Разработка открытого урока по предмету химия на тему Сілтілік металдар. Галогендер 8 класс

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Қызылағаш орталау мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі















«Сілтілік металдар. Галогендер» ашық сабақ





















Химия пәнінің мұғалімі: Ж.Е. Абайдильдинова







Ақтоған ауылы

Сабақтың тақырыбы: VIII тарау. Сілтілік металдар. Галогендер. Олардың қосылыстары Сілтілік металл - натрий 

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушыларға жаңа тараудың ерекшелігін түсіндіре отырып,типтік металдардың өкілі ретінде натрий металымен таныстыру,оның периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы, табиғатта кездесуі, физикалық және химиялық қасиеттерін меңгерту;

б) Дамытушылық: оқушылардың өздігінен ойлау, бақылау, тұжырым жасай алу қабілеттерін дамыту, логикалық ойлауын жетілдіру;

в) Тәрбиелік: белсенді іс-әрекетке, ұқыптылыққа, тәрбиелей отырып, қауіпсіздік ережелерін сақтай білуге үйрету.



Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту 

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ 

Сабақта қолданылатын әдістер: репродуктивті, түсіндірме-көрнекілік, ішінара іздену, тәжірибе көрсету әдісі,ақпаратты- комплексті, түсіндірмелі,топтық 

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, таратпа қағаздар 

Пәнаралық байланыс: математика, биология, география, физика,әдебиет 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Өткен сабақты қорыту

ІV. Жаңа сабақ

V. Жаңа сабақты бекіту

VІ. Жаңа сабақты қорыту

VІІ. Үйге тапсырма

VІІІ. Оқушылар білімін бағалау 

І. Ұйымдастыру кезеңі ( Оқушыларды түгелдеп, олардың назарын сабаққа аудару). 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау  Тотығу дәрежесі.Тотығу-тотықсыздану реакциясы

1. Электротерістілік деген не?

2. Тотығу-тотықсыздану реакциялары дегеніміз не?

3. Тотығу және тотықсыздану процесі дегеніміз не?

4. Тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш дегеніміз не?

5. Тотығу дәрежесі дегеніміз не? Оның сандық мәні қалай анықталады?

6. Күрделі қосылыстардағы элементтердің белгісіз тотығу дәрежесін қалай есептеп шығарады?

7.Тотығу-тотықсыздану реакция теңдеуін теңестіргенде қандай әдісті қолданамыз?

2

Мына қосылыстарды қай элементтің тотығу дәрежесі нольге тең және басқалары қандай тотығу дәрежесін көрсетеді ?



Н2S N2, HI, H2, NaF, CI2, CaF2


K
2 Cr2 O7 қосылысындағы хромның тотығу дәрежесін есептеп шығар

Қатесін тап.

а) ?-3 H3 +1

ә) Ca3+2 P?-3

б) Ca? F2-1

в) N2?

г) Na+1 F?



Құпия сөздің кілтін аш 



ІV. Жаңа сабақты түсіндіру 

VIII тарау. СІЛТІЛІК МЕТАЛДАР. ГАЛОГЕНДЕР. 

ОЛАРДЫҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫ

Алдыңғы тарауларда химияның негізгі түсініктерімен таныстыңдар, элементтердің периодтық жүйесі, атом құрылысы және химиялық байланыс, заттардың құрылыс теория негізінде химиялық элементтерді, жай және күрделі заттарды мына сызбанұсқаға сай: құрамы → құрылысы → қасиеті бойынша сипаттауды үйрендіңдер.

Осы білімдеріңе сүйіне отырып, типтік металдар ─сілтілік металдар мен типтік бейметалдар ─ галогендердің құрылысын және қасиеттерін қарастырамыз. Бұл тарауда металдардың бейметалдардан айырмашылығын жай және күрделі заттардың құрылысы және қасиеттері арқылы анықтаймыз. 
СІЛТІЛІК МЕТАЛЛ ─ НАТРИЙ

Сілтілік металдар І топтың негізгі топшасында орналасқан.

Сілтілік металдар ─ литий Li, натрий Na, калий K, рубидий Rb, цезий Cs ең белсенді металдарға жатады.

Сілтілік металдарға тән ерекшеліктерді олардың кең таралған өкілі натрийді мысалға ала отырып қарастырайық.



Атом құрылысы. Натрий ІІІ периодтың І негізгі топшасында орналасқан. Ол сілтілік металдардың қатарына жатады, себебі сумен әрекеттескенде сілті түзеді.

