Интеллектуалдық сайыс 1 курстар арасында

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Атырау облыстық Білім беру басқармасы

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі












«Ғажайып алаң» интеллектуалдық сайысы

(1 курс студенттері арасында)

[pic]

Дайындаған: Химия пәні оқытушысы Багитова А.Б















«Ғажайып алаң» интеллектуалдық сайысы

Сайыстың мақсаты:

  • Химия пәнін өмірмен байланыстыра отырып, маңызына ғылыми тұрғыдан түсінік беріп, пәнге қызығушылығын арттыру.

Сайыстың міндеті:

  • Химия бойынша танымдық көзқарастарын кеңейтіп, интеллектуалдық және мәдени деңгейлерін арттыру;

  • оқу-танымдық әрекеттері арқылы осы пәндерге қызығушылығын арттыру;

  • берілетін жауаптарды нақты және дұрыс жеткізіп айту біліктерін қалыптастырып, дамыту.

Жүргізуші 1: Құрметті оқытушылар мен студенттер!
Сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым! «Ғажайып алаң» атты 1 курс студенттері арасында химия пәнінен өткізілетін интеллектуалдық сайысымызға қош келіпсіздер!

Жақсылық әр кез тілейік,

Химияны оқып білейік.

Осы тілде құттықтап

Аман-есен жүрейік.

Алтындай ардақты, күмістей салмақты, көрермен! Бүгінгі кеште өздеріңізді суда жүзген балықтай жақсы сезініңіздер. Көңілдеріңіз алюминийден жасалған ұшақтың ішіндей кең болсын, темірдей қатты, болаттай мықты денсаулық тілейміз. Көмірдей қара көздеріңізбен, алмаздай өткір сөздеріңізбен жан жадыратып, өмір ағысымен сынаптай сырғып жүре беріңіздер демекпіз.

Жүргізуші 2:
Ақыл–тон, аңдығанға тозбайтұғын,
Білім–кен, қанша болса азбайтұғын.
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаңның ауруы не қозбайтұғын,- деп Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай, білімдік сайысқа белсене, құлшына араласатын сайыскерлерімізді таныстырып өтейін, сайысымызда
білімділер, тапқырлар топтары қатысады.

1 – топ: «Білімділер»

2-топ: «Тапқырлар»

Жүргізуші 1:

Сайысымызды Қадыр Мырзалиевтың «Менделеев кестесі» өлең шумақтарымен бастауға рұқсат етіңіздер.
Балалықпен байқамаппын, ол кездерде аңғалмын,
Менделеев кестесіне қарап кеше таң қалдым.
Таң қалдым да ойға шомдым, жасырамын несіне,
Химия емес, осы кесте салды өмірді есіме.
Кім ойлаған формулалар қозғайды деп шеріңді,
Ұядағы әр элемент бір тағдыр боп көрінді.
Анау емес, мынау емес – Титан болу сырың ба?
О, жасаған! Титан неге жиырма екінші орында?
Темірдей деп мақтаушы едік,
Темірдің де кезі өткен
Кезі өтпесе, тұрар ма еді 26 - шы кезекте.
Былқ етпейтін сабырлы да, салмақтысы
болғасын,
Тоғызыншы қатарға әрең ілігіпті қорғасын.
Ал орынын сұрама сен,
Айтуға оны ұялам.
Сығалайды ол бейшара ақырғы бір ұядан
Элементтер ішінде де қатты сірә қақтығыс,
Шылапшындық мысыңнан да тұр кейіндеу ақ күміс.
Күміс дейміз
Күмістің де өмір емес өмірі –
Екінші емес,
Үшінші емес –
Қырық жетінші нөмірі.
Қалай саған ұнай ма бұл?
Ұнаса егер, ал тыңда:
Жүлделі орын тимей қалған платина,
Алтынға!
Жетпіс сегіз,
Жетпіс тоғыз –
Екеуінің кезегі
Екеуі де жаратқаннан бір қиянат сезеді.
Тас - талқанын шығарғысы келгендей бір шетінен,
Платина сұп - сұр болып, қаны шыққан бетінен
Құрметті тор тимесе егер шын асылда барма айып?
Өз орынын күте - күте кеткен алтын сарғайып.

