§32 Сутектің химиялық қасиеттері

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Жаңаөзен мектеп-гимназиясы









Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: §32 Сутектің химиялық қасиеттері











Пән мұғалімі: Атабай А.








2015-2016 оқу жылы

Cабақтың тақырбы: §32 Сутектің химиялық қасиеттері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Отттегінің физикалық және химиялық қасиеттерін естеріне түсіре отырып, салыстыру арқылы сутегінің қасиеттері туралы жаңа білім беру, сутегінің қолдануы жөнінде түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың химиялық элемент туралы алған білімдерін толықтыру, есептер шығарту арқылыбілімдерін дамыту

Тәрбиелік: Оқушылардың химия пәніне деген қызығушылықтарын арттыра отырып,топпен жұмыс жасауға, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: іскерлік ойын сабақ

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, кластер, венн диаграммасы, сұрақ-жауап, тірек-сызба.

Сабақтың көрнекілігі: Периодтық жүйе, реакция теңдеулері, кестелер мен сызбалар, бағалау парақтары.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру.

а) оқушылармен сәлемдесу.

ә)оқушыларды түгендеу.

б) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ.Үйтапсырмасы.

§30. Сутек. Сутектің табиғатта таралуы және алынуы.

«Сутек» деген сөз бойынша сыйқырлы гүлді құрастыру.















Заман ағымына байланысты жасөспірімдердің ой-өрісін дамыту,өмірде болсын, сабақта болсын тиімді жолдарды пайдалану керек. Осы сабақ барысында оқушылармен білімге, ғылымға деген қызығушылығын тудыру мақсатында «Миллионер болғың келе

ме ...? деген іскерлік ойын сабағымен жалғасады. Ол үшін сынып оқушыларын екі топқа бөлдік. Бірінші топ «Оттек», ал екінші топ «Сутек» тобы болсын. Жинаған ақшаны санап, оны есептеп, көбейтіп отыратын бухгалтер болу керек.

І. Капитал. Капитал тапсырмасы 10 сұрақ. Әр сұрақтың белгіленген құны бар. Әр топтың ақшасын бухгалтер санайды.

1.Сутектің периодтық жүйедегі орны. (40)

2. Сутек қайда кездеседі. (30)

3. Сутектің салыстырмалы атомдық массасы мен таңбасы (40)

4. Сутегінің ашылу тарихы (50)

5. Сутегін өнеркәсіпте қалай алады? (50)

6. Сутегін лабороторияда қалай алады? (40)

7. Мына сызба нұсқа бойынша реакция теңдеуін жаз.

өте белсенді металл + су = металл гидроксиді + сутек газы. (60)

8. Сутек газын қалай жинаймыз? (60)

9. Сутек газының көп кездесетін жері? (30)

10. Сутек жиналғанын қалай тексереміз? (40)

Бірінші капиталдан әр топ белгілі мөлшерде ақша жинап өтті.

Капиталды көбейтуіміз керек.Ол үшін оның көбейту жолдарын қарастырамыз. Бүгінгі тақырыпты дәптерімізге жазып, жаңа мәліметтерді меңгереміз.


ІІІ. Жаңа сабақ.

Сутек молекуласының құрылысы қарапайым болғанымен едәуір берік қосылыс. Ол қыздырғанда оттегімен шабытты әрекеттесіп, көп жылу бөледі. Жану нәтижесінде су түзіледі.


Күкіртті балқытта отырып, оған сутек газын жіберсе, шіріген жұмыртқаның иісіндей иісі бар күкіртсутек газы бөлінеді:


Сутек газы хлормен әрекеттесіп, өткір иісті хлорсутек газы бөлінеді:

Сутек басқа да бейметалдармен және металдармен реакцияға түседі. Қыздырғанда белсенді металдар: натрий, кальций сутекпен әрекеттесіп, гидридтер түзеді.


натрий гидриді


кальций гидриді

Сутектің металдармен әрекеттесуі арқылы алынған металл гидридтері – қатты заттар.

Сутектің күрделі заттармен әрекеттесуі. Металл оксидтерімен сутектің әрекеттесуі оның маңызды қасиеттерінің бірі. Реакция нәтижесінде металл оксидінің құрамындағы оттек сутекпен қосылып, су тамшылары пайда болады. Ал сынауық түбінде қызғылт түсті металл мыс қалады.


Негіздік оксидтердің кейбіреулері сутекпен реакцияға түскенде, нәтижесінде таза металдар алуға болады.


