Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакциялардың жылу эффекті
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: а) оқушылардың «Химиялық реакциялардың жылу эффекті» тақырыбы бойынша алған білімдерін саралай отырып бір жүйеге келтіру,тақырыпты есте сақтау.
Тәрбиелігі:оқушыларды өзбетінше ізденімпаздыққа,шығармашылық қабілеттерін дамытуға,өзара білімдерін тексеріп бағалауға,адамгершілікпен ұжымдық қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.
Дамытушылығы: химиялық заттармен жұмыс істей білу дағдысын дамыту, оқушылардың сабақ белсенділігін арттыру,мәтінмен жұмыс істей білу,тақырыптағы негізгі ұғымды тауып,сызбанұсқаны толтыруға машықтандыру,білімін нақтылау және қисынды ойлануын дамыту.
Типі: Жаңа білімді меңгерту
Түрі: Нұсқау арқылы ізденіс
Әдісі: СТО техналогиясы,демонстрациялау,тест,тірек-сызбалар.
Көрнекілігі: интерактивті тақта,слайд,тест,есептер,ойындар электрондық оқулық.
Барысы:
І. Ұйымдастыру
- сәлемдесу, түгендеу;
- Сынып тазалығына көңіл бөлу;
-Сабақтың ұстанымы,жоспары таныстырылады.
ІІ. Қызығушылықты ояту. Миға шабуыл:
1.Физикалық денелерді құрайтын нәрсе.(зат)
2.Оттектің П.Ж. орны.(2-период,6-топ,р.н-8)
3.Оттегі адам организімінде неше % ?(65%)
3. Оттегінің физикалық қасиеттері. (иіссіз,түссіз,дәмсіз газ)
4. Бөлінбейтін ең кішкентай бөлшектер.(атомдар)
5.Атомдардың әр түрінен түзілген зат.(күрделі заттар)
6.Химиялық теңдеуді теңестіру үшін қойылатын сандар(коэффиценттер)
7. Cu салыстырмалы атомдық массасы (64)
8.Темірдің тат басуы қандай құбылысқа жатады? (химиялық)
9.Жарық пен жылу бөле жүретін реакция.(жану)
10.Біреуі оттек болып келетін екі элементтен құралған қосылыс(оксид).
ІІІ. Тірек-сызбамен жұмыс
СО2 SО2
Р2О5 CuО
С+О2→ СО2(көміртек(IV) оксиді немесе көміртек диоксиді)
S+О2→SО2(күкірт (IV) оксиді немесе күкірт диоксиді)
4Р+5О2→2Р2О5(фосфор(V) оксиді немесе дифосфор пентаоксиді)
2Cu + О2→2CuО (мыс (ІІ)оксиді)
V.Ой қозғау:
Электрондық оқулықтан реакция типтерін көрсету.
Реакция типтерін ажыратыңдар:
VІ.Жаңа сабақ
Өткен сабақта оттегінің табиғатта таралуы және қолдануы туралы өткен болатынбыз.Сонымен қатар реакцияның типтерімен де танысқанбыз.
Бүгінгі жаңа сабақта экзотермиялық және эндотермиялық реакция теңдеулерімен танысамыз.
Жылу бөле жүретін реакция- экзотермиялық реакция деп аталады. «Экзо» гректің «сыртқа» деген сөзі. Жылудың реакция жүріп жатқан ортадан,сыртқы қоршаған ортаға бөлініп шығатынын білдіреді.Реакция аяғына дейін жету үшін үнемі қыздыруды қажет ететін реакциялар бар.
Жылу сіңіре жүретін реакция- эндотермиялық реакция деп аталады. «Эндо» гректің «ішке» деген сөзі. Жылудың сырттағы қоршаған ортадан реакция жүріп жатқан ортаға берілетінін білдіреді.Химиялық реакциялар кезінде бөлінетін немесе сіңірілетін жылу мөлшері реакцияның жылу эффекті деп аталады.Жылу мөлшері джоуль (Дж) немесе килоджоуль(кДж)арқылы белгіленіп,калориметрмен өлшенеді.(физика курсынан білеміз) Реакция кезінде бөлінетін немесе сіңірілетін жылуды Q («ку»)әрпімен белгілеп реакция теңдеуін былай өрнектейміз.