Натрий ІІІ периодтағы мөлшері ең үлкен атом әрі сыртқы энергетикалық деңгейінде бір ғана электроны бар. Сондықтан натрий басқа сілтілік металдар тәрізді, өзінің валенттік электронын оңай беретін өте белсенді металл ( қосылыстардағы тотығу дәрежесі +1).

[pic] ) 2 [pic] ) 8 [pic] ) 1 [pic]
Электрондық формуласы :
[pic] [pic] .

Графиктік формуласы:


 
1s 2s 2p 3s


 


 

 

 

 


Табиғатта кездесуі. Біздің планетамызда таралуы бойынша барлық элементтердің ішінде натрий алтыншы орын алады, оның үлесіне жер қыртысы массасының 2,64-і тиесілі. Натрий табиғатта тек қосылыс түрінде кездеседі, олардың көбісі адамзатқа ерте заманнан белгілі. Ол жер қыртысында ас тұзының, далалық шпаттың және граниттің құрамына кіреді. Тау жыныстары мүжілгенде натрийдің ерімтал қосылыстары түзіледі, олар сумен бірге теңіздер мен мұхиттарға жетеді. Мұхит суларында 2,8 шамасында натрий хлориді болады, ішкі теңіздерде оның мөлшері одан да жоғарылайды ( мысалы, Өлі теңізде 7,9 NaCl бар).

Ерте кезеңдерде теңіздердің жағасында болатын құбылысты осы кездері де Каспий және Арал теңіздерінің жағалауларынан байқауға болады. Суы азайған шығанақтар теңізден бөлініп, онда құрғақ ауа райының әсерінен су қарқынды буланып,теңіз тұзы концентрациялана түседі. Сөйтіп, шығанақтар бірте-бірте тұзды көлдерге айналады. Осындай көлдерде жүз мыңдаған жылдардың ішінде ас тұзының мол қоры жинақталады, оның минералын галит деп атайды.

Қазақстанда көптеген тұзды көлдер мен тас тұзының қоры (галит) кездеседі. Олар натрий хлоридін өндірудің көзі болып саналады. Осындай қорлар көбіне Каспий маңы ойпатында, Арал теңізінің жағалауында, Ертіс өзенінің бойында кездеседі.

Қазақстанда мирабилит деп аталатын минералдың [pic] кен орындары көп. Олардың ірілері Алматы, Қызылорда облыстарында шоғырланған.

Іле ойпаты мен Балқаш көлі маңында содалы көлдер көптеп кездеседі. Оларда натрий корбанаты [pic] мол.

Натрийдің табиғи қосылыстарының ең маңыздысы – натрий хлориді NaCl адамға өте қажет. Ол адам мен жануарлар қорегінің қажетті құраушысы болып саналады. Тірі организмде натрий ионы қан плазмасында, клетка құрамында болады., сөйтіп, клетканың қызметіне сай алуан түрлі процестерге қатынасады. Натрий жетіспесе бұл процестер бұзылады. Сондықтан адам көп терлегенде оған аздап тұз қосылған су ішу ұсынылады.



Физикалық қасиеттері. Натрий басқа да сілтілк металдар сияқты, иондық кристалдық тор түзеді. Мұндай торларда атом қабаттары бір-бірімен салыстырғанда өзара перпендикуляр 3 бағытта сырғи алады, осыған орай натрий иілімді әрі жұмсақ келеді. Ол пышақпен оңай кесіледі, созылады. Натрий судан жеңіл, тығыздығы 0,97г/ [pic] . Ол оңай балқиды: Сұйық күйде жылу мен электр тоғын өте жақсы өткізеді, сондықтан оны ядролық реакторларда жылу тасымалдағыш ретінде жиі пайдаланады.

Жарықтың әсерінен натрий өз электрондарын оңай бөліп шығарады (фотоэлектрлік эффект).

Сілтілік металдардың бәрі керосин қабатының астында сақталады, өйткені олар ауада бірден оксидтердің татымен қаптала бастайды. Осыған орай натрийге тән металдық жылтырды оны жаңадан пышақпен кескен жерінен байқауға болады.

Натриймен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау қажет: оны қолмен ұстауға болмайды, өйткені күйдіреді. Натрий қалдығын раковинаға немесе қоқыс салған корзинаға тастай салуға болмайды, өйткені өзінен-өзі тұтануы не қопарылуы мүмкін.