IV. Бекіту.

Сабақ басында жинаған капиталымызды екі еселеу қажет. Топ мүшелеріне сутектің физикалық қасиеттері және сутектің қолданылуы деген тақырып үйге тапсырма ретінде берілген болатын. Енді әр топ өздеріне берілген тақырыпты кеңінен ашып, таныстырады.

1. «Сутек» тобы:

Сутектің физикалық қасиеттері:

















2. «Оттек» тобы:

Сутектің қолданылуы:












ІІ. Капитал. Тапқан ақшаны текке жұмсамай, көбейтіп отыру керек. Оның екі жолы бар: 1 – жолы банкіге депозитке салу, 2 – жолы бизнеспен айналысу. Депозитке салатын болса сұраққа жауап береді, бизнеспен айналысса екі тапсырманы орындайды.

Депозит: 15% және 20%

а) 15%

1. Сутекті бір стаканнан екінші стаканға қалай құюға болады?

2. Не себепті «сутек тиімді отын» ретінде бағаланады?

ә) 20%

1. Арнайы құрал Кипп аппаратының құрылысын және жұмыс істеуін айтыңыз?

2. Не себепті сутектің жылу өткізгіштігі жоғары екендігін түсіндіріңдер?

Бизнес:

1. Жемістер. Мұнда жемістер піскен жоқ, тамыр ғана шықты, енді қандай жемістер өсіп шығатынын табу керек. Сәйкестендіру тесті. Ақша 100% еселенеді.

2. Ұсақ тауарлар: Ақша 100% еселенеді.

Оқулықтан есептер шығарылады.

6. (89 – бет) Массасы 8 г мыс (ІІ) оксидін сутекпен тотықсыздандырғанда қанша г таза зат мыс, қанша г су түзілетінін есептеңдер.

8. (85 – бет). Массасы 4 г кальций сумен әрекеттескенде неше г сутек газы бөлінетінін есептеңдер.

3. Күнде пайдаланатын заттар. (формула не сөз құрастыру) Ақша 100% еселенеді.

а) Берілген формулалардан 10 оксидтің формуласын құрастыр.


Жауабы: CaO, CO2, SO2, Al2O3, Fe2O3, MgO, CO, NO, NO2, SO3


ә) Берілген әріптерден тақырыпқа сай сөз құрастыру.


Жауабы: сутек, Кавендиш, су, күн, космос, Кипп,

4. Валюта айырбастау. Ақша 100% еселенеді.

Әр оқушы, әр топ графикалық диктант жауап береді, жинаған пайызы теңге болып есептеледі.

Екі топқа да берілетін графикалық диктант бірдей, «Сутек» тобы сөйлем сутекке сәйкес келсе «+», қате болса «-» қояды, ал «Оттек» тобы тұжырым оттекке сәйкес келсе «+», болмаса «-» белгісін қояды.

1.Суда ериді

2. Суда нашар ериді,

3. Жеңіл газ

4.Ауыр газ.

5. Жанғыш.

6. Жануды қолдайды.

7. Кәдімгі жағдайда О2-мен әрекеттескенде қопарылыс береді.

8. Жай жанады.

9. ауаны ығыстырып жинайды.

10 суды ығыстырып жинайды.


Жауабы:

ІІІ. Капитал. Бизнестен тапқан топ ақшаны енді үлкен бизнеске салып көбейту керек. Шетелдік фирмада аударма жұмысын жүргізеді. Содан алған жауаптары құнды бола түседі.

  1. Аспен келеді, тамаққа дәм береді. (тұз – NaCl, натрий хлориді)

  2. Ауаның негізгі бөлігі (оттек – О, кислород, оксигенниум)

  3. Ең жеңіл газ (сутек, Н, гидрогенниум, водород)

  4. Өзі ауыр металға жатады, емшілер қорықтық құюға қолданады.(қорғасын-Pb,плюмбум, свенец)

  5. Сұйық метал (сынап – Hg, гидраргирум,ртуть)

  6. Аса бағалы металл (алтын-Аu, аурум, золото)

  7. Шіріген жұмыртқаның иісіндей иісі бар газ. (күкіртсутек – H2S, «аш-екі-эс»

  8. Сутек пен натрий әрекеттескенде не түзіледі? (натрий гидриді-NaH

V. Қорытынды.

Сабағымызды қорытындылау үшін барлық оқушылар бірлесіп, венн диаграмасын құрады.






VI. Бағалау: