Темір және оның қосылыстары 10 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы: Темір және олардың қосылыстары

Сабақтың мақсатыА) Білімділік: темір периодтық жүйедегі орны, табиғатта таралуы,физикалық , химиялық қасиеттерін түсіндіру

Ә) Дамытушылық: Оқыту кезінде оқушыларға тапсырмалар, деңгейлік сұрақтар пайдалана отырып, қызығушылықтарын, ой-өрістерін арттыру;

Б) Тәрбиелілік: Оқушыларды өз беттерінше жұмыс жасауға, бірін-бірі тыңдап, өз ойларын білдіре алуға, алған білімдерін іс-жүзінде қолдана білуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: аралас сипатта

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: баяндау,сұрақ,жауап т.б.

Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық тапсырма, интерактивті тақта, электрондық оқулық т.б.

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

ІІІ. Жаңа сабақ мазмұнымен таныстыру:

Темірдің валенттік электрондары сыртқы s-электрондар және сырттан санағанда екінші деңгейдегі d-электрондар болып табылады, сондықтан ол ауыспалы тотығу дәрежелерін көрсетеді.

Темір химиялық реакцияларда 2 немесе 3 электрон беріп, өзінің тұрақты қосылыстарында +2 және +3 тотығу дәрежелерін көрсетеді.

Темірдің тотығу дәрежесі +6 (K2FeO4 калий ферраты) болатын тұрақтылығы төмен қосылыстары белгілі.

Темір табиғатта таралуы бойынша екінші метал. Жер қыртысында темір көптеген минералдар түзеді. Темірдің маңызды өнеркәсіптік кендері: қызыл теміртас, магниттік теміртас, пирит, . Елімізде темір кендерінің үлкен қоры Рудный темір кені бассейінде және Орталық Қазақстанда.

Fe3O4 +4CO = 3Fe +4CO2 2Fe +3CI2=2FeCI3Fe+S=FeS

FeO+H2=Fe+H2O 3Fe+2O2 = Fe3O4 Fe+H2O = FeO+H2

Fe2O3 +2AI =2Fe +AI2O3 4Fe+6H2O +3O2=4Fe(OH )3 Fe+2HCI= FeCI2+H2

ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау

1тапсырма . Мынадай айналуларды жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жазыңдар.

Fe FeCI2 Fe (OH)2FeO Fe

2тапсырма Қыздырылған Fe2 O 3 арқылы сутекті өткізіп, темір алуға болады. Егер 2,24 л сутек жұмсалса, темірдің массасын есептеңдер. Реакция өнімінің шығымы теориялық мүмкіндіктің 95 ٪ құрайды.

Ү. Сабақты қорытындылау

1. Әр түрлі валенттік күйдегі темір атомдарының графиктік формуласын бейнелеңдер. Темірдің мүмкін болатын тотығу дәрежелерін түсіндіріңдер

2. Темір , тұз қышқылы, натрий гидроксидінен темір (ІІ) оксидін қалай алады

Темірге қысқаша сипаттама беріңдер.

1.Периодтық жүйедегі орны ..........................

2.Атом құрылысы ..............................

3.Физикалық қасиеттері ..........................

4.Мүмкін болатын тотығу дәрежесі ....................

5.Жай заттарға қатысы .........................

А) галогендерге ..............

ә) оттекке ................

б) күкіртке ................

ҮІ. Сабақта оқушылар білімін бағалау:

ҮІІ. Үйге тапсырма:Тақырыбы: § 6.5