Жүргізуші 2: Бүгінгі интеллектуалдық сайысымыздың кезеңдері:

  1. Кезең. Таныстыру

  2. Кезең. Зымыранды сұрақтар

  3. Кезең. Алтын көмбе

  4. Кезең. Тапқыр болсаң тауып көр

  5. Кезең. Топ басшылары сайысы

  6. Кезең. Металдар айтысы (көрермендер арасында)



Жүргізуші 1:

Қызық думан - өміріміз ғаламат!
Қас қаққанша жаңа қала, жаңа бақ!
Қыруар істің қайсысында болса да,
Құдіретті химия жүр аралап
  , - дей келе 1 кезеңіміз таныстыру. Әр топ өз тобын таныстыру қажет.


Жүргізуші 2:

Келесі ІІ турымыз Зымыранды сұрақтар. Берілген ұяшықтардан сан таңдап, сұрақтарға жауап берілу керек. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.

1.Қышқылдарды тап: H2CO3, KOH, H2SO4, NaNO3, HNO3, CaCO3

Жауабы: H2CO3 H2SO4 HNO3

2.Екі элементтен тұратын, біреуі оттегі болып келетін бинарлы қосылыс?

Жауабы: оксид

3.Бұл элементке кейбір омыртқасыздар - былқылдақденелілер мен буынаяқтылар бай болады. XIX ғасырдың өзінде ұлулардың көгілдір қанын зерттегенде, ғалымдар қанның көгілдір болуы осы элементке байланысты екенін дәлелдеді. Ол қай элемент деп ойлайсыздар?

Жауабы: мыс

4.Тыныс алғанда түзілетін газ

Жауабы: көмірқышқыл газы СО2

5. 7-ші топтың негізгі топшасында орналасқан элементтер қалай аталады?

Жауабы: галогендер

6. «Табиғатта болатын күллі өзгерістердің мәні мынадай: бір денеден қанша кемісе, басқасына соншама қосылады, яғни бір жерде біраз материал азайса, басқа жерде ол сонша көбейеді» деген тұжырымдаманы айтқан ғалым кім. Заң қалай  аталатын еді?

Жауабы: М.В.Ломоносов. Зат массасының сақталу заңы

7. Бейорганикалық қосылыстар класын атаңыз

Жауабы: негіздер,қышқылдар,тұздар,оксидтер

8.ІІІ период элементі Э (ОН)түзеді. Ол қосылыстың салыстырмалы атомдық массасы 42 – ге тең. Элементті табыңдар.

Жауабы: магний

9. Қай химиялық элементті миллионер дейді?

Жауабы: С-көміртегі

10.Қай химиялық элемент алдымен күнде, содан соң жерде ашылды

Жауабы: гелий – Не


Жүргізуші 1:

Тапқыр, білгір, дарынды,
Жарыс бар бүгін арынды.
Пәндердің бәрін сүйсең сен,
Ортаға сал барыңды – деп сайысқа қатысушыларға сәттілік тілей отырып, сайысымыздың келесі турын бастаймыз.

ІІІ-кезең Алтын көмбе. Сіздерге берілген ұяшықтарда математика, химия, биология пәндерінен 30, 40, 50 ұпай берілетін сұрақтар жасырылған. Егер сұрақтың жауабын дұрыс тапсаңыздар, сол ұпай сіздерге қосылады. Сәттілік.


Математика

сұрақ: әрбір газ қалыпты жағдайда қанша көлем алады.

жауабы: 22,4 л/моль

сұрақ: 2 моль күкіртте (S) қанша атом бар?

жауабы: 2 моль күкіртте 12 *10атом бар. ( 6*10* 2 моль =12 *10)

сұрақ: НО (су) молекуласындағы элементтердің массалық үлесі (w) қандай ?

жауабы:

Mr (су)=1*2+16=18

w (оттек)=16/18 * 100 =88 %

w (сутегі)=11%



Химия:


сұрақ: Александр Македонскийдің Индияға сапары кезінде оның әскерлері іш ауруымен ауырған, ал офицерлер ауырмаған. Сусыны, тамағы бәрінің де бірдей, бірақ ыдыстары қандай металдан жасалған? Жауабы: Офицерлердің ыдыстары күмістен жасалған, ал күмістің бактериоцидтік қасиеті бар

сұрақ: көміртек элементіне сипаттама. жауабы:көміртек II период, IV А топтың негізгі топшасының элементі, реттік номері 6, атомдық массасы 12.

