Жауабы: Ұтыс жолы диоганаль бойымен H2SO4 -тен HCl – ға дейін.
Қышқыл сөзінің мағынасын қалай түсіненміз?
Сұрақ: Құрамы бойынша барлық заттарды қандай үлкен екі топқа бөлуге болады?
Жауап: Жай және күрделі болып бөлінеді.
Сұрақ: Қышқылдар құрамы бойынша қандай заттарға жатады екен?
Жауап: Қышқылдар күрделі заттар
Сұрақ: Күкірт қышқылының молекуласы қалай түзілген екен?
Жауап: Күкірт қышқылының молекуласы екі атом сутегі және қышқыл қалдығынан тұрады.
Сұрақ: Ал тұз қышқылының молекуласы қалай түзілген?
Жауап: Тұз қышқылының молекуласы бір атом сутегі және қышқыл қалдығынан тұрады
Сұрақ: Енді қандай заттар қышқылдар деп аталады екен, соған жауап беріп көрейік?
Жауап: Қышқылдар дегеніміз – құрамында бір немесе бірнеше сутегі атомдарынан және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар.
Технологиялық картаға қышқылдардың анықтамасын жаз.
Қышқылдарды қандай белгілеріне байланысты классификациялай аламыз?
Тапсырма № 2. Сіздердің технологиялық карталарыңызда екі қатарда формулалар тұр, әр қатардан тек қышқылдарды қалдырып, артығын сызып тастаңыз.
Сұрақ: Қандай заңдылық байқадыңыз? Қышқылдар қандай болады екен?
Жауап: Қышқылдар екі топқа бөлінеді, кейбір қышқылдар құрамында оттегі болса, ал кейбіреуінде оттексіз болады екен.
Мына белгіге байланысты классификациялаңыз:
Қышқылдар
оттекті оттексіз
________________________________ ___________________________________
Тапсырма № 3. Технологиялық карталарыңыздағы № 1 таблицада қышқылдан басқа заттарды сызып, оны үш топқа бөліңіз де технологиялық картаға жазыңыз.
Сұрақ: Қандай белгі пайдаландыңыз?
Жауап: Құрамында 1 атом сутегі болса 1 негізді, 2 – негізді, 3 – негізді болып бөлінеді.
1 топ 2 топ 3 топ
______________ ________________ ________________
______________ ________________ ________________
______________ ________________ ________________
______________ ________________ ________________
Тапсырма № 4. Технологиялық карталарыңызға берілген тапсырма бойынша қорытындылап жазыңыз.
Қорытынды нәтиже: Оттегі бойынша қышқылдар оттекті және оттексіз, сутегі атомдары бойынша бір негізді, екі негізді, үш негізді болып бөлінеді.
Сұрақ: Қышқылдар үшін қандай физикалық қасиет тән екен?
Қышқыл сөзіне біртүбірлі сөз табыңыз?
Жауап: Қышқылды, қышқылтым
Бұл топтың өзі ақ қышқылдардың бір физикалық қасиетін көрсетеді. Шынында да қышқылдардың қышқылтым дәмі болады, оны сіздер лимонның бір тілімін тілдеріңізге салғанда сезесіздер. Оның құрамында лимон қықылы болады. Бірақ қышқылдардың дәмін татып көруге болмайды, қышқылдар күйдіргіштік қасиетіне байланысты уланасыз немесе катты химиялық күйік аласыз.
Бұл қасиетті мысалы консервілеу кезінде қолданылады, консервілеу кезінде микроорганизм денелері қышқыл әсерінен өледі. Сондықтан да қышқылмен жұмыс істегенде өте абай болу керек, оның денеге, теріге және киімге тимеуін қадағалау керек.
Тапсырма № 5. Технологиялық карталарыңызға айтылған физикалық қасиетті жазып қойыңыз.
Сұрақ: Қай пробиркада қышқыл бар екендігін қалай анықтауға болады?
Жауап: Қышқылдарды индикаторлардың көмегімен анықтауға болады.
Индикаторлар дегеніміз – қышқыл ерітінділерінде түсін өзгертетін заттарды айтамыз.
Тапсырма № 6. Технологиялық карталарыңызға индикаторлар анықтамасын жазыңыз.
Үйге тапсырма: § 33, 5-7 жаттығулар
Бағалау.
Үй тапсырмасын сұрау.