Химиялық элементтер, олардың атаулары, таңбалары. Металдар және бейметалдар туралы түсінік. № 1 (1.1) зертханалық жұмыс Заттардың физикалық қасиеттерін танып білу.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


8-класс

22.09.16

Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтер, олардың атаулары, таңбалары. Металдар және бейметалдар туралы түсінік. № 1 (1.1) зертханалық жұмыс Заттардың физикалық қасиеттерін танып білу. 

Сабақ мақсаты: Білімділік: Оқушыларға атом түріндегі химиялық элемент туралы алғашқы ұғымды түсіндіру. Дамытушылық: химиялық элементтердің таңбасын жазуды, салыстырмалы атомдық массаларын есептеуге және салыстыруды үйрету.Тәрбиелік: Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Құрал-жабдықтар: Тәжірибе үстелінде мынадай жай ( мыс,күкірт, фосфор, мырыш ) және күрделі заттар ( мыс оксиді, су, мыс купорасы), заттар малекуласының үлгілері, металдар жинақтамасы, химиялық элементтердің таралу диаграммасы қойылады.


Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: топпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: физика, биология


Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, сынып оқушыларын түгендеу. 1 мин 
Топтастыру. Химиялық элементтердің таңбалары бойынша Топтасады. 
1-топ: AI, Ba, K, Ca, Au, Pb 
2-топ: Mg, Mn, Zn, Cu, Fe, Hg 
3-топ: N, B, Br, J, C 
4-топ: Si, S, P, CI, F 1 2 мин 
Психологиялық ахуал.Оқушылар шаттық шеңберінде бір-біріне жақсы тілектер айтады. Бұл балалардың жақсы көңіл-күйде болып, сабақты жақсы меңгеруіне әсер етеді. 1 2 мин 

Үй тапсырмасын тексеру. Топтық жұмыс. Химиялық диктант. 
АКТ-ны қолдану. 1-топ: Атом дегеніміз - химиялық жолмен ____________ затттың ең ұсақ бөлшегі; 
Молекула дегеніміз - заттың қасиеттерін бойына ____________ оның ең ______ бөлшегі; 
2- топ: Барлық заттарды ____________ бөле беруге болмайды, оларды ________ мен _____________ дейін ғана бөлуге болады 
Атом-молекулалық ілім ___________ мен ____________ жайындағы білімнің жиынтығы. 
3-топ: Ол барлық _____________ ғылымдарына ортақ 
Бір элементтің ____________өзара бірдей , бірақ кез –келген басқа элементтің ______________ айырмашылығы болады 
4-топ: Атом – молекулалық ілім біздің дәуірімізге дейін ________________ еңбегінен басталады. 
Химиялық реакцияға кіріскен бастапқы атомдар ___________ және жаңадан пайда болмайды, тек қайта _____________ 5, 6 5 мин 

Жаңа материалды оқыту: Оқушылардың судың және көмір қышқыл газының модельдері арқылы олардың құрамын қайталап талдап, бүкіл заттардың құрамын модел арқылы көрсету қолайсыз екенін түсіндіреміз. Одан кейін химиялық символиканың шығуының қысқаша тарихымен таныстырып, 3-4 элементтің таңбасын жазамыз. Оқушыларға мынадай тапсырма береміз: оқулықта берілген 2- кестемен зейін қойып таныс. Дәптрге а) металдың ә) бейметалдың таңбасын жаз және атауға жаттық. Оқушыларға химиялық элемент атомдардың белгілі бір түрі екендігін атап етіп, қазіргі кезде109 атомның түрі немесе элементтің түрі бар дейміз.Оқушылар назарын химиялық элементтің атом түрі ретінде жай заттарды құрайтынын, сонымен бірге күрделі босқа элементтермен бірге күрделі заттың құрамына ене алатындығын көрсетеміз .

Химиялық элемент, жай зат және күрделі зат ұғымдарын ажырата білуі үшін оқушыларға мынадай жаттығу орындатамыз.

Төмендегі сөйлемдердің қайсысында темір және зат ретінде, ал қайсысында темір элемент ретінде күрделі зат құрамында айтылады: а) темір сульфиді - бұл темір мен күкірттен құралған химиялық қосылыс: ә) таттың құрамында темір болады:б) сым темірден жасалады:в) темір ылғал ауада таттанады:

Жаңа материалды бекіту:

1.Тапсырманы орында: Оқулықтан 12-жаттығуды орындау.

2.Химиялық элемент және жай зат деген ұғымдарды ажырата білу үшін төмендегі тапсырманы орындатамыз. Мына сөйлемдердің қайсысында мыс жай зат, қайсысында химиялық элемент ретінде айтылады:а) мыс купорасының құрамында мыс болады: ә)сым мыс тан жасалған: б) мыс оксидінің құрамында мыс болады:в) мыс электр тогын жақсы өткізеді.

3. Мына элементтерді ата:

1 нұсқа: H, ........... AІ................ Na, .................. N

2 нұсқа: S, ........... Zn,.............. O, .................. Mg

3 нұсқа: Ca, CІ, Fe, P

1.Магнийдің үш атомынан және азоттың екі атомынан тұратын қосылыстың формуласын жазыңыз. Осы қосылыстың салыстырмалық молекулалық массасын есептеп шығарыңыз.

2.Мына жазбадан нені көреміз: 5H2, 6С, 5S, P2O5, Cu, 2H2?

3.Бинарлы қосылыстың формуласын құрыңыз: темірдің екі атомына, оттегінің үш атомы сәйкес келеді.

4.Химиялық таңбаларды пайдаланып формулаларды жазыңыз: мыстың екі атомы; хлорсутектің үш молекуласы; судың бес молекуласы; азоттың екі атомынан тұратын бір молекуласы.


Үйге тапсырма беру. 1-10 жаттығу. .