С табиғатта бос күйінде алмаз және графит түрінде кездеседі.

1780 ж. А.Лавуазье көміртектің табиғатын зерттеп, 1827 жылы оған латынша «карбонеум» деген атауды берген. Бұл жер қыртысының 0,8%,атмосфераның 0,03% құрайды. Көміртегі қосылыстары күнделікті өмірде әртүрлі жағдайларда қолданылады.

сұрақ: Орыс химигі, Петербург Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1876). 1834 ж. 27-қаңтарда Ресейдің Тобольск қаласында дүниеге келген. Химиялық элементтерді ретке келтіріп 35 жасында өзінің атақты ғылыми жаңалығын паш еткен, математика мен физиканың әдістерін химияның күрделі мәселелерін шешуге қолданған орыстың ұлы ғалымы, педагог және қоғам қайраткері

жауабы: Д.И.Менделеев

Биология:


сұрақ: Тірі организмдерге тән негізгі қасиеттер мен ерекшеліктер.

жауабы: Тұқым қуалаушылық және өзгергіштік, тітіркену, зат және энергия алмасу, көбею, қозғалу.

сұрақ: Витаминдер, қасиеттеріне сипаттама

Жауабы: Жасушалардың тіршілігі барысында витаминдердің алатын орны ерекше. Витаминдерсіз биохимиялық процестер тежеліп, организм ауруға шалдығып,кейде өлімге душар етеді. Витаминдердің ашылуына орыс ғалымы Н.И.Лунин үлкен үлес қосқан. Барлық витаминдерді физикалық-химиялық қасиеттеріне қарай 2 класқа бөледі: майда еритін витаминдер, суда еритін витаминдер.

сұрақ: Генетика ғылымы және практикадағы маңызы

жауабы: генетика - тірі организмдердің тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиетін зерттейтін ғылым. Генетика ғылымының тұқым қуалайтын аурулардың себептерін анықтауда, олардың алдын алуда, қоршаған орта ластануының тірі организмдерге әсерін болжауда, адамның жеке басына тән белгілері мен қасиеттеріне талдау жасауда зор маңызы бар.


Жүргізуші 1: Келесі IV кезең «Тапқыр болсаң, тауып көр». Берілген ұяшықтардағы таңдағанда, бейнеролик яғни химиялық реакцияның жүруі жасырылған. Бейнероликті көріп отырып химиялық реакцияға қандай реактивтер қатысқан және реакцияның жүру барысын түсіндіру қажет.

Жүргізуші 2:

Білімнің ұшқырлығын танытатын,
Топтағы сайыскерлер жаңылмағын.
Уақыт деген зымырап өтіп кетер,
Асып, тасып, асықпа, қалыспағын .

Келесі кезеңіміз әр топтың топ басшыларының сайысы. Топ басшыларын түсті таңдай отырып, жасырылған сұрақтың жауабын табу керек. Ендеше сайысымыз бастаймыз.

Сары түсті ұяшық: Элементтердің периодты жүйесінің IV-тобындағы химиялық элемент. Адамзаттың ең алғаш қолданған ауыр металдарының бірі. Оны біздің заманымыздан бұрынғы ІІІ-ІІ мыңжылдықтырынан бері қолданылып келеді. Ең алдымен Римдіктер одан су өткізетін құбыр жасапты. Содан кейін шарап құйып сақтап қоятын ыдыстар жасап, шарап сақтап қойыпты. Мұндй ыдыста сақталған шарапты олар жоғары бағалапты. Өйткені ол элемент зиянды зат бөліп, шараптың дәмін өзгертіпті. Бұл дәмнің қаншалықты ден саулыққа зиян екенін римдіктер ол кезде білмепті. Элементтің атауы «Өте лас» деген мағына береді. Жер қыртысындағы мөлшері 1,607 %, ол жеке күйінде кездеседі. Ең маңызды кені - галенит Қазақстандағы кендері Оңтүстік және Шығыс Қазақстанда және Қарағанды облысында. Ол элемент бос күйінде көкшіл-сұр түсті жұмсақ және ауыр металл, оңай балқиды. Өнеркәсіп пен техникада кең пайдаланылатын түсті металл. Ол атмосферада коррозия және қышқылдар әсеріне төзімді болғандықтан, химиялык аппапатуралар (әсіресе, күкірт қышқылы өндірісінде) және кабель, оқ, бытыра дайындауда, радиоактив сәулелерінен қорғануда, медицинада кең қолданады.

