Есеп шығару алгоритмін құрамыз. Есептің шартын қысқаша жазу. Бастапқы шикізаттың құрамындағы қосындының массалық үлесін (%) ескеріп, таза заттың массасын табу. Реакция теңдеуін жазу. Реакция теңдеуіндегі заттардың формулаларының үстіне есептің шартында берілгендерді жазу. Заттардың формулаларының астына олардың молярлық қатынастары, молярлық массалары (М) мен молярлық көлемдері (VM), массалары (m) және көлемдерін (V) анықтап жазу. Іздеп отырған заттың массасын (көлемін) табу.
Есептің жауабын жазу. 1-есеп. Күкірт атомдарының орташа массасы m(S) = 5,31*10-26кг. Күкірт атомдарының салыстырмалы атомдық массасын табыңдар. Ш е ш у і: Аr = [pic] = [pic] = 31.98795 = 32 Жауабы: 32 2-есеп. Мыс купаросының салыстырмалы молекулалық массасын есептеңдер. Шешуі: Мыс купаросының формуласы CuSO4 * 5H2O Күделі заттың салыстырмалы молекулалық массасын табу үшін, алдымен оның құрамына кіретін әрбір элемент атомдарының салыстырмалы атомдық массаларын олардың сандарына көбейтіп, сосын олардың жалпы қосындысын табу керек. Аr(Cu)= 64, Аr(S) = 32, Аr(O)= 16, Аr(H)=1, Mr (CuSO4 * 5H2O) = Аr(Cu) + Аr(S) + 4Аr(O) + 10 Аr(H) + 5Аr(O) = 160 + 90 = 250 Жауабы:250 3-есеп. Сутек газының 2 мөль мөлшерінің массасын, көлемін (қ.ж.) және ондағы сутек молекулаларының санын есептеңдер. Шешуі: m(H2) = ν(H2) * M(H2) = 2 моль * 2 г/моль = 4г V(H2) = ν(H2) * VM = 2 моль * 22,4 л/моль = 44,8 л NA = ν(H2) * NA = 2 моль * 6,02*1023 [pic] = 12,04 *1023 Жауабы: 12,04 *1023 4-есеп. Зат мөлшері 64г отек газындағыдай болу үшін натрий хлоридінің қандай массасын алу керек? Шешуі: Алдымен 64г оттек молекулаларының зат мөлшерін табамыз: ν(О) = [pic] . Енді натрий хлоридінің (М(NaCl) = 58.5г/моль) екі моль мөлшерінің массасын табамыз: m(NaCl) = ν(NaCl) * M(NaCl) = 2 моль * 58.5г/моль = 117г. Жауабы: m(NaCl) = 117г 5-есеп. Гелийдің қалыпты жағдайдағы тығыздығы [pic] г/л. Гелийдің мольярлық массасын есептеңдер. Шешуі: Алдымен заттын массасын, тығыздығын және көлемін байланыстыратын М = V * [pic] формуласын газдың қалыпты жағдайдағы 1 моль мөлшері үшін жазайық: М(Не) = VМ * [pic] М(Не) = 22,4л/моль * 0,178 г/л = 3,9872 г/моль [pic] 4 г/моль |