Химиялық қасиеттері. Натрий өте белсенді металдардың қатарына жатады. Оның химиялық реакция кезінде өзгеруін былайша өрнектеуге болады:

[pic]

Бұл процесс өте оңай жүреді, сондықтан натрий күшті тотықсыздандырғыш болып саналады. Ол іс жүзінде азот пен инертті газдарды қоспағанда барлық бейметалдармен әрекеттеседі. Натрий оттекте, фторда, хлорда жанады, ал күкіртпен араластырып ұнтақтаса тұтанады:

[pic]

2Na + [pic]

Натрийді суға салғанда онымен қуатты реакцияға түседі. Осы кезде бөлінген жылудың әсерінен металдың түйірі балқып, су бетінде “жүгіре” бастайды. Натрий түйірін бөлінетін сутек газы итереді.

[pic]  

[pic] 1 2 тотықсыздандырғыш [pic] [pic]

[pic] 2 1 тотықтырғыш

Егер металдың кесегі үлкендеу болса ол өзінен-өзі тұтанып, тіпті қопарылуы мүмкін. Бұл аса қауіпті, сондықтан натрийді сумен әрекеттестірерде металдың кесегін бұршақтан кішілеу етіп алады. Әрі қауіпсіздік техникасы ережесін қатаң сақтайды

Натрийді тұздар мен қышқылдардың ертінділеріне салу қауіпті, өйткені натрий,алдымен еріткіш – судың өзімен әрекеттеседі.



Натрий және оның қосылыстарын анықтау. Натрий иондары жалынды сары түске бояйды. Бұл тым сезімтал реакция. Платина сымын алақанға бір сәт тигізіп, одан соң жанарғының жалынына апарсаң, бірден натрийге тән сары түс пайда болады. Бұл терлегенде алақанда қалған ас тұзындағы натрийдің әсері. 

Өнеркәсіпте алу. Натрий өте белсенді тотықсыздандырғыш ретінде өзінің сыртқы электронын оп-оңай беретіндіктен, оған сол электронды қайта қосу тым қиынға түседі. Сондықтан бос күйдегі натрий ХІХ ғасырдың басында электр тогы қолданыла бастаған кезде алынды. 1807 жылы ағылшын ғалымы Дэви металл күйдегі нартийді натрий гидроксидінің балқымасын электролиздеу арқылы бөліп алды. Басқа сілтілік металдарды да осы күнге дейін олардың қосылыстарының балқымасын электр тогымен ыдыратып алады: 
Қолданылуы. Металл күйдегі натрий қазіргі ғылым мен техникада сан алуан салада қолданылады. 

Авиация мен ядролық реакторлардың жылу тасымалдағышы 

Металлургиядағы тотықсыздандырғыш 

Көлікте натрийдің қорғасынмен құймасы 
Натрийдің қолданылуы 

Органикалық химияда өршіткі 



Лампаларды натрий буымен толтыру 



Медицинада радиоактивті изотоптар 
[pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic]

Натрий – нағыз типтік белсенді металл. Натрийдің химиялық белсендігі, оның жалғыз валенттік электронының ядромен әлсіз байланысуымен түсіндіріледі.

Натрий қосылыстары табиғатта кеңінен таралған, ол Қазақстанның көптеген жерінде кездеседі. Ас тұзы – натрийдің ең маңызды қосындысы, ол күнделікті тұрмыста өте көп қолданылады. 

V. Жаңа сабақты бекіту

1. № 5-есеп

Натрий хлоридіндегі натрийдің массалық үлесін (%) үлесін есептеңдер.

2. № 7-есеп ( Жаттығулар жинағы , 108-бет)

Төмендегі айналуларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құпия реакция теңдеулерін жазыңдар.

Na→ NaOH → NaCI → NaNO3


І топ 
Сәйкестендіру тесті 


ІІ топ 

Массаны тап  1. Индикаторға әсер етеді.

2. Ерімтал тұзына сілті қосып алады.

3. Металға немесе металл оксидіне су қосып алады.



10


20 


12


15 


Мr(NaOH) =


ІІІ топ 

«Химиялық лото» ойыны 

+




+


H2O









O2




Ca( OH)2 Na2O СaO Na



VІ. Жаңа сабақты қорыту

1.Натрийдің сыртқы энергиялық деңгейінде неше электрон бар?

2.Натрий периодтық жүйеде, қай период, топта орналасқан?

3.Таралуы бойынша нешінші орында?

4.Физикалық қасиеттері қандай?

5.Натрий тотықтырғыш па, әлде тотықсыздандырғыш па?

6.Натрий иондары жалын түсін қалай өзгертеді?

7.Натрий не үшін қолданылады?



VІІ. Үйге тапсырма

1. № 6- есеп, 185-бет 

VІІІ. Оқушылар білімін бағалау