Енді сұрақ: Бұл қай элемент.

Жауабы: қорғасын

Жасыл түсті ұяшық: Элементтердің периодтық жүйесінде V тобындағы химиялық элемент. Табиғатта тау жыныстары мен минералдарда қосылыс түрінде кездеседі.  Қазақстанда Жамбыл облысындағы Қаратау маңында кенінің мол коры бар екені 1935 жылдан белгілі. Өсімдік, жануар нәруызының негізгі құрам бөлігі. Өсімдіктердің дәнінде, жануарлардың сүтінде, қанда, ми мен жүйке ұлпаларында кездеседі. Мысалы, ересек адамдардың сүйегінде 600 г, ет ұлпасында 56 г, жүйке жүйесінде 5 г-ға дейін болады. Академик A.E.Ферсман ол элементті «тіршілік және  ой элементі» деп атады. Оның көп мөлшері әр түрлі зиянды насекомдарға қарсы қолданылатын хлорофос, тиофос сияқты пестицидтер дайындауға жұмсалады. Негізінен сіріңкенің бүйір жағында болатын коңырқай қоспаның құрамына кіреді. Жартысына жуығы қазіргі кезде синтетикалық жуғыш заттар жасауға қолданылады. Енді сұрақ бұл қай элемент

Жауабы: фосфор.

Жүргізуші 1: Енді кезекті металдар айтысына берейік.

  1. Натрий

Мен натрий, сілтілік жеңіл металмын,

Өзім жайлы баяндауға бет алдым.

Алуан түрлі қасиетім бойымда

Қосылысым сабынның да бойында.

Бу түрінде сары түске енемін.

Суыңды да айналдырам сілтіге,

Су бетінде еріп жүре беремін.

Мен ауаға сутекті де бөлемін.

Тұздарыммен астың дәмін кіргізем,

Сол арқылы зор пайдамды тигізем.

Космоста да сары түсті буыммен

Зымыранды көз алдыңда жүргізем.

  1. Мыс

Жеңілтектік бар екен мінезіңде,

Салмағыңа сай екен мінезің де.

Бізге кезек мақтанбай бер, натрий.

Қажет металл өмірге бір өзің бе?

Мен созылғыш жұмсақ металл мыс деген,

Өмір бақи қолданыстан түспеген.

Адамзатқа қажеттігім соншалық,

Мені өндіріп алады ғой күшпенен.

Табиғаттың орын алған төрінен,

Ең әдемі қызғылт түспен көрінем.

Екі түрлі валенттілік көрсетіп,

Басқалардан ерекше боп бөлінем.

Тағы айтарым:өте баяу тотығам,

Қасиетімде байқалады осыдан.

Жақсы өткізіп мен электр тоғын да,

Өткізгіштер қатарына қосылам.

Екі түрлі қола, жез қорытпам бар,

Оны жақсы біледі қорытқандар,

Қола медаль алған да жаман емес,

Алтын алу қайда ” деп торықпаңдар.

Таулы Алтай, Жезқазғаннан шығамын,

Жауап берем және бар ма сұрағың?

Мекен - жайым Менделеев кестесі,

29-шы тор көзінде тұрамын.

  1. Алюминий

Алюминий атым бар ,өзім жеңіл,

Металмын ие болған төзімге бір.

Коррозия дегеннен қорықпаймын,

Тотықпас қасиет бар өзімде бір.

Қолданылам электр желісінде,

Осы менің негізгі жеңісім де.

Жарқыратып әр үйге жарық берем,

Бағалымын адамға сол үшін де.

Үш валентті элементпін тумысымда,

Вольфрам, мен сияқты құндысың ба?

Өндірілем Кереку зауытынан,

Қолданылам халықтың тұрмысында.

  1. Вольфрам

Алюминий,артықтау бөсіп кеттің,

Алды артыңды байқамай есіп кеттің.

Сырың мәлім, түбі бір туыс едің,

Өтірікпен жолымды кесіп кеттің.

Өтірік « жарық берем» дегенің не?

