Химия пәнінен ашық сабақ Сутектің химиялық қасиеттері

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы:Сутектің химиялық қасиеттері, қолданылуы

Сабақтың мақсаты: Сутектің химиялық қасиетті мен қолданылуын анықтау.

Сабақтың міндеті:

А) сутектің эхимиялық қасиеттерін оқып-үйрену арқылы реакция теңдеулерін құра білу.

Ә) оқулықпен жұмыс істеу кезінде тақырыптағы басты мәселені анықтап, өз бетімен білім алуға үйрену.

Б) сутек химия өнеркәсібінің негізгі шикізаты және болашақтың отыны ретінде қолданудың маңызын анықтау.

Күтілетін нәтиже: сутектің химиялық қасиеттерін және реакция теңдеулерін жазып, қолданылуын білуі керек.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: ізденіс

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап. Блум жүйесі.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, электрондық оқулық, Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесі.

Модульдар: АКТ, СТО, бағалау, диалог, көшбасшылық, дарындылық, жас ерекшілік.

Пәнаралық байланыс: математика, биология, экология.



Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сынып оқушыларын элементтердің таңбасы арқылы (оттек, күкірт, хлор, натрий) топқа бөлу. (Оқушыларға бағалау парақшалары таратылады)

Топтың ережесі:

Ойды қайталамау.

Сөзді бөлмеу.

Топта бірін-бірі тыңдау, сыйлау.

Сыпайы сөйлеу.

1-тапсырма. І деңгей. Білу. 3 ұпай

Үй тапсырмасы сұрақ-жауап арқылы сұралады.

1-сұрақ. Сутектің физикалық қасиеттерін сипаттап айтып беріңдер.

2. Не себепті сутектің жылуөткізгіштігі жоғары екенін түсіндіріңдер.

3. Мына суреттер нені білдіреді? Айтып беріңіз. Реакция теңдеуін жазыңыз.

Сутегін алу және оның қасиеттерін зерттеу тәжірибесі арқылы жаңа тақырып ашылады. Сутек қандай жай заттармен әрекеттесуі мүмкін? Әр топтан 1 оқушы өз топтарындағы элементпен сутектің реакция теңдеулерін тақтаға жазып, теңестіреді.

4. Сутекті болашақтың отыны ретінде пайдалануға бола ма? Оқушылар өз ойларын еркін жеткізе білді.

2-тапсырма. ІІ деңгей. Түсіну.

Оқулықтан сутектің химиялық қасиеттері мен қолданылуымен танысу.

Жеке жұмыс.

[pic]

3-тапсырма. ІІІ деңгей. Қолдану. 5 мин 3 ұпай.

Оқулықпен жұмыс.

  1. Сутектің қолданылуы. Кесте сызу.

  2. Электронды оқулықтан сутектің мыс (ІІ) оксиді тәжірибесі көрсетіледі. Көргендеріңді есте сақтай отырып реакция теңдеулерін жазыңдар.

  3. 4, 5 жаттығу

4-тапсырма. ІV деңгей. Талдау. 5 мин. 3 ұпай.

Сутектің химиялық қасиеттерін басшылыққа ала отырып, жүруі мүмкін реакция теңдеулерін құрыңдар.

  1. H2+CI2=

  2. H2+O2=

  3. H2+S=

  4. H2+N2=

  5. H2+C=

  6. H2+CuO=

  7. H2+Fe3O4=

  8. H2+WO3=

5-тапсырма. V деңгей. Синтез

  1. 2 моль О2, 3 моль H2-ден тұратын газдар қоспасы қалыпты жағдайда қанша көлем алады? 5 ұпай

  2. Үш валентті металдың 10,8 грамы қышқылмен әрекеттесткенде 13,44 д (қ.ж) сутек бөлінеді. Қышқылменқай металл әрекеттесткенін табыңдар. 5 ұпай.

  3. Метанның 8 грамын жоғары температурада айырып алған сутек 40 г мыс (ІІ) оксидін тотықсыздандыруға жете ме? 5 ұпай.

6-тапсырма. VІ деңгей. Бағалау.

Оқушының есіде жақсы сақталу үшін табиғаттағы ұқсас заттарды байланыстыра, еске түсіріп отыру мақсатында оттек пен сутек элементтерінің қасиеттерінің ұқсастығы мен ерекшелігіне Венн дианграммасы сызылып толтырылады. (Кім жылдам, кім тез?)

Оттек Ұқсастығы Сутек

VІІ. Рефлекция.

ІХ. Бағалау.

Х. Үйге тапсырма. Сутектің химиялық қасиеттері, қолданылуы. Есеп

Бағалау бетшесі


1

3 ұпай

3

3 ұпай

4

3 ұпай

5

5 ұпай

6

3 ұпай

Қорытынды ұпайы










Топтың ұпайы