Тақырыбы: Химия әлеміне саяхат

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


ХИМИЯ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ

Көңілді тапқыштар, білімділер,

Бар өнерін алдарыңа салады.

Кім білімді, көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.


Мақсаты: Өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың  білімін қорытынды -лау, тақырыпты меңгеру дәрежесін тексеру, химия әлеміне саяхат  арқылы білімдерін жинақтау, пәнге қызығуын, логикалық  қабілеттерін дамыту.

 Көрнекілігі: қанатты сөздер жазылған плакаттар, формулалар, Менделеев кестесі.

 Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Көңілді тапқыштар ,білімділер,

Бар өнерін алдарыңа салады.

Кім білімді , көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күні жеңімпазы болады.

Біреуінің жүрегінің түгі бар,

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі бар,

Біреуінің күмбірлеген күйі бар.

Біреуінің қатты істейтін миы бар.

 

Сайысқа түсушілерге сабырлық пен жеңіс тілеймін.

Бүгінгі  «Химия әлеміне саяхат» сайысында алған білімдеріңізді мына бөлімдерде көрсете аласыздар.

 

 І – бөлім «Қарсылас топтың атын табу»

II- бөлім «Таныстыру »

III- бөлім «Мен кіммін? »

IV- бөлім «Химиялық тілек»

V- бөлім «Ойлы болсаң, озып көр»

VI- бөлім «Мықты болсаң, тауып көр

VІI- бөлім «Зертханалық жұмыс»

Сайысқа 10 А,Б,В,Г сыныптары қатысады. Сайыскерлерді бағалайтын қазылар алқасы таныстырылады. Әр сайыстан кейін қазылар алқасы әділ бағасын беріп отырады.


І – бөлім «Қарсылас топтың атын табу »

II- бөлім «Таныстыру». Әр топ өздерін таныстырады.

III- бөлім «Мен кіммін?»

Ең қиын жарыстың түрі келді.

Мықтылары ортада, шықсын енді.

Тез жауап бер ,ойланып тұрып қалма,

Осы сайыстан көрейік ерен ерді.

«Менен сұрақ  сіздерден жылдам жауап.

Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

1.Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлігі   (атом)

2.Ең жеңіл металл  (Li)

3.Химиялық таңбаның алдына қойылатын сан         (коэффицент)

4. Күкірт неше валентті  (2,4,6)

5.Валенттілік қалай бөлінеді  ( тұрақты айнымалы)

6.Оттектің салыстырмалы атомдық массасы  (16)

7.Период нешеге бөлінеді  (кіші және үлкен)

8.Периодтық жүйе неше топтан тұрады   (8)

9.Топтар қалай бөлінеді  (негізгі және қосымша)

10.Атом молекулалық ілімді ашқан кім    (Ломоносов)

11.Көмір қышқыл тұзының аты     (карбонат)

12.Алашқы көмекке пайдаланатын  бейметалл (I)

13.Сұйық металл     (Hg)

14.Ең ауыр тығыз металл    (Os)

15.Менделеев құрметіне берілген элемент     (Md)

16.Оттек латынша қалай аталады   (оксегениум)

17.Ток желісінде қолданылатым металдар     (Cu / Al)

18.Аккумулятор ішіндегі металл     (Pb)

19.Аккумуляторға құятын қышқыл   (H2SO4)

20. Химиялық реакция типтері нешеге бөлінеді? (4)


 IV- бөлім «Химиялық тілек»

Бұл бөлімде химиялық тілектер айтылады.


 V- бөлім «Ойлы болсаң, озып көр» Әрбір топқа 5 мәтін оқылады.

Сайыскерлер оқылған мәтінге «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді.

Дұрыс жауап үшін 10 ұпай беріледі.

І топ. сұрақтары:

1. Озонның формуласы – О3. (иә)

2.Темірдің атомдық салмағы – 56. (иә)

3.Судың формуласы – SO2 . (жоқ)

4.Атом – молекулалық ілімінің теориясын ашқан ғалым - М.В.Ломоносов. (иә)

5.Сұйық металл – сынап. (иә)

ІІ-топ сұрақтары:

1.Шынының балқуы - химиялық құбылыс (жоқ)

2.Сүттің ашуы - физикалық құбылыс (жоқ)

3. Табиғатта ең көп таралған зат – су (иә)

4. Судың газ күйі – мұз. (жоқ)

5. Адам шашында алтын бар. (иә)

ІІІ топ сұрақтары:

1. Атомдық салмағы 16-S (жоқ)

2. Үйге жарық беретін элемент – Fe. (Жоқ)

3. Сүйек құрамында сынап бар.(жоқ)

4. Сұйық құрамында фосфор бар.(жоқ)

5. Күміс қасық қараяды.(Иә)