Одан да «тоқ жеткізем» демедің бе?

Жоғары температураға төзбей тұрып,

«Жарық берем» дейсің- ау сенемін бе?

Мен - вольфрам риза еткен халықты,

Нұрға бөлеп үй, көшені, зауытты,

Электр шам балқып тұрып ішінде,

Мен емес пе шығаратын жарықты.

Табиғатта өте сирек кездесем,

Қараңғыда менсіз жарық көрмес ең.

Жарық берген инертті газ екеуміз,

Ғалымдардан сұра,маған сенбесең.

  1. Темір

Жер әлемге кең тараған темірмін,

Өндірістің тұлғасы боп көріндім.

Қара металл патшасы боп танылдым,

Иесімін өте үлкен сенімнің,

Қарапайым үйдегі тұрмыстарда,

Дамып жатқан ең алып құрылыстарда.

Мені білмес адамның баласы жоқ,

Мен қатыспас техника саласы жоқ.

Тарихымның тамыры терең жатыр,

Египет пен Индиядан келе жатыр,

Шойын, болат сынды құймаларым

Замананың дамуын демеп жатыр.

  1. Никель

Несіне,темір батыр,мақтанасың?

Шыдамай коррозияға таттанасың?

Болсаң да қанша мықты кең тараған,

Тотықсаң шіріп сенде жоқ боларсың.

Кәдімгі мен боламын никель деген,

Адамдар қажетіне икемдеген.

Өзіндік әр металда қасиет бар,

Соларды,оқырманым,білсең деп ем.

Қажетті зат жерде бекер жатпайды,

Менімен де металл бетін қаптайды.

Тотықпайтын қасиетім арқылы

Темірді де коррозиядан сақтайды.

  1. Күміс

Мен күміспін,асылмен барабармын,

Ақша болып қоғамда дараландым.

Бұйым жасап зергерлік мына менен,

Ерекше боп мәртебем бағаландым.

Менің емдік қасиетім тағы да бар,

Мүмкін болса күміс қасық тауып ал.

Сол қасықтан иондарым бөлінген,

Ішкі ағзаңа шипагер боп табылар.

Әрбір айтқан сөзімді ақтай алам,

Бұзылудан суыңды сақтай алам.

Тұрмыста да ,өмірде де мен өзімді,

Қай жағынан алсаң да мақтай алам.

Жарыста, топта озғанда ,

Тағады мені төсіне,

Алтыннан басқа алдыма,

Түсетінің жоқ шығар,

Мақтанайын несіне .

  1. Алтын

Мақтана бер,мақтана бер,күмісім,

Алтын ағаң қоштағанда інісін.

Кетпе,бірақ ұмытып сен, жарқыным,

Ардақтымын жасыңа да,кәріңе,

Дүниенің менмін көркі,әрі де.

Толықсыған толған айдай, жарықпын,

Өлшемімін барлық баға,нарықтың.

Бар базардың әлемге ортақ тілі мен,

Даңқ болып омырауға да ілінген.


Жүргізуші 1:

Судай тасып, әр биік белден асқан,

Дүниеге сан алуан өнер шашқан.

Білім алып, ғылымның жолын қуған,

Әрбір шәкірт өмірде өрге басқан,- дей отырып сөз кезегін Жаратылыстану пән бірлестігінің оқытушыларына береміз.



Жүргізуші 2:

Химияны оқу парыз әркімге,

Оқиды оны барлық елде, әр тілде.

Химияның оқыңдар әр бөлімін,

Кездесер ол алдарыңнан әр күнде.

Химияны оқиық біз көңілмен,

Кездесер ол күнделікті өмірден.

Ақылымыз химияны біліңдер!

Тап болар ол әр жерден, әр өңірден.

Химияның әлемі қызық әрі тартымды,

Өз сырымен химия қызықтырар әркімді.

Оқысаңдар ғылымға көз ашып,

Танырсыңдар табиғаттың ғажабын.

Химияда болады көп ертегі,

Салт-дәстүрмен келе жатқан ертелі,

Химия біздің жас кеме ғой,

Болашаққа бағытталған желкені.

Жүргізуші 1, 2: Күшейтеміз химияның сапасын!

Берер бізге болашақ ақ батасын,

Ғылымдардың негізгі бір саласы,

Химиямыз мәңгі бақи жасасын.