С+О2→ СО2+Q (жылу бөліну)
S+О2→SО2+Q(жылу бөліну)
N2+О2→ 2NО-Q (жылу сіңірілу)
2НgO→ 2Hg-Q (жылу сіңірілу)
Реакцияның жылу эффекті көрсетілген химиялық реакциялар термохимиялық теңдеулер деп аталады.
С+О2→ СО2+402,24 кДж
Н2О→ Н2↑+ О2↑- 572 кДж
Ең алдымен реакция кезінде жылудың бөлінуі немесе сіңірілуі реакцияға қатысушы реагенттердің табиғатына тәуелді болады.Мысалы, күкірт пен оттек әрекеттескенде жылу бөлінеді, ал азот оттекпен реакцияға түскенде жылу сіңірілді.Жылу эффекті температураға да тәуелді. Жылу эффекті әрекетесетін заттардың мөлшеріне не массаға тәуелді.Көмірді немесе ағашты неғұрлым көп салып жақса, жылу көп бөлінгендіктен бөлме іші қатты ысиды.
Химиялық реакцияның жылу эффектінің шамасы бірнеше факторларға тәуелді:
1)әрекетесуші заттардың табиғатына;
2)температураға;
3)реагенттердің мөлшеріне;
4) реагенттер мен алынатын өнімнің агрегаттық күйіне байланысты болады;
VІІ.Қызығуды ояту.
Ұяшықтарда элементтердің атомдық массалары берілген соған сәйкес элементтерді тауып,таңбасымен жазу.
-
24
16
31
32
27
23
56
39
108
80
127
28
VІІІ. Ой толғаныс. Жаттығулар.
Реакция теңдеулерін аяқтап, теңестіріп, типін ажыратады:
Магнийдің,натрийдің,кальцийдің,күкірттің,жану реакциялары.
Есептер шығару.
Өз салмақтарыңның 65% оттек болса,оның массасы қанша болады? m=(O)=w*m/10065*45/100=29,25 кг
Адам тыныс алғанда 1 минутта орта есеппен 0,5 л оттегін пайдаланса, сендер 6 сағат сабақ оқығанда қанша оттегін пайдаланасыңдар? Сыныптың ауасын тазарту тәсілдерін атаңдар. (180 л).
3.Алюминийдің тотығу реакциясының теңдеуін жазып, теңдеудегі барлық коэффициент жиынтығын табыңыздар:
А)3; ә)4; б)7 в)9.
4.Фосфордың жану реакциясын жазып, теңдеудегі барлық коэффициент жиынтығын табыңыздар:
А)8; ә)10; б)11 в)14.
5.Пропанның С3Н8 толық тотығу реакция теңдеуін жазып, теңдеудегі барлық коэффициент жиынтығын табыңыздар:
А)13; ә)12; б)11 в)10.
IX.Ой қорыту.
6-есеп
Берілген реакциялардағы термохимиялық теңдеулерден қайсысы экзотермиялық екенін анықтаңдар.
А)HCI-NаОН=NаСІ+H2О
Б)N2+H2=2NH3+Q
B)2Н2О=2H2+О2-Q
Г)СаСО3=СаО+СО2-Q
ІV.Шытырман ұзақ сөзден химиялық элементтерді теріп атын атап,таңбасы мен атомдық массасын жазамыз.
МНИОЛРТАЗНИЙГРЕЙХК
Азот=N=14
Магнйй-Мg=24
Хлор-СІ=35,5
Кремнйй-S=28
Натрйй-Nа=23
Химиялық диктант
X.Қорытындылау, бағалау. (топ басшыларының бағасы мен мұғалімнің бағасынан ортақ баға шығарылады)
ХІ. Үйге: $22, №7 (65 бет), №11, 12 ж.