ІV топ сұрақтары:

1. Ас тұзының формуласы – NaCl. (Иә)

2. Адам тыныс алатын газ – Н2.(Жоқ)

3. Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл – йод. (Иә)

4. Атом - молекулалық ілімінің теориясын ашқан ғалым –

Д.И.Менделеев. (Жоқ)

5. Металлдарды тот басады. (Иә)

І- топқа:

1.Периодтық жүйені Ломоносов ашты ма? (жоқ)

2. Судан екі есе жеңіл металл калий ма? (жоқ)

3. Фосфор өмір мен ой элементі деп атала ма? (иә)

4. Элементтің таңбаларын ұсынған Аррениус па? (жоқ)

5. Топ бойынша жоғарыдан төмен қарай бейметалдық қасиет арта ма? (жоқ)

6. Бір элементтің бірнеше жәй зат түзу қасиеті аллатропия атала ма? (иә)

7. Электр шамдарының жіңішке сымдарын вольфрамен жасай ма? (иә)

     ІІ-топқа:

1. Натрий тұздары жалынды сары түске бояйма? (иә)

2. Сілтілік металдарға темір жата ма? (жоқ)

3. Мүсәтір спирті аммиактың судағы ерітіндісі ма? (иә)

4. Электролиттік диссоциация теориясын ашқан ғалым Аррениус па? (иә)

5. Кремний қышқылының тұздары карбонаттар деп атала ма? (иә)

6. Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл йод па? (иә)

7. Азот молекуласы полюссіз ковалентті байланыс түзе ма? (иә)

     ІІІ-топқа:

1. Заттар және олардың бір-біріне айналуы туралы ғылым физика ғылымы ма? (жоқ)

2. Химия ғылымының тарихында ұлы алтын заң ашқан Менделеев па? (иә)

3. Зат массасының сақталу заңын ашқан ірі орыс ғалымы Ломоносов па? (иә)

4. Ең қиын балқитын металл алтын ба? (жоқ)

5. Адам бойының өсуіне әсер ететін химиялық элемент мырыш па? (иә)

6. Темекі құрамына кіретін улы зат никотин ба? (иә)

7. Жүйкені жайландыратын дәрі-дәрмек құрамына кіретін элемент кальций ма? (жоқ)

ІV- топқа

1. Адам шашында алтын бар ма? (иә)

2.«Аспан тасы» аталатын элемент темір ма? (иә)

3. Қант қызылшасы мен картоп түсіміне ерекше әсері бар тынайтқыш калий ма? (иә)

4. Сүйек құрамында сынап бар ма? (жоқ)

5. Күміс қасық қараяды ма? (иә)

6. Металдар коррозияға ұшырайды ма? (иә)

7. Ас тұзының формуласы – NaCl ма? (иә)

VI- бөлім «Мықты болсаң, тауып көр

[pic]

Периодтық жүйе 10 Шебердің қолы ...., шешеннің сөзі  .... (Алтын)

Периодтық жүйе 20 Қойдың сүті... (Қорғасын)

Периодтық жүйе 30 Ағаш кессең ұзын кес қысқартуың оңай...

(темір  кессең қысқартуың оңай)

Периодтық жүйе 40 Атомға бір электрон қосылғанда бөлінетін энергияны қалай атайды? (Электронтартқыштық)

Химиялық байланыс 10 Коваленттік байланыс дегеніміз не және оның

қандай түрлері болады? (Полюсті, полюссіз)

Химиялық байланыс 20 Металдық байланыс дегеніміз не?

(Металл иондары мен бос электрондар арасында түзілетін байл.)

Химиялық байланыс 30 Ковалентті байланыстың негізгі қасиеттері қандай? (Ортақ электрондық жұп есебінен жүзеге асырылатын химиялық байл.)

Химиялық байланыс 40 Донорлы-акцепторлы механизм қай байланысқа жатады және мәні қандай?

(Ковалентті байланыс, Донор-жұп элетроны бар элемент, акцептор-электрон жұбын қабылдауға қабілетті бос орбиталы бар бөлшек)

Химиялық реакциялар 10 Тотығу-тотықсыздану реакциясы дегеніміз не? (Элементтердің тотығу дәрежелері өзгере жүретін реакциялар)

Химиялық реакциялар 20 Жану реакциясы дегеніміз не?

(жарық және жылу бөлінетін реакция)

Химиялық реакциялар 30 Экзотермиялық реакция дегеніміз не?

(Жылу бөле жүретін реакция)

Химиялық реакциялар 40 Бейтараптану реакциясы дегеніміз не? (Қышқылдар мен негіздер әрекеттескенде, тұз және су түзе жүреді)

Ғалымдар тоғысында 10 Атом-молекулалық теория негізін салушы

(М.В. Ломоносов)

Ғалымдар тоғысында 20 Зат құрамының тұрақтылық заңын ашқан француз химигі (Ж.Пруст. 1808ж.)

