Оксидтер 8-сынып сабақ жоспары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


8 сынып 
Тақырыбы: «Жану және тотығу. Оксидтер. Химиялық реакцияның жылу эффекті. Термохимиялық теңдеулер»
 
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға оксидтер, олардың аталуы, химиялық реакцияның жылу эффектін қарастыра отырып, нақты білім қалыптастыру
 
Сабақтың міндеттері:
 
1. Білімділік: Оқушыларғаоксидтер, олардың аталуы, химиялық реакцияның жылу эффекті, термохимиялық теңдеулер, жану және тотығу реакциялары туралы түсініктерін кеңейту.
 
2. Дамытушылық: оқушылардың өзіндік ізденуін ұйымдастыру және танымдық іс - әрекеттерін жетілдіріп, білімдерін тиянақтап дамыту,ойын элементтерін қолдана отырып, ойлау дағдыларын, есте сақтау қабілеттерін арттыру және оқушыларды қосымша әдебиеттермен жұмыс жасауға, реактивтерді дұрыс пайдалана білуге және де өзіндік ілгері жылжуын бағалай алуға баулу.
 
3. Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, топпен бірлесіп жұмыс жасауға, ізденімпаздыққа тәрбиелеу
 
Сабақтың түрі: жаңа білімді өз бетінше меңгеру
 
Сабақтың әдісі: іздену, талдау, жинақтау
 
Көрнекіліктер: қажетті реактивтер, лабораториялық ыдыстар, әңгімелесуші құрал, бағалау парағы, сызбанұсқа, суреттер, интерактивті тақта
 
Қолданылған технология: «Дидактикалық үрдісті жобалау» технологиясы
 
Сабақтың барысы:
 
І. Ұйымдастыру кезеңі.
 
«Атомдар» және «молекулалар»бойынша топқа бөлу.
 
ІІ. Өткен тақырыптарды еске түсіру. (өзіндік жұмыс)
 
Күтілетін нәтиже: қызығушылығы оянады, ойлау белсенділігі артады
 
Білімділік № 1 (1 балл) «Бізден сұрақ, сізден жылдам жауап»
 

1-топ: 1.Оттек латын тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді?
 
2. Оттектің салыстырмалы атомдық массасы қанша?
 
3. Атмосферада оттек бос күйінде қанша пайыз кездеседі?
 
4. Оттектің физикалық қасиеттерін ата.
 
5. Оттек қанша мың бейорганикалық заттардың құрамына кіреді?
 
6.Катализатор деген не?
 
7. KClO3 → нәтижесінде не түзіледі?
 
8.H2 O2 →нәтижесінде не түзіледі?
 

2- топ: 1. Периодтық жүйеде оттек нешінші орында тұр?
 
2. Оттектің таңбасы қалай оқылады?
 
3. Адам организмінің қанша пайызы байланысқан оттектен тұрады?
 
4. Оттекті тәжірибе жүзінде кім дәлелдеді?
 
5.Өнеркәсіпте оттекті қалай алады?
 
6.Зертханада оттек газын қайда сақтайды?
 
7.KMnO 4 → нәтижесінде не түзіледі?
 
8.HgO → нәтижесінде не түзіледі?
 

Білімділік № 2 (0,5 балл) «Айшықтар мен нөлдер» ойыны.
 

1- топ:
 
H3PO4 AlCl3 Mn(OH)2
 
Na2O FeO SiO2
 
HCl Al(OH)3 KOH
 

2-топ:
 
CaO SO2 H2SO4
 
HCl AlO NaOH
 
Cu(OH)2 NaCl P2O5
 


Білімділік № 3 (0,5 балл) «Үшіншісі артық» ойыны
 
Li2O SO2 MgCl2
 
NH3 BeO Al2O3
 
CuO KOH Na2O
 
N2O5 CaO Na2SO4
 
CuCO3 P2O5 CO2
 

ІІІ. Жаңа білімді өз бетінше меңгеру (өзіндік жұмыс)
 
Күтілетін нәтиже: оқу дағдылары дамиды, ізденеді; танымпаздық іс-әрекеті, ойлау белсенділігі, тапқырлығы артады
 
Түсіну № 1 (2 балл) Анықтама беріңіздер.
 
Оксидтер дегеніміз...
 
Жану реакциясы ...
 
Тотығу реакциясы ...
 
Термохимиялық теңдеу дегеніміз...
 
Жылу эффекті дегеніміз...
 
Эндотермиялық реакция – бұл ...
 
Экзотермиялық реакция – бұл...
 

Түсіну № 2 (2 балл) Берілген сызбанұсқа бойынша реакция теңдеуін құру.
 
Э + Оттек = оксид және жылу бөлінеді
 
Э + Оттек = оксид және жылу сіңіріледі
 
Жай зат + оттек → оксид
 
Э2О, ЭО, Э2О3, ЭО2, Э2О5формулаға сәйкес оксидтерді жазыңдар.
 



Пайдалану № 1(3,0 балл) Зертханалық жұмыс.
 
Күтілетін нәтиже: мақсатқа өз бетінше жетеді
 
Тәжірибе № 1.
 
