дисахаридтер»

4 топ: «Полисахаридтер»

1) 50г глюкоза алуға қажетті сахарозаның массасын есептеңдер

2) 5,6 л көмірқышқыл газын алу үшін (қ.ж.) жұмсалатын глюкозаның массасын табыңдар

3) 90г сахарозаны жағу үшін қажет оттектің көлемін (қ.ж.) табыңдар

4) 45г глюкоза ашығанда түзілетін сүт қышқылының массасын есептеңдер

Жаңа білімді игереді


Төрт топқа тақырыптарды бөліп беріп, постер жасауға тапсырма береді. Білімгерлерге түрткі болады. Топтарды жұмыстарына қарай стикермен бағалайды


Әр топқа бір-бір есептен беріп, тексереді. Жауабына қарай стикермен бағалайды



Топпен бірлесіп тапсырманы орындайды. Постер қорғайды


Топтың мүшелері постер жасап жатқанда әр топтан бір білімгерден шығып, тақтаға есеп шығарады


Білімгерлер белсенділіктеріне қарай өзін-өзі бағалау парағына ұпай қосады

Презентация, интерактивті тақта, А3 форматы, маркерлер


Қолдану талдау

4 мин.

«Химик-сараман»

1 топ: Сахарозаның жануы

2 топ: Крахмалға сапалық реакция

3 топ: Сахарозаның химиялық қасиеттері

4 топ: Глюкозаның мыс (ІІ) гидроксидімен әрекеттесуі


Көмірсулардың қасиеттерімен танысады

Төрт топқа әр түрлі зертханалық тәжірибелерді орындауға тапсырма береді. Зертханалық құралдар мен реактивтерді таратып береді


Төрт топ әр түрлі тәжірибелерді орындайды


Білімгерлер дұрыс орындалған тәжірибеге ұпай қосады

Зертханалық құралдар мен химиялық реактивтер

Жинақтау

4 мин.

Сабақты бекіту:

«Кім көп біледі?»

1. Глюкоза молекуласында неше гидроксил тобы бар?

А) үш;     Ә) төрт; Б) бес;

2. Пентозалардың өкілі?

А) рибоза;

Ә) дезоксирибоза;

Б) Рибоза және дезоксирибоза;

3. Сахарозаның молекулалық формуласы?

А) С12 Н22Оп;

Ә) С6 Н12 06;

Б) (Сб Н10 05)п;

4. Сүтте ... болады.                                           

А) мальтоза;

Ә) лактоза;

Б) глюкоза;

5. Нешінші жылы К. Кирхгоф күкірт қышқылының катализаторлық әсерінен крахмалдың глюкозаға айналу реакциясын ашты.

А) 1811; Ә)1813; Б)1815;

6. Мақта талшығында неше пайыз целлюлоза болады?

А) 15%; Ә) 50%; Б) 98%;

7. Сахарозаның балқу температурасы?

А) 120°С; Ә)150°С; Б) 160°С;

8. Адам қанында неше пайыз глюкоза болады?

А) 0,1%; Ә) 0,01%; Б) 1%;

9. Картоп түйнегінде неше пайыз крахмал болады?

А) 20%; Ә) 15%; Б) 25%;

10. Жүгері дәндерінде крахмал неше пайыз болады?

А) 65%; Ә) 70%; Б) 80%;

Игерген білімдерін қолданады














Жаңа тақырып бойынша білімгерлерге тапсырмаларды интертақта арқылы орындатады


Тестің жауаптары

1 -Б. 2 - Б. 3 - А. 4 - Ә. 5 - А. 6-Б. 7-Б. 8-А. 9-А. 10-Ә.


Дәптерлеріне орындайды

Білімгерлер әр дұрыс жауап үшін бір ұпайдан қосып отырады


Интерактивті тақта

Бағалау

1 мин.

Үйге тапсырма



Көмірсулардың жіктелуі тақырыбына қосымша материалдар іздеуге, оқулықтағы жаттығуларды орындауға тапсырма береді

Күнделіктеріне жазады




2 мин.

Бағалау

Қорытынды баға шығарылады

Білімгер өз бағасын біледі

Білімгерлердің өзіне-өзі қойған бағаларын тыңдайды. Бағалайды

Ұпай санын есептейді

Өзіне-өзі баға қояды


Рефлексия

2 мин.

Кері байланыс:

«Екі жұлдыз, бір тілек»


Өзін-өзі бағалай отырып, нені жақсы білгендерін және нені қайта қарау керектігін түсінеді

Сабақтан алған әсерлерін «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы жеткізуге тапсырма береді

Білімгерлер

өз пікірлерін жазады

[pic]

Стикерлер