Ғалымдар тоғысында 30 Ескі мата сөз болмас...( ескі темір  біз болмас)

Ғалымдар тоғысында 40 Электртерістілік ұғымды енгізген ғалым

(1932ж . Л. Полинг)

Медицина 10 Сүйекті қаптайтын элемент (Кальций)

Медицина 20 Бұл затты тамақпен уланған жағдайда таблетка түрінде қолданады. Оны қайыңды ауасыз жерде қыздыру арқылы алып, одан әрі өңдейді. Бұл қай дәрі? (Белсендірілген көмір)

Медицина 30 Гемоглобин қанға қызыл түс береді және тыныс алу процесінде оттекті әртүрлі ұлпаларға тасымалдайды. ол қай элемент? (Темір)

Медицина 40 Медицинада іш өткізетін дәрі ретінде қолданылады.

(Магний сульфаты немесе глаубер тұзы)

VІI- бөлім «Зертханалық жұмыс» Әрбір топ оқушылары жеке-жеке зертханалық жұмыс жасайды.

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер .

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер.

Жастықтың оты қайдасың,

Жүректі түртіп қозғамай.

Ғылымның біліп пайдасын,

Дүниенің көркін болжамай,-деген ұлы Абай атамыздың өлең жолдары арқылы сайысымызды қорытындылап, білімді жастарымызды бағалау үшін сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.

-Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет. 

-Сау болыңыздар!







І топ. сұрақтары:

1. Озонның формуласы – О3.

2.Темірдің атомдық салмағы – 56.

3.Судың формуласы – SO2 .

4.Атом – молекулалық ілімінің теориясын ашқан ғалым - М.В.Ломоносов.

5.Сұйық металл – сынап.


ІІ-топ сұрақтары:

1.Шынының балқуы - химиялық құбылыс

2.Сүттің ашуы - физикалық құбылыс

3. Табиғатта ең көп таралған зат – су

4. Судың газ күйі – мұз.

5. Адам шашында алтын бар.


ІІІ топ сұрақтары:

1. Атомдық салмағы 16-S

2. Үйге жарық беретін элемент – Fe.

3. Сүйек құрамында сынап бар

4. Сұйық құрамында фосфор бар

5. Күміс қасық қараяды


ІV топ сұрақтары:

1. Ас тұзының формуласы – NaCl.

2. Адам тыныс алатын газ – Н2.

3. Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл – йод. 4. Атом - молекулалық ілімінің теориясын ашқан ғалым – Д.И.Менделеев.

5. Металлдарды тот басады.

І- топқа:

1. Периодтық жүйені Ломоносов ашты ма?

2. Судан екі есе жеңіл металл калий ма?

3. Фосфор өмір мен ой элементі деп атала ма?

4. Элементтің таңбаларын ұсынған Аррениус па?

5. Топ бойынша жоғарыдан төмен қарай бейметалдық қасиет арта ма?

6. Бір элементтің бірнеше жәй зат түзу қасиеті аллатропия атала ма?

7. Электр шамдарының жіңішке сымдарын вольфрамен жасай ма?


  

  ІІ-топқа:

1. Натрий тұздары жалынды сары түске бояйма?

2. Сілтілік металдарға темір жата ма?

3. Мүсәтір спирті аммиактың судағы ерітіндісі ма?

4. Электролиттік диссоциация теориясын ашқан ғалым Аррениус па?

5. Кремний қышқылының тұздары карбонаттар деп атала ма?

6. Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл йод па?

7. Азот молекуласы полюссіз ковалентті байланыс түзе ма?



ІІІ-топқа:

1. Заттар және олардың бір-біріне айналуы туралы ғылым физика ғылымы ма?

2. Химия ғылымының тарихында ұлы алтын заң ашқан Менделеев па?

3. Зат массасының сақталу заңын ашқан ірі орыс ғалымы Ломоносов па?

4. Ең қиын балқитын металл алтын ба?

5. Адам бойының өсуіне әсер ететін химиялық элемент мырыш па?

6. Темекі құрамына кіретін улы зат никотин ба?

7. Жүйкені жайландыратын дәрі-дәрмек құрамына кіретін элемент кальций ма?



ІV-топқа:    

1. Адам шашында алтын бар ма?

2. «Аспан тасы» аталатын элемент темір ма?

3. Қант қызылшасы мен картоп түсіміне ерекше әсері бар тынайтқыш калий ма?

4. Сүйек құрамында сынап бар ма?

5. Күміс қасық қараяды ма?

6. Металдар коррозияға ұшырайды ма?

7. Ас тұзының формуласы – NaCl ма?