1 топқа : Фарфор табақшаға сөндірілмеген әктің кішкене бөлігін салыңыз. Оның үстіне су құйыңыз. Не байқадыңыз? Реакция теңдеуін жазыңыз:
 
_______________________
 
2 топқа: Сынауыққа шамалы (Mg) ұнтағын салып оның үстіне қышқыл (HNO3, HCl, H2SO4) құйыңыз. Не байқадыңыз? _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
 
Көрсетілген тәжірибенің реакция теңдеуін жазыңыз:_________________________
 
Бұл қай реакцияның түріне жатады?_____________________________________
 

Пайдалану № 2 (3,0 балл)
 
Көрсетілген тәжірибелердің реакция теңдеулерін жазыңдар.
 
1-топ: СаО + Н2О ═ Са(ОН)2
 
2-топ: Мg + HCl ═ MgCl2 + H2
 
Төмендегі термохимиялық теңдеулер қай реакцияның типіне жатады.
 
C + O2 = CO2 – Q ____________________________________
 
N2 + O2 = 2NO +Q ___________________________________
 

ІҮ. Сабақты бекіту. (Топпен жұмыс)
 
Күтілетін нәтиже: тапсырмаларды өз дәрежесінде шешеді
 
Талдау № 1 (2,0 балл) «Пирамида» ойыны. Оксидтерді тауып, атын атау.
 
Ca
 
CuO S
 
Na2 O Zn O2 Al2
 
P O2Mg O Fe O3 Li
 
K2 O Ba O Ag2 O C O O2
 

Талдау № 2 (2,0 балл) «Ойлан, тап» ойыны. Оксидтердің аталуы бойынша формуласын құрастыру және формуласы бойынша атау.
 
1. Мына оксидтерді халықаралық жүйенің екі тәсілі бойынша ата
 
MnO2 NO2 Cr2O3
 
2. Мына қосылыстардың формуласын жаз
 
Дитемір триоксиді, вольфрам триоксиді, диалюминий триоксиді
 
Талдау № 3 (4,0 балл) «Кім жылдам»ойыныРеакция теңдеуін аяқтап, теңестіру
 
1. С + О2 →
 
2. S + O2 →
 
3. P + O2 →
 
4. Fe+ O2 →
 
5. Ca + O2 →
 
6. Al + O2 →
 
Ү. Қорытындылау. (Шығармашылық жұмыс)
 
Күтілетін нәтиже: шығармашылық жұмыс жасайды, өз білімін бағалауға дағдыланады
 
Жинақтау № 1 (4,0 балл) Жіктеу
 
«Химиялық реакцияның жылу эффектінің шамасының тәуелділігі»
 
• 1. Әрекеттесуші заттардың табиғатына;
 
• 2. Температураға;
 
• 3. Реагенттердің мөлшеріне;
 
• 4. Реагенттер мен алынатын өнімнің агрегаттық күйіне.
 

Жинақтау № 2 (6,0 балл) «Оксид» және «Отын» сөздеріне сөзжұмбақ немесе ребус құрастыру.
 

ҮІ. Бағалау.(Өзіндік жұмыс)
 
Күтілетін нәтиже: өз жұмысының нәтижесін көре біледі, алған білімін өмірде пайдалануға дағдыланады
 
Бағалау № 1 (6,0 балл) Тест
 
1) Біреуі оттек болып келетін екі элементтен құралған қосылыстар –
 
А) элемент; Ә) оксидтер; Б) моль; В) жай зат.
 
2) Алюминий оксидінің формуласында алюминийдің индексі:
 
А) 3; Ә) 2; Б) 1; В) 4
 
3) Төмендегі қосылыстардан оксидтерді анықтаңыз:
 
А) H2SO4; Ә) KMnO4; Б) CO2; В) KOH.
 
4) Күкірттің оттегінде жану нәтижесінде қандай зат түзіледі:
 
А) түссіз газ; Ә) ашық көкшіл жалын;
 
Б) жасыл жалын; В) түссіз сұйық зат.
 
5) … Ba + O2 = … BaO теңдеуінде қалдырылып кеткен коэффициенттердің мәнін көрсетіндер:
 
А) 4, 4; Ә) 3, 3; Б) 2, 2; В) 1,1.
 
6) Жылу эффекті стандартты болып қандай температурада саналады:
 
А) +25 ° С; Ә) +20 ° С; Б) +35 ° С; В) +45 ° С.
 
7) Реакция теңдеулерінің қайсысы эндотермиялық процестің мысалы:
 
А) H2 + O2 = 2Н2О + Q; Ә) 2Н2О = H2 + O2 - Q;
 
Б) C + O2= CO2 + Q; В) N2 + 3H2 = 2NH3 + Q
 
8) Реакция теңдеулерінің қайсысы экзотермиялық процестің мысалы:
 
А) 2HgO2 = 2Hg + O2 - Q; Ә) 2Н2О = H2 + O2 - Q;
 
Б) CaCO3 = CaO + CO2 - Q; В) N2 + 3H2 = 2NH3 + Q
 
9) 1 кг таскөмірдің меншікті жану жылуы:
 
А) 20кДж/кг; Ә) 50кДж/кг ; Б) 30кДж/кг ; В) 10кДж/кг .
 
10) Ауаның құрамында оттектің көлемі қанша:
 
А) 78%; Ә) 21%; Б) 0,94%; В) 0,03%.
 

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
 
Ә Ә
 
Б Ә
 
Б
 
А
 
Ә
 
В
 
Б
 
Ә
 

Бағалау № 2 (6,0 балл) Ой-толғаныс
 
- Бүгінгі сабақтан не алдыңдар?
 
- Өмірмен қандай байланысы бар?
 
- Бүгінгі алған білімдеріңді өмірде пайдалануға керегі бар ма?