Тестер жиынтығы 9сынып оқушылары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақ №19

Сабақтың тақырыбы:

Азоттың табиғаттағы айналымы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға азоттың маңызы, табиғаттағы айналымы мен тіршілік процестеріндегі мәні туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Сараптау, жинақтау, элементтерді бір- бірімен байланыстыру қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың өз бетімен жасауын, кедергі жасамауға, алғырлық қасиеттерін тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Түрі: Дәріс сабақ

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй тапсырмасын тексеру:


[pic]   «Азот пен оның қосылыстары» тақырыбына тесттік тапсырмалар

Нұсқа   1

1. Азот қышқылын мына схема бойынша алуға болады:

а) NO2 + O2 + H2O  [pic]  … ;

б) NaNO3 + HCl  [pic]  … ;

в) NO + H2O  [pic]  … ;

г) NH3 + H2O  [pic]  … .

2. Аммиакты ауадағы оттекпен каталитикалық тотықтыру кезінде судан бөлек түзіледі:

а) азот; б) аммиак;

в) азот(IV) оксиді ; г) азота(II) оксиді.

3. Сутек атомдары мен күшті тотықтырғыш элементтер арасында орнайтын химиялық байланыс:

а) металдық; б) сутектік;

в) ковалентті; г) атомной.

4. Аммоний катионында азоттың тотығу дәрежесі:

а) –3; б) +5; в) +3; г) 0.

5. Аммиакты зертханада алу жолы:

а) Сa(OH)2 + NH4Cl  [pic]  … ;

б) NH4ОН  [pic]  … ;

в) NH4NO3 + HCl  [pic]  … ;

г) NH4ОН + H3PO4  [pic]  … .

6. Аммонийдің қай тұзы нан пісіруде кең қолданылады?

а) Силикат; б) сульфат; в) нитрат; г) карбонат.

7. Тұз түзбейтін құрамында азот бар оксид

а) N2O5; б) N2O3; в) N2O; г) NO2.

8. Азот қышықылы қыздырылмай ақ әрекеттеседі:

а) мыс; б) барий; в) калий; г) литий.

9. Концентрлі азот қышқылы қыздырылмай мына затпен әрекеттеседі:

а) калий; б) мыс; в) темір; г) рубидий.

10. Ляпистің құрам бөлігі:

а) күміс нитраты; б) калий нитраты;

в) алюминий нитраты; г) дұрыс жауабы жоқ.

Жауаптары

Нұсқа  1. 1 – а, 2 – г, 3 – б, 4 – а, 5 – а, 6 – г, 7 – в, 8 – а, 9 – в, 10 – а.


Жаңа білімді меңгеру:

Оқушылардың өз бетімен білім алуға мүмкіндік беру.

Сұрақтар:

1.Азоттың табиғатта кездесуі, таралуы.

2. Азоттың тірі ағзалар үшін мәні.

3. Азот қосылыстары.

Азот табиғатта өте көп тараған элементтің бірі болып есептеледі. Жер бетіндегі оның негізгі түрлері — литосферадағы байланысқан және атмосферадағы молекулалық азот. Атмосферадағы бос азотты өсімдіктер өздігінен сіңіре алмайды. Органикалық заттар шірігенде ондағы азоттың біраз белігі аммиакқа айналады. Топырақтағы нитрлеуші бактериялардың көмегімен сол аммиак азот қышқылына дейін тотығады. Өз кезегінде топырақтағы карбонаттар СаС03 қышқылмен реакцияға түсіп, нитратқа айналады да өсімдікке сіңеді. Шіру процесі кезінде азоттың біраз бөлігі атмосфераға бос күйінде бөлініп отырады. Табиғи жағдайда топырақтағы байланысқан азоттың мөлшері кемімейді. Ауадағы бос азот та түрлі себептермен толықтырылып отырады. Мысалы, ағаш, шымтезек [link]  айналымы үздіксіз жүріп тұрады.

Азот — өсімдікке қажетгі қоректік элемент. Азот қышқылының тұздары — нитраттар және аммоний тұздары минералдық тыңайтқыштар ретінде қолданылады. Күміс нитраты хлорид ионын табуға қажетті реактив. Ағаш, таскөмір, органикалық заттар жанғанда, шірігенде ауаға бос азот бөлінеді. Организмдегі азот нәруыз (белок) синтездеуге қатысады.

Бекіту кезеңі:

Мына сөздерге анықтама бер:

1 Азот фиксациясы

2. Азоттау


Қорытынды: «Психолог» ойыны

Үйге тапсырма: §17