Сабақтың тақырыбы: Көміртек (ІІ) және көміртек (ІV) оксидтері
Сабақтың мақсаты:
- Оқушыларға көміртек (ІІ) және көміртек (ІV) оксидтері туралы түсінік беру
- Оқушыларды ұқыптылыққа, тәртіптілікке, ізденушілік қабілеттеріне үйрету
- Оқушыларға көміртек (ІІ) және көміртек (ІV) оксидтерін салыстыруды үйрету
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Ұйымдастыру кезеңі
Мотивациялық ізденіс
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Сергіту сәті
Бекіту кезеңі
Үй тапсырмасын беру
- Сәлеметсіздер ме!
- Отырыңдар
- Бүгін сабақта кім жоқ?
- Рахмет
Енді оқушылар бір-біріне жақсы сөздер айтып, сабағымызды жақсы көңіл-күйде бастайық.
- Ендеше, өткен сабақтағы «Көміртектің химиялық қасиеттері» тақырыбы бойынша нені меңгергендерінді тексерейік
Көміртек екі түрлі оксид түзеді, олар көміртек (ІІ) оксиді немесе көміртек монооксиді СО және көміртек (ІV) оксиді немесе көміртек диоксиді СО2 .
Көміртек (ІІ) оксиді СО-жанғыш газ, кәдімгі жағдайда химиялық салғырт, ал қыздырғанда күшті тотықсыздандырғыш болады.
Алынуы. Бос күйдегі көмірді немесе оның қосылыстарын (кокс, таскөмір, бензин) 1000°С температурада жаққанда, оттек жеткіліксіз болған кезде көміртек монооксиді түзіледі:
2С+О2 =2СО
Автомобиль қозғалтқышы жұмыс істегенде (бензин жанғанда) және пеште қатты отын жаққанда, пештің тартуы нашар болып, ауа жеткіліксіз болғанда, түтінмен бірге СО газы да шығады. Ол темекі түтінінде де болады.
Өнеркәсіпте, мысалы, домна пешінде жоғары температурада қызған кокстен әуелі СО2 газы пайда болады , одан оттек жетіспеген жағдайда көміртек монооксиді СО түзіледі:
С+СО2 = 2СО
Тапсырма:
Металлургияда көміртек (ІІ) оксиді домна пешінде темір (ІІІ) оксидін тотықсыздандыру үшін қолданылады. Реакция теңдеуін жазыңдар:
Физикалық қасиеттері.
Көміртек (ІІ) оксиді түссіз, иіссіз, дәмсіз, ауадан сәл жеңіл, улы газ, суда нашар ериді, қайнау температурасы өте төмен -192°С
Физиологиялық әсері. Көміртек моноксиді СО газын “иіс газы” деп те атайды. Оның ауада 0,2% болуы өмірге қауіпті. Тұрмыста көміртек (ІІ) ооксидімен уланғанда “иіс тиді” дейді, “иіс газы” деп атау осыдан шыққан. Оның улы болу себебі, СО- мен тыныс алғанда, қандағы гемоглабинмен оттекке қарағанда СО газы берік байланыс түзіп, оттектің организмге келуін қиындатады. Иіс газымен уланған адамда қанының түсі ашық қызыл болады, басы ауырып, есінен танып қалады . Ондай жағдайда адамды тез арада таза ауаға шығарып, алғашқы көрсету қажет.
Химиялық қасиеттері.
Көміртек (ІІ) оксиді ауада көп жылу бөле отырып жанады:
2СО+О2 =2СО2 +577кДж
Осы қасиетіне қарай көміртек монооксиді СО газ тектес отын ретінде пайдаланады.
Көміртек монооксиді СО жоғары температурада металл оксидтерін тотықсыздандырып, бос металды бөліп шығарады:
СО+СuО=Сu+СО2
Көміртек монооксилі сумен, сілтімен және қышқыл ерітінділерімен әрекеттеспейді, сондықтан тұз түзбейтін оксидтерге жатады.
Тапсырма:
Химиялық реакция теңдеуін шығарыңдар:
2СО+...=...+...
Біреулерін адам, екіншісі айна болады. Адам жасаған іс-әрекетті айна қайталайды.
1.Шашын ұстау
2.Қолын ұстау
3.Бір сөз айту
4. Бетін сипау
5. 2 қолын көтеру
Көміртек (ІV) оксиді.
Молекулалық формуласы СО2. Молекуласы сызықтық құрылысты болып келеді:
О=С=О
Көміртек (ІV) оксидінің алынуы.
Лабораторияда мәрмәрға сұйытылған тұз қышқылымен әсер етіп, көміртек диоксидін алуға болады:
СаСО3 + 2НСl=CaCl2 + H2O + CO2
Өнеркәсіпте (ІV) әктасты термиялық жолмен қыздырып алады:
СаСО3 = СаО + СО2
Физикалық қасиеттері. Көміртек диоксиді иіссіз, түссіз, ауадан 1,5 есе ауыр газ .
О [pic] [pic] л жанбайды және басқа заттардың жануын қолдамайды. Осы қасиетіне сәйкес өрт сөндіруге қолданылады. Атмосфералық қысымда СО2 газы -78°С-та қайнайды.
Физиологиялық әсері.
Көмірқышқыл газы ауада 0,03%-тен (көлемі бойынша) артпайды, адам дем шығарғанда, ауамен қоса 4%-ке дейін СО2 бөліп шығарады. Құрамында 10% көмірқышқылы бар бөлмеде адам есінен танады. Сол себепті адам көп жиналған бөлмені әлсін-әлсін желдетіп отыруы керек.
Химиялық қасиеттері.
Көміртек диоксиді барлық қышқылдық оксидтер тәрізді аздап сумен әрекеттесіп, СО2 · H2O гидрат түзеді, содан ссоң әлсіз қышқылына айналады. Суда еріген СО2 –нің 1%-і ғана қышқыл түзеді:
H2O + СО2 H2СО3
Судағы ерітіндісінде қышқыл өте тұрақсыз болғандықтан, көміртек диоксиді мен суға ыдырап кетеді:
H2СО3 H2O + СО2
Көміртек диоксиді СО2 негіздік оксидтермен әрекеттесіп , тұз түзеді:
СО2 + СаО = СаСО3
Кальций гидроксидінің мөлдір ерітіндісіне СО2 газын жіберсе, ақ түсті тұнба-кальций карбонаты СаСО3 пайда болады:
СО2 + Са(ОН) 2 = СаСО3 + H2O
Тапсырма:
Реакция теңдеуін шығарыңдар:
КОН +... ... +...
Тапсырма:
Көміртек (ІІ) және (ІV) оксидтері төменгі заттардың қайсысымен әрекеттеседі. Кестені толтырып, реакция теңдеуін жазыңдар.
Қолданылуы:
[pic]
С [pic] [pic] [pic] О2
[pic]
[pic] [pic]
[pic] [pic]
Жауаптарына сай оқушыларды бағалау
7-есеп шығару
- Сәлемдесу
Бір-біріне жақсы сөздер айту
Сұрақтарға жауап беріп, үйге берілген есепті тексерту және тақырыпты мазмұндау
Жаңа тақырыпты тыңдау
Қысқаша дәптерге конспектілеу
Тапсырманы орындау. Түсінбеген жерлері болса, сұрау
Берілген үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алу
Қызылқақ жалпы орта білім беру мектебі
[pic]
[pic]
Биология және химия пәнінің мұғалімі: Сергазинова М.К.
2011-2012 оқу жылы