Коучинг на тему Дарынды және талантты балалар

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: «Сыныптағыталанттыжәнедарындыоқушылардыанықтаудыңнегізгіжолдары» атты коучинг жоспары Коучингті өткізген: Акишева А.Х. Өткізгенуақыты 15.10.2015ж Сабақ тақырыбы: Сыныптағыталанттыжәнедарындыоқушылардыанықтаудың негізгі жолдары Жалпы мақсат: Таланттыжәнедарындыоқушыл...


«Сыныптағы талантты және дарынды оқушыларды анықтаудың негізгі жолдары» атты коучинг жоспары

Коучингті өткізген: Акишева А.Х.



Талантты және дарынды оқушылар жайлы заманауи түсінік беру. Сынып ішінен ерекше қасиетке ие оқушыларды анықтап, олармен жұмыс жүргізудің жолдары жайлы айту.

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 51-57-б

Үлестірмелі нұсқаулық

Оқу нәтижесі

Талантты және дарынды балалар жайындағы заманауи түсінікті кеңейту. Олардың қажеттілігін анықтауда жағдай туғызу керектігін түсінді.Фриманның 9 критерийін басшылыққа алады.

Түйінді идеялар:

Талантты және дарынды балалардың мінез – құлқының пайдалы тізімін жасап ұсындық. Видео ролик арқылы мұғалімдерге талантты және дарынды балаларды анықтауына ықпал етеміз.

Сабақта қолданылатын материалдар:

А- 4 парақтары,стикер, интерактивті тақта,флипчарт, маркер, қалам, критериалды бағалау парақтары, видео

Оқыту әдістері:

ОүБ және оқуды бағалау

АКТ

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

1. Диалог

2. Жеке жұмыс

3. Топтық жұмыс

Дерек көздері:

Әдеби материалдар, газет-журналдар, портал материалдары


Тапсырмалар:

Топтық тапсырмалар, постер қорғау, жеке жұмысқа тапсырмалар, стикер арқылы формативті бағалау, өзін-өзі және бірін-бірі бағалау, рефлексия

Оқуға арналған тапсырма:


Мұғалімге арналған нұсқаулық. 51-57-б



















Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс - әрекеті:


Сергіту сәті

(2 мин)

«Жүректен жүрекке»


Мұғалімдер бір-бірінің қолдарын ұстап тұрып, бүгінгі күндері сәтті өту үшін тілек арнайды. Біреуінің айтқанын, екіншісі қайталамауы керек.

Топтық жұмыс

(5 мин)



«Молекула» әдісімен бөлу.

«Молекула» әдісімен топтарға бөлінеді.

Сыни ойлауға арналған сұрақтар

1.Үйде бір қыз отыр. Егер Қыз тұрып кеткен жағдайда, сіз оның орнына отыра алмайсыз. Қыз қай жерде отыр? Ж: тізеде отыр. 2.Кенгуру жолбарыстан неге қорқпайды? Ж: Cебебі жолбарыс Австралияда өмір сүрмейді.
3.Сөмкенің ішінде 5 алма бар. 5 Бала алмаларды тең бөліп алды.Бірақ сөмкеде бір алма қалды. Не үшін? Ж:Біреу алманы сөмкесімен алды.
4.Ең кішкентай доп спорт ойындарының қай түрінде кездеседі? Ж: Үстел теннисі

(7 мин)

Мұғалімдерге талантты және дарынды балаларды анықтау үшін іс әрекет ұйымдастыру


«Қағазды умаждау»

А- 4 парағын оң қолға ұстап умаждайды, содан кейін сол қолымен оны ашып түзетеді. (Мақсатымыз: сол қолымен қағазды түзету қандай қиын болса, баланың бойындағы дарындылықты ашу сондай қиын екенін түсіну.)

«Мінсіз оқушы» сипаттамасын жазу.

Талантты және дарынды оқушының бойындағы қасиеттерін аша білу.

«Мінсіз оқушы» сипаттамасын топтастырып жазады.

(10 мин)

Талантты және дарынды балаларды анықтай отырып, олардың ұқсастықтарын, айырмашылықтарын білу






Видео ролик арқылы талантты және дарынды балалардың өнерін көрсетіп, мұғалімдерге бағыт–бағдар береміз.


Дарынды”, “талантты” ұғымдарына қандай түсінік бере аласыз?

«Венн диаграммасын құру» арқылы жүзеге асады.Әр топ өз пікірін дәлелдейді.









Видео ролик көріп, өз ойларын айтады. Флипчарт, маркер қолдану арқылы венн диаграммасын құру.







Сергіту сәті «Мінездер сыры»

(3 мин)


«Мінездер сыры»



Бір бет қағазды екі бүктеп бір бұрышын қию, осылайша қағазды бүктелгенше бір бұрышынан қиып отыру. Әр түрлі өрнектер пайды болады.


Топтық жұмыс

(20 мин)

Топ мүшелері талантты және дарынды балаларды анықтайды. «Ой шақыру» «Дарынды және талантты балалар мен жұмыс кезіндегі кедергінің шығу жолдары» Постер қорғау


Әр топ постерлерін қорғайды.

Ақпарлама

(5 мин)

Танымал тұлғалардың бойындағы таланттары мен дарындылықтары жайлы видеоролик көрсету.

Талантты және дарындылық жайлы дайындалған видеороликті көру, түсінік алып, өзара талдау.

Қорытындылау

(7 мин)



Дарынды және талантты балалар мен жұмыс кезінде кездесетін кедергілер.
Сіздің оқушыңызда «Жұлдыз ауруы»? басталса, кедергіні қалай жоясыз?
Сіздің дарынды немесе көшбасшы оқушыңыз мұғаліммен ерегісіп қалды делік, сіз бұл жағдаяттан қалай шығасыз?
Дарынды оқушыңыз облыс олимпиадасынан 1- орынға лайықты,бірақ бұл орынды басқа оқушыға бұйырды. Оқушының сіздің пәніңізге деген қызығушылығы жоғалып қалмау үшін сіз не істер едіңіз?

Жеке жауаптар тыңдалады.

Ақпарлама

(5 мин)

Талантты және дарынды балалар, оларды анықтау критерийлерін қысқаша айтып өту.

Таныстырылымды тыңдайды

Рефлексия

(3 мин )


Сауалнама жүргізу.

Сауалнаманы толтырады.

Кері байланыс

(3 мин )


«Хаттар ұяшығы»

Стикер қағаздар таратылады. Оған сабақтың әр бөлімінің ұнаған, ұнамаған тұстарын жазып, хаттар ұяшығына салу.

Тапсырманы орындайды.


Акишева Алия Хусайновна

Электронный адрес: [link]

Мобильный телефон: 87773173254